Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3306 0 пікір 1 Ақпан, 2011 сағат 04:39

Вашингтон Назарбаевтың референдум өткізбеу туралы шешімін дұрыс деп есептейді

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ - Вашингтон Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттің өкілеттіктерін ұзарту бойынша референдум өткізбеу туралы шешімін оң бағалайды. Бұл туралы дүйсенбі күні брифингте АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Филип Кроули мәлім етті, делінген сыртқы саясат ведомствосының сайтындағы ақпаратта.

«Бізге Қазақстан үкіметінің ұлттық референдум өткізбеу туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бұл Қазақстанның дұрыс шешімі деп ойлаймыз», - деді Ф. Кроули, оның сөздері хабарламада келтірілген.

«Сайлаудың қашан өткізілетіні туралы шешімді Қазақстанның өзі қабылдайды», - деді ол.

Бұған дейін 26 қаңтарда өткен брифингте Ф. Кроули АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ҚР мемлекеттік хатшысы - СІМ басшысы Қанат Саудабаевпен келіссөз барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдум демократиядан ауытқу болады деген пікір білдіргенін айтқан болатын. Оның айтуынша, Х. Клинтон Қазақстан «демократияны, жақсы басқару мен адам құқықтарын ұстанатынын тағы бір қуаттауға тиіс» деген талап қойған.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды өткізбеу туралы шешім қабылдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Бұл туралы ол дүйсенбі күні қазақстандықтарға үндеу жасау барысында мәлімдеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313