Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3734 0 пікір 1 Ақпан, 2011 сағат 08:21

Мира Майшығұлова. Бауырым, сен неге балаңды орыс мектебіне бердің?

“Мен кезінде министр болғанмын. Қазір қарттар үйінің “тұтқынымын”. Неге? Менің қасіретім өзіме жасаған озбырлығымнан болды.Балала-рымды орыс бала-бақшасына, мектебіне бердім. Орысша тәрбиеледім. Қартайғанда олар мені тастап кетті. Әй, қазағым! Есіңде тұт, менің жолыммен жүрме! Балаларыңа қазақы тәрбие беруге тырыс. Сенің бақытың да, болашағың да осында!”Қарттар үйіндегі бұрынғы министрдің сөзіненРеспублика бойынша қазақ мектебі саны — 3828, орыс мектебі — 1573. Ал бірнеше тілде білім берілетін мектеп саны — 2164.Алматы қаласында таза қазақ мектеп саны 50 болса, таза орыс тіліндегі білім ошағы 76 екен. 52 аралас мектеп, 3 ұйғыр тілінде жалпы білім беретін білім ордасы да бар.Республика бойынша2 531 045 оқушы мектепте білім алып жатса, соның 1 823 042-сі қазақ ұлты. Ал орыс тілінде оқитын қазақ балаларының саны — 274 063. Қазақ тілінде оқып жатқан орыс ұлты — 2 969.(Республикалық статистика агенттігінің деректері бойынша)Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл өтсе де бодандық әбден санасына сіңіп қалған халқымыздың ішінде әлі күнге сол құлдық психологиядан арылмай жүргендер бар. Өз ана тіліне деген сүйіспеншілік балабақшадан, мектептен бастап қалыптасады. Яғни, балаңды орыс сыныбына берсең, ертең ол орысша ойлап, сол тілдің мүддесіне еріксіз қызмет ете бастайды. Біз бүгін балаларын орыс мектебіне апару үрдісі неге тоқталмай отыруының себеп-салдарына үңілуге тырыстық.

“Мен кезінде министр болғанмын. Қазір қарттар үйінің “тұтқынымын”. Неге? Менің қасіретім өзіме жасаған озбырлығымнан болды.Балала-рымды орыс бала-бақшасына, мектебіне бердім. Орысша тәрбиеледім. Қартайғанда олар мені тастап кетті. Әй, қазағым! Есіңде тұт, менің жолыммен жүрме! Балаларыңа қазақы тәрбие беруге тырыс. Сенің бақытың да, болашағың да осында!”Қарттар үйіндегі бұрынғы министрдің сөзіненРеспублика бойынша қазақ мектебі саны — 3828, орыс мектебі — 1573. Ал бірнеше тілде білім берілетін мектеп саны — 2164.Алматы қаласында таза қазақ мектеп саны 50 болса, таза орыс тіліндегі білім ошағы 76 екен. 52 аралас мектеп, 3 ұйғыр тілінде жалпы білім беретін білім ордасы да бар.Республика бойынша2 531 045 оқушы мектепте білім алып жатса, соның 1 823 042-сі қазақ ұлты. Ал орыс тілінде оқитын қазақ балаларының саны — 274 063. Қазақ тілінде оқып жатқан орыс ұлты — 2 969.(Республикалық статистика агенттігінің деректері бойынша)Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл өтсе де бодандық әбден санасына сіңіп қалған халқымыздың ішінде әлі күнге сол құлдық психологиядан арылмай жүргендер бар. Өз ана тіліне деген сүйіспеншілік балабақшадан, мектептен бастап қалыптасады. Яғни, балаңды орыс сыныбына берсең, ертең ол орысша ойлап, сол тілдің мүддесіне еріксіз қызмет ете бастайды. Біз бүгін балаларын орыс мектебіне апару үрдісі неге тоқталмай отыруының себеп-салдарына үңілуге тырыстық.

Қазақ мектебінің білімі төмен дегенге келіспеймін

Толғанай Оразалиева, №126 аралас лицей директо-рының оқу ісі жө-ніндегі орынбасары: — Біздің мектеп 1988 жылы ашылғаннан бері таза орыс тілінде білім беретін оқу орны болған. Кейін қазақ мектебіне деген сұраныс көбейген соң, аралас мектепке айналды. Уақыт өте келе қазақ сыныптарында балалардың саны көбейіп, орыс сыныптарында балалар саны азайғаннан кейін олар қыскарды. Қазіргі таңда 6-11 дейін ғана орыс сыныптары бар. Болашақта таза қазақ мектебіне айналамыз деп отырмыз. Бұрын жалпы білім беретін мектеп болсақ, биылғы оқу жылынан бастап лицей деген атқа ие болдық. Айта кететін жайт әлі де орыс сыныптарында қазақ балаларының саны баршылық.

Осы күні ата-ананың арасында «қазақ мектептерінің білімі төмен» деген қате пікір қайтадан калыптасқан. Өзімнің туыстарым, таныстарымның арасында да сондай пікірді естіп жүрмін. «Бастауыш қазақ сыныптарында сабақ дұрыс өт-пейді. Орыс мектептерінде тәртіп, жүйе, білім де бар», — дейді. Мен оған мүлде келіспеймін. Біздің менталитетіміз орысқа қарағанда басқаша болар. Қазақша бітірген балалар өте кішіпейіл, үлкенді сыйлайтын болып келеді. Еліміздегі жоғары оқу орындарынан қазақ мұғалімдері де бітіріп жатыр. Менің туған әкпем: «Баламды орыс сыныбына беремін. Орыс мектебін бітірген балалар өз ойларын ашық айта алады, мен қазақша оқығандықтан көп нәрсені айтуға жүрексініп, өспей қалдым», — дейді. Мен оған: «Қазақ мектебін бітірген балалар ізетшіл, үлкенді сыйлайтын, тәрбиесі мүлде басқаша болатындықтан, қартайғанда өзіңе жақсы болады, сені сыйлап, көмектеседі», — деймін.

Өзіңіз ойлап қараңызшы, Елбасы Н.Назарбаев та, Д.Қонаев та және т.б мықты азаматтарымыз қазақша оқыған. Ол адамның сана-сезімі, түйсігіне байланысты. Олар екі тілді де жақсы меңгерген. Кезіндегі С.Сейфуллин, А.Байтұрсыновтар да екі тілді жетік меңгеріп, екі тілде де сауатты жазған. Сондықтан да мұндай жаңсақ пікірге мүлде келіспеймін. Мен мұны намысы жоқтықтан, патриоттық сезімнің бол-мауынан деп ойлаймын. Кейбіреулер «қазақ мектебінде білім нашар» дейді. Біз, яғни оқу ісі бойынша меңгерушілер мұғалімдердің сабағына үнемі қатысып отыратындықтан, қазақ сыныптарында көптеген білікті де білімді мұғалімдердің бар екенін жақсы білеміз.

Ата-анаға насихат айту — біздің парызымыз

Союзхан Молдасанова, №16 аралас мектеп дирек-торының оқу ісі жө-ніндегі орынбасары: — Бізге «баламды міндетті түрде орыс сыныбына беремін, қазақ сыныбына бермеймін» деп келген ата-ана жоқ. Орыс сыныбында қазақ балаларының саны көп емес.

Тәуелсіздік алған жылдары мен бас-тауыш сыныпқа сабақ бердім. Сол кезде ата-аналардың балаларын қазақ сыныбына алып келгендерін көрдім. Өзге ұлттар да, соның ішінде орыстар да қазақшаға беріп жатты. Біздің мектепке Алтынгүл Зейноллақызы директор болып келген-нен бері 1-4-ке дейін қазақ бастауыш сыныптарын ашты.

Сол қазақ сыныбында оқып жүрген баласын шығарып, орысшаға берген ата-ана да жоқ.

Бізде биылғы оқу жылынан бастап қазақша мектеп алды даярлық, яғни ша-ғын орталық ашылды. Сонда қазақтар орыс балабақшасында тәрбиеленіп кел-ген балаларын бізге әкелді. Орыстіл-ді ата-аналардың баласының сабағына көмектесе алмайтынын біліп тұрса да «сәбиім ана тілін білсін» деген ниетпен қазақ сыныбына беріп жатқанын көргенде, риза боласың.

Мектепке жаз мезгілінде ата-аналар ба-лаларының құжаттарын өткізуге келеді. Біз оларға «Балаңызды қазақ бөліміне беріңіз. Сіз үйде шама-шарқыңызша үйретсеңіз, біздің мектептің жоғары санатты, білікті мұғалімдері оқытады. Балаңыз игеріп кетеді», — деп насихат айтамыз.

Ағарту саласына кездейсоқ келгендер бар

Сәуле Тәжіқұлова, №95 орыс мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбаса-ры: — Еліміздегі барлық мектептерде 1 сыныптан бастап қазақ тілі тереңдетіліп оқытылады. Қазақ әдебиетінің сұрақтары ҰБТ-да көп кездесетіндіктен, кейінгі жылдары қазақ әдебиетінің өзі бөлініп оқытылады деген мәселе мұғалімдердің ұсынысымен кө-терілуде. Біздің мектепте он шақты қазақ тілі маманы болса, оның тең жартысы жоғары санатты мамандар.

Біз ай сайын тест өткізіп, қазақ тілі мамандарының білім деңгейін, сабақ беру сапасын тексеріп отырамыз. Бірақ бұл, әрине, орыс сыныбын бітірген бала қазақ тілін жоғары деңгейде біліп шығады деген сөз емес.

Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтары тәуірлеу болғанмен, 5-тен 11-ге дейінгі қазақ тілі оқулықтарының сапасы нашарлау.

Мен бізге қазақ ұлт өкілдерінің балаларын орыс сыныбына әкелгенде, не себепті орыс сыныбына беріп жатқанын сұраймын. Сонда барлығы дерлік қазақ оқулықтары, мұғалімдерінің білім дең-гейі төмен екенін, сол себепті де орыс сыныбына беріп жатқандығын айтады. Расында да қазақ сыныптарында білім беру деңгейі төмен, ағарту саласына кездейсоқ келген ұстаздар көп кездеседі. Ал орыс мектебінде ондай үрдіс жоқ.

Ресейдің оқулықтарын аударғанымыз дұрыс емес

Татьяна Шумилова, № 95 орыс мектебінің директоры: — Мен Ұлттық тестілеу орта-лығының «Қазақстан тарихы» бойынша тест тапсырмаларының экс-перті, құрастырушысымын.

Біздің мектепте 31 ұлт өкілі білім алып жатыр. Яғни 827 оқушымыз болса, оның 236-сы қазақ, 373-і орыс. Қалғандары басқа ұлт өкілдері.

Енді білім беру сапасы оқулықтарға да тікелей байланысты. Қазақ мектеп-теріндегі оқулықтар көп сынға ұшырап жатады. Алайда кейінгі шығып жат-қан орыс сыныптарына арналған оқу-лықтардың сапасы да аса жақсы емес. Кезінде оқулықтарды тек ғалымдар ғана жазды. Әрине, оқулықтың өзін жазуға ғалым қатысуы міндетті. Алайда оқушылармен күнделікті қарым-қатынас жасап, бала психологиясын, мүмкіндігін жақсы меңгерген мектеп мұғалімдері де қатыспаса болмайды. Әсіресе, мұғалімге арналған әдістемелік көрнекі құралдар, оқушыларға арналған дидактикалық тапсырмаларды мұғалім жазу керек. Қазіргі таңда оқулық, көрнекі құралдарды жазуға мектеп мұғалімдері тартыла бастады. Сонымен қатар, бізде оқулық жазғанда, елдің менталитеті, салт-дәстүрі, ерекшелігі ескерілмейді. Қаншама жылдар Ресей елінің оқулықтарын аударып келдік. Әсіресе Қазақстан тарихы, тіл, Қазақстан гeографиясы, әдебиетін, яғни гуманитарлық пән оқулықтарын жазған-да менталитет ескерілу керек, ұлттық калоритке негізделуі тиіс.

Ресейдің оқулықтары таза орыс ұл-тының рухани дүниесіне негізделіп жа-зылған. Ол қазақ еліне жарамайды. Ал бізде солардан көшіріліп келді. Белгілі бір уақытқа дейін осы жағынан қиындық көрдік.

Қазіргі таңда оқулықты жазғанда, менталитетті ескере бастады. Осы күнгі оқулықтардың сапасы күннен-күнге жақсарып келеді.

9 орыс сыныбында бір ғана  орыс бала бар

Гүлжанат Омарова Ерғалиқызы, №24 аралас лицей дирек-торы: — Біздің мектепте орыс және қазақ сыныбына да 7 сыныптан бастап оқу-шылар байқау арқылы қабылданады. Бұл — физика-математика бағытындағы білім ордасы.

Егемендік алған алғашқы жылдары барлық қазақ баласын қазақ мектебіне бере бастады. Қазіргі таңда да орыстілді бауырларымыздың көбі балаларын қазақ балабақшасы мен мектебіне беруде.

Менің мектебімде қазақ бөліміндегі балалар саны орыс бөліміне қарағанда әлдеқайда көп. Енді ата-аналардан қазақ сыныбында оқитын баласын орыс бөліміне ауыстыру жөнінде бірде-бір өтініш түскен жоқ.

Жасыратыны жоқ, орыс сыныптарында қазақ балаларының саны да көп. Орыс ұлтынан мүлде аз.

Республикалық ғылыми жоба — олим-пиадаларда, халықаралық ғылыми жо-ба жарыстардан да қазақ сыныбының балалары жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Қысқаша тоқталып өтсем, осы үстіміздегі жылы қаңтардың 7-8-де қалалық ғылыми жоба жарысы өтті. Оған бізден 27 бала қатысса, оның 16-сы жүлделі орын алды. Сонын 12-сі қазақ сыныбының оқушылары. 2001 жылдың қазан айында Грекияда өткен халықаралық физика-математика бойынша пәндік олимпиадаға бізден 6 оқушы қатысса, барлығы да жүлделі орынға ие болып қайтты. Соның 5-уі қазақ сыныбында білім алып жатқан балалар. Соңғы бес жылда республикалық ғылыми жоба — олимпиадалардан біздің лицейден 17 бала жеңімпаз атанса, соның 12-сі қазақ сыныбының оқушылары. Ал халықаралық ғылыми жоба жарыстардан біздің білім ордасынан 21 оқушы жеңімпаз атанса, соның 16-сы қазақ сыныбының балалары. Айта берсек, қазақ сыныбында оқып жатқан балалардың білім деңгейінің жоғары екенін көрсететін деректер көп.

Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқытамыз

Анастасия Кирилова, жекеменшік орыс мектебінің Бас директоры:

— Бізде балабақшаның ашылғанына алты жыл болды. Сол балабақшадан бастап қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйретіп жатырмыз. Сондықтан біздің балалар қазақша тәп-тәуір сөйлейді. Бізде қазақ ұлтының балалары көп. Негізінен, орыс пен қазақ балаларының саны тең. Басқа ұлт өкілдері де бар.

Жекеменшік мектептің бір ерекшелі-гі, мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарына қойылатын талап- міндеттермен қатар балаларды оқыту бойынша қосымша бағдарламаларды кіргізе алады.

Мектеп оқушылары «Қазақстан та-рихын» қазақ тілінде және орыс тілінде бірдей өтеді. Енді тағы да кейбір пәндерді қазақ тілінде ендіруге тырысамыз.

Қазақстан тарихын қазақ тілінде берген дұрыс. Себебі, бұл — біз тұратын жердің, елдің ана тілі.

Әрбір қазақ патриот болсын

Алтынгүл Зейноллақызы, №16 мектеп директоры:

— Біздің мектеп алғаш рет 1936 жылы осы қазіргі білім ошағына көршілес жатқан шығармашылық үйінде ер балалар гимназиясы болып ашылған. 1975 жылы жаңа ғимарат салынып, осында жалпы білім беретін орыс мектебі болып қайта ашылды.

Шындығын айтқанда, отбасында қа-зақша сөйлесетіндер балаларын қазақ сыныбына береді. Ал, қалада туып-өскен, орысша тәрбиеленген ата-ана перзентін көбіне орыс сыныбына береді. Мен 2006 жылдың оқу жылынан бастап осы мектепті басқаруға келгелі бері біздің төңірегімізде тұратын қазақ ата-аналардан қазақ сыныбына деген сұраныс көп болды. Өзімде мектеп маңында орналасқан жатақханаларды аралап көріп, ондағы қарадомалақтардың көп екенін аңғардым. Ал жақын маңда қазақ мектебі жоқ.

Содан 1-4-ке дейін бастауыш қазақ сыныптарын ашып жібердім. Бұл бастаманы естіген орыс ата-аналар маған келіп, қарсылықтарын білдіріп жатты. Бірақ бәрібір де мен ештеңеге қарамастан қазақ балаларына арнап қазақ сыныптарын аштым. Балаларды оқытатын мұғалімдерді байқау жариялап, іріктеп алдым. Мен мұғалімнің білім беру деңгейі, оқыту бағыты, өтілімі жоғары білімді маман болуын талап еттім. Яғни, балаға қаншалықты білім, тәрбие бере алады? Соған қатаң назар аудардым. Өзім ана болғасын, ұстаздың ең алдымен ана болғанын қаладым. Себебі, ұстаздың балаға мейірімі дұрыс болу керек.

Қазақ сыныптарында бір ғана жас маман бар. Қалғандары көргені мен түйгені көп дәрежелі, байсалды, салиқалы үлкен кісілер. Енді өзім қазақ сыныбын мойныма жауапкершілік арта отырып ашқан соң, кадрдың білім деңгейінің жоғары болуына және қазақ сыныбында оқып жатқан оқушылардың орыс сыныбынан кем емес білім алуына мән бердім.

Менің бауырларым, таныстарым орыс-тілді болса да, балаларын маған қазақ сыныптарына беріп жатыр. Әрбір қазақ «мен ең алдымен өз елімнің перзентімін» деп есептеу керек. Қазақ ел боламын десе, бесігін түзеу керек.

Мен, мәселен, орыс тілінде оқысам да, үйде ата-анам, ата-әжем бізбен қазақша сөйлесетін. Әкем бізге «үйде қазақша сөйлеңдер» деп талап қоятын. Мен орысша сұрасам, тек қазақ тілінде жауап беретін.

Қол астымда еңбек етіп жатқан орыс ұлтының өкілдері қазақ тілін жақсы түсінеді. Олар тілге бейімделген. Орыс халқы ақырындап қазақша үйреніп жатыр деп айтуға болады.

Екі балам да орыс сыныбында оқиды

Гүлжамал Құрманбаева, №16 мектептің 4 қазақ сыныбының жетекшісі: — Бұл мектептің тарихында алғаш рет 2007 жылы қазақ сыныптары ашылды. Енді алғашқы қазақ сыныбын 1 сыныптан бастап 4 сыныпқа дейін оқытып келе жатырмын. Бұл балалар өте зерек, дарынды. Сонымен қатар, ұлдарымыз қалалық, облыстық спорт жарыстарынан алтын, қола медальдар алып, бізді қуантып жатса, ал қыз балаларымыз өнер байқауларынан жүлделі орындар алып жүр. Бір сөзбен айтқанда, жан-жақты дамып, өсіп келеді.

Мен осы мақаланы жазу бары-сында орыс мектебінде оқып жат-қан балалардың ата-анасының бірнешеуімен сөйлескен едім. Сонда кейбірі қазақ мектептерінің білім беру деңгейі орыс сыныптарына қарағанда төмен екенін, сол себепті баласының болашағын ойлағандықтан орыс сыныбына бергендерін айтса, ал бір ата-аналар баласын орыс мектебіне қазақ тіліндегі оқыту жүйесіне көңілі толмағандықтан емес, екі тілді де білсін деген ниетпен бергендерін айтып өтті.

Салтанат: — Балам жекеменшік орыс мектебінде оқиды. Өзіміз қазақ тілінде мектепті де, жоғары оқу орнын да бітірдік. Үйде балалармен қазақша сөйлесеміз. Ата-әжесімен ақылдасып, орыс тілін де жетік меңгерсін деген оймен орыс мектебіне бердік.

Жазира Доскеева: — Екі балам да орыс сыныбында оқиды. Бір балам зе-ректігіне байланысты 5 жасында бірінші сыныпқа барса, екінші балам 4 жасында мектепке даярлық бөліміне барып, қазір оқып жатыр. Енді біз баламызды орыс сыныбына қазақ тілін менсінбегендіктен әлде қазақ мектептерінде білім беру са-пасы нашар деп ойлағандықтан берген жоқпыз. Үйде тек қазақша сөйлесеміз. Тек орыс тілін де үйренсін деп бердік. Өзіміз қазақша оқыдық.

Ал аты-жөндерін мүлде айтқысы кел-меген үш баланың ата-анасы:

— Балаларымның барлығы да орыс мектебінде оқиды. Себебі қазақ сынып-тарының білім беру деңгейі төмен,—дейді.

Баламды қазақ тілін білсін деп бердім

Қазіргі уақытта қазақ сыныптарында оқып жатқан өзге ұлт өкілдері де бар екен. Яғни, ұйғыр, өзбек, түрік сияқты түркі тілдес, бауырлас елдерді айтпағанда, орыс, украин т.б. славян ұлттары да кездеседі. Әрине, олардың саны аса көп емес. Дегенмен де өзге ұлттың қазақ тілінің болашағын мойындап, баласының келешегін ойлап, қазақ мектептеріне беріп жатқаны көңілімізге демеу ұялатады. Ал балаларын өз ана тілін менсінбей, орыс сыныбына жетектеп апарып жүрген қазақ бауырларымыздың азаймай тұрғаны да өкінішті-ақ.

Екатерина Ахметиянова, ата-ана:

— Мен өзім украин ұлтының қызымын. Ал жарым қазақ ұлтының азаматы. Жолдасым орыс тілінде білім алғандық-тан, ана тілін аса жақсы білмейді. Біз қы-зымызды қазақ жерінде тұрып, еңбек етіп жатқандықтан «мемлекеттік тілді білсін, үйренсін, болашақта қажет болады» деген ниетпен таза қазақ мектебіне бердік. Себебі, біз осы тілдің Отанын-да өмір сүріп жатырмыз. Қызымыздың келешегін ойлағандықтан осылай шештік, — дейді.

P.S.

Дағыс-танның белгілі ақыны, авар тілінің жанашыры Расул Ғамзатов: «Кез келген халықтың өмірі — оның тілінде», — деген екен. Бұл сөздің мəнісі зор. Тілі жойылған елдің өзі де жоғалады. Жер бетінде осылай үстемдігі зор тілдердің қысымымен жұтылып кеткен тілдер көп. Кезінде қазақтың мақтанышы, ғұлама жазушысы М.Əуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деп бекер айтпаған болар. Ендеше, қазақ тілінің аясын кеңейтіп, дамытамыз десек, əрбір қазақ өз баласын ана тілінде оқытатын мектепке беруге міндетті. Тек сонда ғана ел болып қаламыз.

Мира Майшығұлова

http://kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=53648

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364