Қазыбек Иса. Заңсыз заң шығарған Парламент таратылуы тиіс!
Елбасының билігін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізуді қолдаушылардың тірлігі заңсыз болып табылды. Конституциялық кеңес осындай шешім шығарды. Заң шығарушы парламенттің заңы Атазаңға сәйкес келмейді. Онда ондай парламент өзін-өзі таратып жіберуі керек қой, титтей ұяттары болса... Ендеше осындай заңсыз реформа өткізудің негізгі саяси ұйымы «НұрОтан» партиясының саяси біліктілігі жөнінде де мәселе қойылуы керек секілді... Яғни, бұның бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың ұстанымына байланысты туындап отырған жайт екенін тырнақ астынан кір іздеушілерге ескерте кеткеніміз жөн. Өскеменге сонау Парижден айлық алып отырған жұмысын жиып қойып, ебіл-дебіл болып ұшып келген Олжас Сүлейменов бастаған «қайраткерлер», Мырзатай мырза бастаған «ақсақалдар» енді ел бетіне қалай қарайды? Не дегенмен де бұл жерде Елбасы екі жеп биге шықты... Жағымпаздар жарысы ешқандай жеңімпазсыз шаң қауып қалумен аяқталды... Саясаттағы аянышты жағдайды Елбасының өзі жұбатты-мерзімінен бұрын президент сайлауы болатын болды. Сайлау шамамен 1 мамырға дейін өтуі тиіс... Жалпы, бұл референдум науқаны кімнің кім екенін білу үшін жасалған ойын секілді және Елбасыға мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге жасалған жағдай екені белгілі болды.
Елбасының билігін 2020 жылға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізуді қолдаушылардың тірлігі заңсыз болып табылды. Конституциялық кеңес осындай шешім шығарды. Заң шығарушы парламенттің заңы Атазаңға сәйкес келмейді. Онда ондай парламент өзін-өзі таратып жіберуі керек қой, титтей ұяттары болса... Ендеше осындай заңсыз реформа өткізудің негізгі саяси ұйымы «НұрОтан» партиясының саяси біліктілігі жөнінде де мәселе қойылуы керек секілді... Яғни, бұның бәрі Елбасы Н.Назарбаевтың ұстанымына байланысты туындап отырған жайт екенін тырнақ астынан кір іздеушілерге ескерте кеткеніміз жөн. Өскеменге сонау Парижден айлық алып отырған жұмысын жиып қойып, ебіл-дебіл болып ұшып келген Олжас Сүлейменов бастаған «қайраткерлер», Мырзатай мырза бастаған «ақсақалдар» енді ел бетіне қалай қарайды? Не дегенмен де бұл жерде Елбасы екі жеп биге шықты... Жағымпаздар жарысы ешқандай жеңімпазсыз шаң қауып қалумен аяқталды... Саясаттағы аянышты жағдайды Елбасының өзі жұбатты-мерзімінен бұрын президент сайлауы болатын болды. Сайлау шамамен 1 мамырға дейін өтуі тиіс... Жалпы, бұл референдум науқаны кімнің кім екенін білу үшін жасалған ойын секілді және Елбасыға мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге жасалған жағдай екені белгілі болды. Президент сайлауы ешқашан өз мезгілінде өтіп көрмегенін, үнемі ерте өтіп келгенін ойласақ, ОБСЕ Саммитінің ойдағыдай өтуі мен ғажап ашылған Азиада алауының ел жалауын биікке көтеріп жіберуінің аясында рейтингтік шарықтауды босқа жіберіп алмау негізгі мақсат екені анық.
Референдум науқаны кімнің кім екенін анықтады деуімізге ең бірінші дәлел -5 сотық жерге жете алмай жүрген үйсіз-күйсіз қазақтар толып жатқанда Қарасай ауданынан 46 гектар шұрайлы жер алған кришнайттердің крышасы, қазаққа қарсы «Свобода слова» газетінің биліктің жобасы екені анықталғаны болды. XX ғасыр Гомері Жамбыл Жабааевты сыйлап өткен Хамит Ерғалиевтей тарлан ақынның қызы, Жамбылды жәй есек мінген ауылдың ауқат аңдыған өлермен өлеңшісі ретінде қаралаған, қаншама елді алдаған газеттің бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның өзі осы саяси науқаннан қаржы жасап қалушы, қаламгер емес, «қаржыгер» екені әшкере болды...Бұл газет пен оның редакторы туралы кезінде нағыз оппозициялық «Республика» газеті оның «жалған оппозициялық» басылым екенін анықтап жазып, оған «Жас қазақ үні» тазеті қолдау білдірген болатын... Онда кезінде қазір біздің заң орындары триллион теңгегедей елге шығын келтірген Мұқтар Әбляэовтан (сонда елдің құқық қорғау орындары қайда қараған, «Жас қазақ үні» газетін тексеруден басқа жұмысы жоқ па) Гүлжан Ерғалиеваның екі рет өте үлкен суммада қаржы алғанын, оған «Алға» партиясының төрағасы В.Козловтың өз қолымен апарып бергенін «Жас қазақ үні» газеті жазған еді... Кейін Мұқтар Әблиязовтың өзі шетел асып кеткен соң, оның соңынан қаралау материалдарын беру үшін қаншалықты бетсіз болуды ойлаудың өзі қорқынышты... Әрине, бұл жерде, Әблияэовтың ел қаржысын қымқырғаны анық болса, онда сөз басқа...Сонымен қатар айтарымыз, не айтса да дәл айтатын саясаттанушы-журналист Сергей Дуванов «Свобода слова» газетінің ешқашанда Елбасы мен оның туыстары жөнінде сын мақала жазбағанын... атап өтеді... Бұның өзі ойландыратын жәйт екені анық...
ОБСЕ-ге төраға болып, 56 елге көсемдік жасаған елдің президенті Н.Назарбаев ел атына сай демократиялық шешім жасады. Енді ел өзінің жалғыз басты таңдауы- сайлау құқын пайдаланатын болды. Ал біздің ел үшін бұның өзі үлкен жеңіс...
Ел тағдыры Ел мен Елбасының қолында....
«Жас қазақ үні» газеті