Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Бірлігіміз жарасқан 5754 39 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 10:41

Назарбаев: Құдайым осы күнімізден айырмағай!

Кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өткен жолғы АҚШ-қа сапары жайлы әм ол жерде Президент Трамппен не жайлы сөйлескені туралы айтып берді.

"Өздеріңіз білесіздер, мен Америкада іс-сапарда болып қайттым. Ол жерде Президент Дональд Трамп менен: "Сіздер қай елдермен дүрдазар болып отырсыздар?" деп сұрады. Мен оған Қазақстанның ешбір елмен араздығы жоқ ел екенін айттым. Сонда Трамп таңданған кейіппен: "Қараңыздар, Қазақстанның ешбір елмен араздығы жоқ екен, ал бізде ылғи бітпейтін дау-жанжал" деді. Құдайым осы күнімізден айырмағай!", деді Елбасы.

Айта кетейік, кеше Қазақстан халқы 1-мамыр бірлік күнін атап өтті. 1995 жыл­дың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас­самблеясы құрылды.

1 мамырдың мерекелену тарихына, оның мазмұны мен сипатына көз жүгіртсек, бұл күн - Тәуелсіз Қазақстанда 1996 жылдан бастап Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы бірлігі күні ретінде аталып өтіп келеді. Дегенмен, одан ілгерідегі кезеңде Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық мерекесі болған 1 мамыр Тәуелсіз Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем жаңа­ша мән-маңызға ие болғаны анық. Бұл күні ұлыстар мен ұлттардың бірлігі ұлықталып, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін жұмылған жұдырықтай тұтастыруға үндеп келеді. Сөйтіп мамыр мейрамы бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын та­уып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды.

Abai.kz

39 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1543
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6087