Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3066 0 пікір 2 Ақпан, 2011 сағат 08:30

Аягөз Дәкен. Ақ олимпиада беттерінен

Қазақстандық спортшылар коньки, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарытып жүлде алмағанымен, шаңғыға қатысы бар ойындардан көптеп медаль олжалауда. Кеше біздің хоккейшілер қытайларды 14-те 1 есебімен ойсырата ұтты. Шаңғымен тұғырдан секіруден Жібек Арапбаева күміс алқа тақты.  Түске дейін ұлттық құрама қоржыны тағы да үш алтынмен толықты.

Шаңғымен бағдарлау спортындағы бар алтын біздікі  деп басшылық бекер айтпапты. Михаил Сорокин мен Ольга Новикова 7-і Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары атанды. Бүгін олар орташа қашықтықта топ жарған еді.

Шаңғымен спорттық бағдарлау, әйелдер
І. Ольга Новикова (Қазақстан)
ІІ. Евгения Кузьмина (Қазақстан)
ІІІ. Лю Сиатинг (Қытай)

Шаңғымен спорттық бағдарлау, ерлер
І. Михаил Сорокин (Қазақстан)
ІІ.Виталий Лиличенко (Қазақстан)
ІІІ. Беейжан Кангорлы (Иран)

Биатлоннан Андрей Червякин  қос алтынның иегері!  Ол 12,5 шақырымға із кесу арқылы сайысқан спортшылар ішінен 35.42,8 уақыт көрсеткішінде мәреге жеткен болатын. Қазақ биатлоншысы Диас Кенешов бүгінгі бәсекені 6-ы орынмен аяқтады.

Биатлон, ерлер, із кесу
І. Андрей Червякин  Қазақстан
ІІ. Ж. Нагай Жапония
ІІІ.  Рен Лонг Қытай

К-125 тұғырынан секірудегі командалық жарыста Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар күміс жүлдемен қанжығасын майлады. Сары құрлықта спорттың бұл түрінен жапондар жүлде бермейтіні белгілі еді. Олар командалық сында топ жарса, Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларынан 43 ұпай кем жинады. Қайрат Биекенов жаттықтыратын біздің «ұшқыштар» арасында жас талант Евгений Левкиннің  өнеріне тәнті болмаған жан жоқ. 18 жастағы спортшының  бүгінгі бағындырған биігі болашақта талай топ жаратынынан хабардар етті жанкүйерді. Радик Жапаров, Николай Карпенко және Алексей Королевтар жоспарды орындады деуге негіз бар.

Шаңғымен К-125 тұғырынан секіру, командалық сын:
І. Жапония
ІІ. Қазақстан 
ІІІ. Корея

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371