Сансызбай Нұрбаба. Үрейлі үкімет азық-түлік бағасын бағындыра алмайды
Әйтеміз-бүйтеміз деген әңгіме айтқанға ғана жақсы. Мысалы, желтоқсан тамамдалып, қоян жылының жоны көрінгенде-ақ үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «2011-ші жылдың басымдығы: біздің барлығымыз қатаң бақылауда ұстауымыз керек нәрселер - инфляция мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі болады», - деген-ді. Тыңдаған жұртты «е, бәсе» дегізердей әдемі сөз. Бірақ реттелген не бар? Түк те жоқ. Азық-түлік бағасы қымбаттаған үстіне қымбаттап жатыр. Тіпті қымбатшылық дейтін дөкейіңіз сөзге ұтқыр болғанмен, іске шорқақ үкіметті шалқасынан түсіріп, кеудесіне мініп алғандай әсер қалдырады.
Сыртқы
саудаға сын көп
Сол жиында премьер-ми¬нистр азық-түлік бағасы бүгінгі күні бүкіл әлемдегі нөмірі бірінші мәселе дегенді де жұрт жадына салып қойған. Әрине, мұны Кәрім Мәсімов аспаннан алды дей алмаймыз. Бірінші кезекте ол «қымбатшылық Қазақстанға ғана қатысты емес, бүткіл дүние жүзі» осы мәселемен арпалысып жатыр» дегенді айтып, үрей билеген өз үкіметін ақтап қалудың амалын жасаған еді.
Әйтеміз-бүйтеміз деген әңгіме айтқанға ғана жақсы. Мысалы, желтоқсан тамамдалып, қоян жылының жоны көрінгенде-ақ үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «2011-ші жылдың басымдығы: біздің барлығымыз қатаң бақылауда ұстауымыз керек нәрселер - инфляция мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі болады», - деген-ді. Тыңдаған жұртты «е, бәсе» дегізердей әдемі сөз. Бірақ реттелген не бар? Түк те жоқ. Азық-түлік бағасы қымбаттаған үстіне қымбаттап жатыр. Тіпті қымбатшылық дейтін дөкейіңіз сөзге ұтқыр болғанмен, іске шорқақ үкіметті шалқасынан түсіріп, кеудесіне мініп алғандай әсер қалдырады.
Сыртқы
саудаға сын көп
Сол жиында премьер-ми¬нистр азық-түлік бағасы бүгінгі күні бүкіл әлемдегі нөмірі бірінші мәселе дегенді де жұрт жадына салып қойған. Әрине, мұны Кәрім Мәсімов аспаннан алды дей алмаймыз. Бірінші кезекте ол «қымбатшылық Қазақстанға ғана қатысты емес, бүткіл дүние жүзі» осы мәселемен арпалысып жатыр» дегенді айтып, үрей билеген өз үкіметін ақтап қалудың амалын жасаған еді.
Халықтың қарнын тойдыру барша шаруаның алдына шыққаны да рас. Егер ең қажетті деген азық-түлік өнімдерін алдағы уақытта барынша арттырмаса, адамзаттың ахуалы қазіргіден де төмендейді дейтін мәліметті басқа емес, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы таратып отыр. Оларға сенсек, 2011 жылы ең кедей елдерде азық-түлік 11 пайыз, азық-түлікке зәрулігі жоғары елдерде 20 пайыз қымбаттайды. Жылдың соңына қарай дүниежүзі бойынша дәнді дақылдар қоры 7 пайыз, оның ішінде арпа 35 пайыз, жүгері 12 пайыз, астық 10 пайыз азаяды.
• Алайда Мәсімовтің айласында астар бар. Айталық, азық-түлік қымбаттаса, кімдер жапа шегеді? Әрине, өздері ештеме өндірмейтін импортқа тәуелді елдер алдымен жұтайды. Керісінше, аграрлы мемлекеттер пайда табуға тиіс. Сонда Қазақстан бұл тараптың қайсысына жатады? Әрине, екіншісіне. Ендеше, әлемдегі азық-түліктің тапшылығынан біздің үкімет неге қорқуы керек?
Расын айтқанда, Қазақстан¬ның аграрлық саладағы сыртқы саясаты тым әлсіз. Бұған бір мысал келтірейік. 2009 жылы премьердің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев бастаған қазақстандық делегация Қытайға сапар шеккен. Қорытындысында Ө. Шүкеев пен ҚХР-дың Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Ван Ци Щань қол алысып, шешім қабылдады. Не туралы?
Қытайға және Қытай арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне 3 млн тонна астық шығару жөнінде. Оның қорытындысы туралы ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев: «Оң¬түстік Корея, Филиппин, Жапония елдері біздің бидайға қызығып отыр. Өйткені бізде сапалы. Бәсекеге қабілетті. Жаңа Қытай жағы бұл мәселені қолдап, транзит жөнінде тиісті ведомстваға тапсырмалар берді», - деген болатын. Енді осы келісімнің аяғы не болды? Екі де бір болды. Келісімнің құжат-қағаздары астық сатпақ түгілі, ошаққа тамыздық болуға татымай қалды. Күні кеше Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы төрағасының орынбасары Бейбітхан Қабдрах¬ма¬нов: «2009 жылдан бері біз асты¬ғымызды Қытай бағытында және Қытай аумағы арқылы экспорттауға тырыстық. Бүгінге ол әрекетімізден түк шықпады. Қытайлық тарап астық экспортына қатаң талап қойып отыр. Біз астықты қаптап, контейнерге салып, одан соң астықты тасымалдаушыға тиеуіміз керек. Оның үстіне, біздегі доңғалақ жұптарының өлшемдері әртүрлі. Бір жағынан, Қытайдың тамаша астық өндіруші екені де қиындық туғызуда», - деп қарап отыр.
Мұны қалай түсінуге болады? Бұл дегеніңіз - Қытай үшін екіжақты келісімнің құны көк тиын деген сөз. Әйтпесе бір жарым миллиард халықты асырап отырған Қытайға 3 млн тонна бидай дегеніңіз не тұрады, тәйірі. Өзі тұтынбағанның өзінде, өткел қызметін атқарса, одан пайда таппаса, залал шекпес еді ғой.
Ал енді қараңызшы, мұнай мен газ кеніштерінің ең майлы бөліктерін Қытайға ұстатып қойған Қазақстан осындай талаптарды оларға неге қарсы қоя алмайды? Мәселен, кенді игер, бірақ жұмысшыларды тек Қазақстаннан аласың, оларға бәлен ақша төлейсің, экологиялық ахуалға зиян келтірсең, келісім күшін жояды деген тәрізді. Бірақ біздің Үкімет өйтпейді. Ендеше, сыртқы саясат әлсіз демегенде, не дейміз. Ал Қытайдың астық саудасына қатысты бұлт етпе мінезін түйсіну аса қиын емес тәрізді. Бұл, сірә, Қазақстанның Кедендік одаққа кіріп, Ресейдің қолтығына бас сұққанына Қытайдың қитыққаны болса керек.
Ресейге не деп ренжисің?
Күні кеше теледидардан бір көкеміз Кедендік одақтың елімізге әкелер пайдасы туралы бөсіп отыр. Оған салсақ, Кеден¬дік одақ өзгеден бұрын Қазақстанға көл-көсір табыс әкеледі екен. Демек, бірлесу - біздің биліктің көреген саясатының жемісі-міс. Қалайша дейсіз ғой, мысалы, Қытай мен Қырғызстанның тауарлары біздің елімізбен салыстырғанда, анағұрлым арзан. Сондықтан олармен бірлескен жағдайда Қазақстан ұтылар еді. Ал Ресей мен Беларусьта баға біздегіден әлдеқайда қымбат. Сондықтан бұл жайттың өзі кәсіпорындарымыздың жұмысына жан кіргізіп, өндіріс кө-лемін арттыратын көрінеді. Яғни сұраныс көбейеді де, тіршілік қыз-қыз қайнайды. Ендеше, қайда сол қайнап жатқан кәсіпорындар? Жоқ.
Естеріңізде болса, өткен жылы жанармай бағасы шарықтап шыға келген. Бұған әркім әр¬түрлі долбар жасады. Ал «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин сонда қымбатшылықтың қайдан келіп жатқанын түсіндіріп берген.
«Кедендік одақ құрылғаннан кейін, баға теңесуге тиіс. Мүмкін, Ресейде, жақында премьер-министр Владимир Путин айтпақшы, жанар-жағармай бағасы төмендейтін шығар. Бәлкім, бізде сәл көтерілетін шығар. Әйтеуір ерте ме, кеш пе, бәрібір бір бағаға тоқтайтынымыз анық», - деген еді ол.
Бірақ Ресейде бағаның «тоқтайтын» түрі жоқ. Қаңтардың өзінде жанар-жағармай құны 2% қымбаттап, 23 рубль 36 копеекті құрады. Енді бізде де баға көтеріледі деген ақпар бар. Ал жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайтыны белгілі. Ал баға неге теңесуі керек? Өйткені Қазақстанда баға арзан болса, алым-салықтан жұрдай Кедендік одақтың кесірінен Ресейге тасымалдана бастайды. Енді осы түйткіл тек жанармайға ғана қатысты ма? Жоқ, азық-түлікке де қатысты.
Мәселен, өткен жылы Батыс Қазақстан облысы 25,6 млрд теңгенің азық-түлік өнімдерін өндіріпті. Бұл, 2009 жылмен салыстырғанда, өнімді¬лік деңгейі 14,4 % артқанын көрсетеді. Таратып айтсақ, күнбағыс майын өндіру - 9,2, сары май - 1,5, қалбырға салынған ет - 1,6, шұжық - 1,5, ірім-шік пен сүзбе - 1,3, қал¬быр¬лан¬ған балық - 6,9, макарон өнімі - 15,5, сүт - 10,5, жаңа пісірілген нан - 10,8, ұн өндіру 5,9 пайыз көбейген.
• Міне, сөйткен Орал өңірі де қымбатшылықтың құрсау¬ынан тыс қала алмады. Жуырда нан бағасы 55-60 теңгеге көтерілді. Картоптың 130 теңгеден кемі жоқ. Неге бұлай? Өйткені Ресеймен шектесетін облыстардың бәріндегі азық-түлік өнімдері шекара асып жатыр. Бірақ бұл туралы ешкім тіс жарып ештеме айтпайды. Тіпті азық-түлік бағасы неге аспандады деген сауалға жауап іздеген сарапшылар да бұл жайлы бірдеме деуден аулақ.
Ал Қазақстан Үкіметінің тағамдардың бағасын тұрақтандыру мақсатындағы іс-шараларынан да жүйелі жұмысты көре алмайсыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алға қойған басты міндеті - 2015 жылға қарай Ресейге өткізетін 60 мың тонна еттің шаруасын қаужау. «Міне, біз бүйтіп жатырмыз» дегендері де осы әңгіменің төңірегінен аспайды.
Шындығына келсек, Ресейге ет өткізгеннен гөрі, Ресей арқы¬лы астық тасымалдаған жөн еді. Бұрын ғой, екі басқа ел болдық. Ол тұста Ресей өз бидайы өтіп болғанша, Қара теңіз¬ден қазақ бидайына өткел бермейтін. Енді одақтаспыз.
Оның үстіне, өткен жылы көрші¬міз құрғақшылыққа оңбай ұрынып, егістігінің жартысынан айырылып қалды. Олай бол¬са, қазақ бидайының Қара теңіз арқылы зырқырайтын кезеңі, міне, осы емес пе еді.
Өкінішке қарай, одақтас болған соң, астық сатудан қиналмаймыз дейтін пікір әншейінгі көп есекдәменің бірі болып қалатын сыңайлы. Өткен жыл-дың соңында Ресей «құрамынан кекіре арамшөбінің тұқымы табылды» деген желеумен 19 вагон қазақ астығын кері қайтарып жіберді. Және мұны дүйім елге естіртіп тұрып айтты.
• Сонда бұл не дегені? «Көрдіңдер ме, қазақтардың астығы сапасыз» деген сөз - бұл. Одақтас, ниеттес ел осындай сөз айта ма? Бұл нені білдіреді? Ресейдің әлі де баяғы әлсізді тізеге салғысы кеп тұратын алкеуде мінезінен арылмағанын білдіреді. Соны көріп-біліп тұрып, Кедендік одаққа кіргеннен кейін, Ресейге ренжудің не жөні бар?
Ішкі саясат та іріп тұр
Жасыратыны жоқ, билік тарапынан қымбатшылыққа қарсы нақты бір шара қолға алынды. Жаңа жылдан бастап, үкімет зейнеткерлердің зейнетақы мөлшеріне 30 пайыздық үстеме қосып қойды. 2011 жылдың 1 шілдесінде бюджеттік сала қызметкерлерінің жала¬қысы да 30 пайызға көбейеді деп күтілуде.
Бірақ осы көмек қымбатшылықтың қиындығынан халық¬ты құтқара ала ма? Құтқара алмайды! Ол үшін баға көтерілген сайын зейнетақы мен жалақы қоса көтерілуі керек. Оған үкіметтің дәрмені жетпейді. Ендеше, бұл шара да - «бүйтіп жатырмыз» деуге ғана татитын тірлік.
Бір кездері «Азық-түлік белдеуі» дейтін бағдарлама түзіліп, әкімдіктер бел шеше кіріскен. Мақсаты - өндіруші мен тұтынушыны тікелей кездестіріп, ортадан тиын тапқыш делдалдарды нарықтан ығыстырып тастау. Бағдарлама әлі де жалғасып жатыр. Нәтиже қандай? Жәрмеңкеден бірер келілеп пияз бен картоп, ет пен май алып жатқан орыстың кәрі-құртаң кемпір-шалдарын ғана көресің. Неліктен жәрмеңкені қаланың қалың жұрты басып қалмайды? Өйткені бағаның төмендігі шамалы ғана. Өзі өсірген дүниесін шаруалар да жолын тауып қымбат бағаға сатқысы келеді. Жәрмеңкедегі жайманың жұтаңдығы осыдан.
Және бағдарлама жөні түзу жүйеден де жұрдай. Айталық, жәрмеңкедегі ет бағасы 800 теңгеден сатылуы керек деп қояйық. Тегін орында тұрғаннан кейін өндірушінің бұл бағаны көтеруге құқы жоқ. Мәселен, Алматыға келген шаруашылық өкілдері түгел облыс аймағынан жиылады.
• Сонда қаланың іргесіндегі Талғар ауданының шаруасы мен сонау қияндағы Сарқанд ауданының шаруасы әкелген еттерін 800 теңгеден, яғни бір бағада сатуға тиіс. Осы дұрыс па? Әрине, дұрыс емес. Бұл мәселе - аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының алдынан жиі шыға беретін түйткіл. Бірақ олар мұны ашып айтпайды, айтса, үкіметтің саясатына қарсы кеп қаламыз деп қорқады.
Есесіне алыс аудандардағы ауыл шаруашылығы басқармалары «әке-көкелеп», шаруаларға жалынып жүргені. Ендеше, мұндай жұмыстан жеміс күте аласыз ба?
Бізде азық-түліктің қорын түзетін жөні түзу жоба жоқ. Әр аймақтағы халықтың санына орай, жаз шығып, жаңа өнім ауызға тигенше, қанша көкөніс, қанша жеміс, қанша май, қанша ет керек дейтін есеп-қисап жүргізілмейді. Сол көп керекті аймақтың өзінде сақтайтын қоймалар да салынбаған. Ең сорақысы, ұланғайыр жерге ие болып отырған Қазақстан билігі қазір 16 млн халықты асырай алмай, арқасына ертоқым батқан жауыр аттай қайқаңдап тұр.
Сансызбай НҰРБАБА,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 04 (87) от 02 февраля 2011 г.