Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1772 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 08:58

Өзбекстан басшылығы Қырғызстанмен шекарадағы тұрғындарды көшіре бастады

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Өзбекстан басшылығы Қырғызстанмен шекараға өте жақын орналасқан үйлерде тұрып жатқан өз азаматтарын көшіре бастады, деп хабарлайды «Ферғана.ру».

Еске сала кетейік, жақында Өзбекстан бір жақты түрде Қырғызстанмен шекаралас жатқан Әндіжан облысының сыртынан тереңдігі және ені үш метр болатын ор қаза бастады. Ал Ферғана облысының Риштан ауданында Қырғызстанмен шекараның бойына биіктігі жеті метрлік бетон дуалдар орнатылып жатыр. Қырғызстан шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Қырғызстанның Созақ, Ақсый және Нооқат аудандарымен шекараласатын аумақтарда, тіпті бейтарап бөліктерде де ор қазылып жатыр. Ал мұндай әрекеттер өзара уағдаластықтарды бұзу болып табылады. Оларға сәйкес, екі елдің парламенттері мемлекеттік шекараның сызығын ақырына дейін анықтап, ратификациялағанша,  құрылыс және қоршау құрылыстарын орнатуға тыйым салынады.

«Ферғана.ру» дерек көздерінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның оңтүстігінде қырғыз -өзбек шекарасы мүлдем жабық. Өзбекстан азаматтары өз елдеріне Қырғызстаннан орала алады, бірақ көрші елдің аумағына ешкім шыға алмайды. Өз кезегінде қырғызстандық шекарашылар Қырғызстанға Өзбекстаннан қайтып келе жатқан өз азаматтарын ғана өткізіп жатыр.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, өзбек телеарналарында Өзбекстан аумағында Қара-Суу қаласының қырғыз бөлігінде орналасқан Ферғана алқабының өзбек бөлігін де қытайлық тауарлармен қамтамасыз етіп отырған  Орталық Азиядағы ірі киім базарын салу тақырыбы талқылана бастады. Қырғызстан қытайлық тауарлардың реэкспортынан айтарлықтай пайда тауып отыр.

Шекара жабылған соң қырғыз базарларында Өзбекстаннан әкелінетін жеміс-көкөністердің бағасы қымбаттап кетті. Алайда уақыт өте келе контрабандашылар көрші елден жеміс-көкөністі мемлекеттік шекарадағы ресми емес өткелдер арқылы жеткізуді жолға қойды.

7 маусымда осындай кәсіпкерлердің бірі – өзбекстандық құлпынай сатумен айналысқан Қырғызстан азаматы, Қара-Суу қаласының 29 жастағы тұрғыны Улұқбек Жороканов өзбек шекарашыларының қаруынан қаза тапты. Оның денесі әлі күнге дейін туыстарына берілмей отыр. Өзбек жағы оның денесін беру туралы келіссөздерден бас тарты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584