Солдатское шатқалында күн райы күрт жылып, қар еріп кетуінен, шаңғышылардың жаттығуы кейінге қалдырылды; әйелдер арасындағы биатлон жарысының өтуі неғайбыл
Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ - Шаңғы-биатлон кешені орналасқан Солдатское шатқалында күн райы күрт жылып, қар еріп кетуінен 7-ші қысқы Азия ойындарының аясындағы шаңғышылардың ресми жаттығулары кейінге қалдырылды. Қазір ұйымдастырушылар әйелдер арасындағы биатлон жарысын өткізу мәселесін шешіп жатыр, деп Ойын дирекциясы бейсенбі күні хабарлады.
«Алматы облысының Солдатское шатқалында 3-ші ақпанда таң ертең жауын жауды. Таңғы 10-да биатлон стадионында ертеңге 20 км жарысқа ерлер арасындағы жаттығулар басталуы керек болатын. Трасса дайын емес - қар еріп кетті, жасанды қармен трассаны жабу ұйымдастырушылардың қолынан келмейді», - делінген Ойынды ұйымдастырушылар хабарында.
Трассаға жауап беруші мамандардың айтуынша, жасанды қарды кем дегенде минус 3 градуста жасауға болады. «Ал қазір сыртта плюс 6 градус. Волонтерлер қары қалыңдау учаскелерден қар тасып жатыр. Ерлер жаттығуларын алып тастадық. Қазір әйелдер арасындағы биатлон жарысының мәселесі шешіліп жатыр».
«Егер тарссаның тым болмаса аздаған учаскесін «атқылай» алсақ (қар зеңбіректермен - ҚазТАГ), онда ара қашықтық пен айналмалар қысқартылып, бірақ жарыс бәрібір өткен болар еді. Егер түскен дейін мәселе шешілмесе, жарыстар ертеңге қалдырылады», - деп ұйымдастырушылар жағдайға түсініктеме берді.

Ойындарды өткізу кестесіне сай, бейсенбі күні 13:30-да 15 шақырымға әйелдер жарысы басталуы тиіс. Медальдарға негізгі үміткерлер қазақстандық Марина Лебедева мен Елена Хрусталева, жапондық Судзуки Фуоко (Suzuki Fyoko) мен биатлон спортынан қазіргі Азиада чемпионы Ван Чуньли (Wang Chunli) болады деп күтілуде.