Ақтөбе облысында жабайы доңыздарды атқан жергілікті 2 тұрғын ұсталды
Ақтөбе. 3 ақпан. ҚазТАГ -Ақтөбе облысында 12 жабайы доңызды атып алған жергілікті 2 тұрғын ұсталды.
«Белгісіз біреулердің жергілікті тамақтану орындарына жабайы доңыздың етін сатып жүргені туралы оперативті ақпарат түсті», - деп хабарлайды Шалқар АІІБ.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шалқарда тіркемесі бар УАЗ көлігі тоқтатылды.
«Көлікті Шалқар ауданы Байқадам елді мекенінің 43 жастағы тұрғыны басқарған. Автокөлікті тексеру барысында тіркемеден жабайы доңыздың 12 тушасы табылды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.
«Жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы доңыздарды сату мақсатымен Байқадам елді мекенінен 20 шақырым қашықтықтағы Баян деген жерде атып алғандарын айтқан», - деді А. Иманғалиев.
Браконьерлердің мемлекетке келтірген шығыны Т3,3 млн-ға бағаланып отыр. ҚР ҚК 288 бабы «заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, қылмыс қаруы - 16-шы калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.
«Заңсыз аңшылық» бабының санкциясы мүлікті тәркілеумен 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.