Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4654 0 пікір 3 Ақпан, 2011 сағат 23:58

Роза Әлқожа: «Бәйгеге өзімді емес, әндерімді баптап жүрмін»

- Роза, жол жүріп бара жатқаныңызға қарамастан, редакциямызға уақыт тауып кел­геніңізге рахмет. Жалпы, сапарға шық­­­қанды жақсы көресіз бе?
-Жол жүрмесем, ауырып қалатын сияқтымын. Өйткені жол шығар­ма­шы­лығыңа көз жіберіп, өзіңе-өзің үңілуге, ойлануға жағдай жасайды. Сондықтан ұшақ пен автокөліктен гөрі, пойызбен ел аралағанды дұрыс көремін. Сұлу та­биғатты, шексіз даланы армансыз та­машалап, бір рақаттанып ораласың. Ән­дерімнің басым бөлігі пойызда, жол үс­тін­де туады десем болады.
- Пойыздың титтей терезесінен сырт­қа қарап отырып, не ойлайсыз?
- Шыны керек, қазан-ошақтың ба­сын­да шығармашылықты ойлауға мүм­кіндік бола бермейді. Нәзік жан­дылар мұны мойындайтыны сөзсіз. Үй­де отыра берсең, қарайып қаласың. Ар­тық дүниеге «бас қатыруға» мұршаң ке­ле бермейді. Ал пойызға отырсаң, Отар­дан асқаннан кейін өз-өзіңе келіп, өт­кен-кеткеніңе көз жіберіп, бүгінгіңді са­ралап, таразылай бастайсың. Ай­налаңдағы адамдармен тілдесесің. Көп жағдайда болашаққа жоспар құрамын. Тәтті қиялдың құшағына еніп кететін сәттерім де болады. Пайғамбарымыз өз ха­дисінде «Сапарға шықсаңдар, несі­бе­лерің артады» дейді. Сондықтан сапарға шыққанда үлкен қуанышпен шығамын. Үйден ұзаған сайын, әсіресе, ұзақ уа­қытқа кеткен кездерде отбасыңның, тұрып жатқан мекенің - Алматының қа­дірін екі есе түсініп қайтасың.
- Болашаққа қандай жоспар құра­сыз?

- Роза, жол жүріп бара жатқаныңызға қарамастан, редакциямызға уақыт тауып кел­геніңізге рахмет. Жалпы, сапарға шық­­­қанды жақсы көресіз бе?
-Жол жүрмесем, ауырып қалатын сияқтымын. Өйткені жол шығар­ма­шы­лығыңа көз жіберіп, өзіңе-өзің үңілуге, ойлануға жағдай жасайды. Сондықтан ұшақ пен автокөліктен гөрі, пойызбен ел аралағанды дұрыс көремін. Сұлу та­биғатты, шексіз даланы армансыз та­машалап, бір рақаттанып ораласың. Ән­дерімнің басым бөлігі пойызда, жол үс­тін­де туады десем болады.
- Пойыздың титтей терезесінен сырт­қа қарап отырып, не ойлайсыз?
- Шыны керек, қазан-ошақтың ба­сын­да шығармашылықты ойлауға мүм­кіндік бола бермейді. Нәзік жан­дылар мұны мойындайтыны сөзсіз. Үй­де отыра берсең, қарайып қаласың. Ар­тық дүниеге «бас қатыруға» мұршаң ке­ле бермейді. Ал пойызға отырсаң, Отар­дан асқаннан кейін өз-өзіңе келіп, өт­кен-кеткеніңе көз жіберіп, бүгінгіңді са­ралап, таразылай бастайсың. Ай­налаңдағы адамдармен тілдесесің. Көп жағдайда болашаққа жоспар құрамын. Тәтті қиялдың құшағына еніп кететін сәттерім де болады. Пайғамбарымыз өз ха­дисінде «Сапарға шықсаңдар, несі­бе­лерің артады» дейді. Сондықтан сапарға шыққанда үлкен қуанышпен шығамын. Үйден ұзаған сайын, әсіресе, ұзақ уа­қытқа кеткен кездерде отбасыңның, тұрып жатқан мекенің - Алматының қа­дірін екі есе түсініп қайтасың.
- Болашаққа қандай жоспар құра­сыз?
- Әуелі Алланың дегені болады ғой. Бі­рақ адам да армансыз емес. «Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман ке­рек екен адамға» дейді ғой, Мұхтар Ша­ханов ағамыз. Армандай білмеген адам - тоқмейіл, өзіне-өзі көңілі толған, өсуге ұмтылмайтын, талпынбайтын, құл­шынбайтын адам. Күнделігімде «Өзімді емес, бәйгеге баптадым ән» деген өлең жолдары бар. Мен бәйгеге өзімді емес, әндерімді баптап жүрмін. Сондықтан тағы да әдемі әндер жаз­сам деп армандаймын. Құралай Омардың өлеңіне жазылған «Жүрек назы» деген әнімді өңдетіп, бейнеклип түсірсем деген жоспар құрып жүрмін.
- Жүрек не деп назданады?
- Жүректің назы көп қой, егер оны тың­дай білсек... Басқалардың жүрегі ет шығар, бірақ менікі өзіме шыны сияқты кө­рінеді. «Жүрегім шытынаса шыны мы­на» деп, кейде жүрек шытынап ке­теді. Адамдарға оңай нәрсе, маған ауыр тиеді. Кейде өзім ғана жүрегіммен бүкіл ғаламның, күллі қазақтың мұңын арқалап жүргендей боламын. «Шым ет­пейтін кезі жоқ, жүрек деген байғұстың» деп Бақытжан Алдияр айтқандай, жү­ректің шымырламайтын кезі жоқ. Кейде мұңданып, кейде өкініп, кейде қуанып, ауыр салмақ салып жатамыз. Ерлан деген досымыздың осындайда «Сәл нәрсеге күйініп, болмашыны уайымдап қаласың. Композитор дегендер осындай болады екен ғой» деп күлетіні бар. Құдай мұндай әсершіл жүрек бермесе, таби­ғаттың құбылысын, адамдардың бір-біріне деген сезімін, көңілдің жабырқау кей сәттерін сезіне алмасам, ән жаза ал­мас едім.
- Мен әннің мәтіні жайлы сұрап едім...
- Есімі жыр сүйер қауымға жақсы та­ныс, жас ақын Құралай Омарды бірде жалынғандай болып үйге қондырған едім. Екеуміз түнімен сөйлесіп, ой бөлістік. Таңертең «жеткізіп салайын» деп көлігіммен үйден шықтық. Қасы­мызда менің кіші інім болатын. Қалаға жа­қындағанда інім «менің баратын же­рім бар еді, қай жерден түсіп қалсам екен?» деп сұрады. Менде үн жоқ. Ойым­ды бөліп алмайын деп, өзіммен-өзім арпаласып отырмын. Содан ешқан­дай сөзге келместен, Медеуге бір-ақ тарттым. Өзеннің жағасына тоқтай қалып, екеуіне «Ана жаққа барып, қыдырып келіңдерші» дедім. Сосын жалма-жан дик­тафонымды қосып, қағаз-қаламымды алып, сүйкей бастадым. Жаңа әуенді жат­тап, сіңіріп алып, құрбым мен бауырымды қай­та шақырдым. Інім ашуланып тұр. Құра­лай түсініп, «ән туды ма?» деп күлді. «Иә, кіндік шешесі өзің боласың» деп інім­ді апарып салып, қайтадан Медеуге кел­дік. Көк шөптің үстіне отыра қалып Құ­ралайға «Екі сағат уақыт беремін. Мә­тінін жазбасаң, үйіңе бармайсың» дедім.
- Жаным, жырақтамашы,
Көзіңнен сыр ақтарғансың.
Сен сөйтіп ұнап қалғансың, жаным,
Келдің ғой, кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші,
Жүректе мекендегенсің, жаным, -
деп жазып берді.

- Сіздің әндеріңізде осындай жауапсыз махаббат мұңы жиі кездеседі... Мұндай дүниелер неден туындайды?
- Біреулер шығармаларының бар­лы­ғын «туған әйеліме немесе күйеуіме арнадым» деп жатады. Оған күлкім келеді. Ме­нің жарыма арналған жарыққа шық­паған бес-алты әнім бар. Егер ойымдағы адам - күйеуім болмаса, онда оған тұр­мыс­қа шықпас едім. Дегенмен кез келген адам­ның өз музасы болады. Оны сен қия­лыңда сомдап алуың да мүмкін. Өмірде жоқ адам шығар... Бірақ сол адамға мұң шағасың. Соған қарап әсерленесің. Сол бейнемен сырласасың. Шайырлардың барлығының музасы бар. Жүректе жылылық пайда болмаса, Алла-тағала ғашықтық сезім сыйламаса, өлең жа­зылмайды. Оны жақауратып, жасырудың қажеті шамалы. Шығармашылық - қиялдың еркіндігі. Қалай болғанда да... Жазушы да қиялдағы дүниесін өмірмен сәйкестендіріп жазады. Әрине, барлық әннің мәтіні менің идеямнан туған деп айта алмаймын. Бірде ақылдасамыз. Кейде бағыт-бағдар беремін. «Сағынға-ным болмаса» деген әнімнің «Жалын­бай­мын, жыламаймын, енді саған ұна­май­мын» деген жолдарын Есенқұл Жа­қыпбеков толықтырып берді. «Ардағым» әнімде де «Мәтіннің ішінде осы сөз болсыншы» деп өтіндім. Өйткені «ардағым» деген жан жібітер жақсы сөз ғой. Жалпы, тақырып іздеп жүретін адаммын. Елдің жазып кеткен дүниесін қайталағым келмейді. Әдетте елдің бәрі «сағынамын» дейді ғой... Мен марқұм Бекет Есентаевтың бір әнін ұнатып, Бауыржан Әлқожа деген ініме «Сағынбаймын» деген мәтін жаз­дырдым.
- Жоғарыда айтқандарыңызға күйеуіңіз өкпелемей ме?
- Менің жұбайым әу баста кімге үй­леніп жатқанын білді. Әнші-компо­зиторлығыма жақсы түсіністікпен қарады. Кейде бір ер-азаматтардың әйелдері жанын қоймай, қызғанып, жазған-сызғанының барлығын аңдып, «кімге арнадың?» деп есін шығарып жатқанын көргенде, оның қасында менің жұбайым маған көп еркіндік беретінін түсініп, Құ­дайға шүкіршілік айтамын. Мәселен, сіз журналиссіз. Еркін жазғыңыз келеді. Ал жан-жағыңыздан шекара қойып тастаса, қалай жазасыз? Өнер адамын қыспақтай бер­се, ол бар өнерінен айырылады. Ол осыны жақсы түсінетін азамат. Алғашқы кезде қызғанышы болғанымен, қазір көз­қарасы өзгерді. Әндерімді ең бірінші ба­ғалайтын сол кісі. Талғамы өте жоғары тың­­дарман. Үнемі ақыл-кеңесін беріп оты­­рады.
- Күнделікке сыр ақтарғалы қанша уақыт болды?
- Екінші сыныптан бері түртіп қоя­тыным бар. Бірқатар күнделіктерім сақ­талған. Бір күні уақыт бөліп, бұрынғы жазғандарымды қайтадан қарағым келеді. Мен де ел сияқты алғашқы кезде «Бүгін не бітірдім?» дегенмен шектелетінмін. Студент атанғаннан кейін ойларымды түсіре бастадым. Мұның бәрі өзің үшін естелік. Асанәлі Әшімов ағамызға ұқсап «Менің жанрым - күнделік» деп күндердің күнінде күнделігімді өңдеп, жариялайтын шығармын.
- Ал өлең кітабыңызды оқи аламыз ба?
- Мен ақын емеспін. Бірақ Фариза апам «ақынсың» деп айтты. «Досыма» де­ген өлеңімді оқып беріп едім: «Мен сый­ға тартқан орамал» деген әнді радиодан естіп жүруші едім. Бүгін Розаны көріп отырмын. Осындай сіңлімнің барына қуанамын. Сен өзі жақсы ақын да екенсің» де­генде, сол жолы Астанадан ұшақ емес, мен ұшып қайттым-ау деймін. Қанат біткендей болды.
- Сол өлеңді бізге де оқып берсеңіз...
- «Саған күйеу болудан сақтасын» де­ген досым, «Егемен Қазақстан» газетінің Қы­зылорда облысындағы меншікті тіл­шісі Ержан Байтілеске арналған.
- Қалжың білем, астарында қайғы бар,
Қаңқу сөзге жан емес ем қаймығар.
Ұяласқа үндей алмай, іркілдім,
Мұңдас қой деп мендік мәжнүн жайды ұғар.
Аңсағанға арман жолы қашықта,
Досым мені қаралауға асықпа.
Өлеңінен ажырамас әйелмін,
Баласының бұтын жуып жатып та.
Маған күйеу болу бақыт білсеңіз.
Шын жылатам, шын күлдірем, күлсеңіз.
Менің жаным жан ашпаған жұмбақ сыр,
Жаныңызда жүреді ылғи он сегіз.
Тіршіліктің түкірем де заңына,
Жаны көркем жан іздеймін сабыла.
Сені мансап қуды екен деп сөкпеймін,
Сен де менің тие берме жаныма.
Ел ішінде дәруіштей күн кештім,
Жапырақпен, сары бақпен тілдестім.
Мақала қып ақтара бер мұңыңды,
Мендей бірақ түсінбейді сізді ешкім.
Әуселеңді әуейілер ұғар тек,
Жүректерге тағылам ән тұмар боп.
Ұлымды емес, ұлтымды ойлап мұңаям,
Ұлым соның бір бөлшегі шығар деп,
Мен анамын, қара жердей құнары,
Қаным, жаным, асқақ рухтың тұрағы.
Құрсағымда пайда болған қуаныш,
Жатырымнан жауһар алып шығады.
Қазір мені ессіз-ау деп сөгерсіз.
Қылығым да қиялымдай тәуелсіз.
Ғасыр өтер бәрін құшып құнсыздың,
Әлди болып, әнім қалар көрерсіз...
- Бұған Ержан жауап қатты ма?
- Әшейінде ауыз жаппас Ержан осы жолы үндемей қалды.
- Достарыңыз сізді жиі іздей ме, жоқ, сіз іздейсіз бе?
- Мен жиі іздеймін. Өйткені адам­дар­сыз өмір сүре алмаймын. Кей құрбылары-ма «Үй­де отырып алып, мені шақырғаннан бас­қа шаруаларың жоқ. Сендердің екі ба­лаларың болса, менің төрт балам бар» деп ұрсып жүремін. Іздеп келетіндері де жоқ емес. Достарымның барлығы ақын-жур­налистер. Бірі аға, бір іні, бірі әпке болып кет­кен. Тығырыққа тіреліп, тұманның ара­сында адасып жүрген сияқты жол із­дейтін сәтте соларға шер тарқатамын. Ой сер­гітіп қайтамын. Ешқайда шыға алмай қал­ған жағдайда көршілерім бар. Қоң­сыластарымның үйіне шәй ішуге барамын. Жұ­байым «Сол шайды үйде неге ішпей­сің?» деп күледі.
- «Жолдан адасу айып емес, жол жүр­меу айып» деген . Жиі адасасыз ба?
- Бұрын менің жазбаларымда «Ей, адас­қақ» деген сөз көп кездесетін. Асқар Сүлейменовтің «Адасқағын» оқығаннан кейін өзіме «Адасқақ» деген ат қойғанмын. Не­гізі, адаспаған адам жол таппайды. Жол іздемейді де. Адасқан адам бір рет ада­суы мүмкін, бірақ келесі жолы жолын бі­леді. Бір ізге түсіп алып, қарабайыр тір­шілік кешетіндер адаспауы мүмкін. Сосын ештеңе таппайды да. Көп дүниеден құр қа­лады. Сондықтан адаспаймын деп айт­паймын. Адам есейсе де жас бала сияқты. Өзі дәмін татып көрмей, ештеңені түсін­бей­ді. Менің де өз көзім жетпейінше, ба­сым­ды тау-тасқа ұрмайынша, алған бетім­нен қайтпайтыным бар. Ең бастысы, ада­сып жүріп өзімді таба алдым. Бас­тап­қыда журналист болдым, газетте, радиода жұмыс істедім. Соңында жаныма керек дүниенің ән екенін түсіндім. Қанша қиын болса да, осы жолды таңдадым. Әннің азабын қанша тартсаң да Алла соған төзетіндей махаббатты қоса береді екен. Осы жолға түскенімде алдымда «келе ғой» деп қолын созған жанашырым болған жоқ. Ешкім тәй-тәйлап, жетектемеді. Жол көрсетпеді. Өзіме-өзім - ұстаз, өзі­ме-өзім - шәкіртпін. Мені өмір тәрбие­леді. Анда бір, мұнда бір соғылып, өз жо­лым­ды салдым. Адам оймен өмір сүреді. Әр­кім өзін тани білуі керек. Кейде менен «ба­лаларыңыздың кім болғанын қалай­сыз?» деп сұрап жатады. Адам адамның кім болатынын шеше алмайды. Анасы баласының болашағын болжай алмайды. Оны Алла шешіп, маңдайына жазып қойған. Баланың бойында жоқ қабілетті қол­дан құйып бере алмайсың. Меніңше, адам­ның барлығы басты рөлде ойнауы мін­детті емес. Бекжан Тұрысовты оқуға қа­былдағанда марқұм Шолпан Жан­дарбекова «Жұрттың бәрі Гамлет болуы керек пе, арамызда бір әңгүдік жүрсін де» деп айтқан екен. Мықты болмасаң, бол­майды деген көзқарастың қажеті жоқ. Оның басқалай артықшылығы бар шығар. Мен жанымның, жүрегімнің қалауымен жүретін адаммын. Оған өр мінезім көмек­тесті. Өмірде мінезсіз, мінезін жоғалтып алған адамдардан қорқу керек. Мінезін жоғалтқандар өте қорқынышты адамдар. Олар не жағымпаз, не өсекші, не өтірікші, сатқындар. Мінезі бар адамдар ғана мін­детті түрде бір биікке жетеді. Ондайлар та­банды, айтқанынан қайтпайтын қасиет­ке ие. Бала тәрбиесінде де осыны қада­ға­лаймын. Бала ерке болып өсуі керек. Оны кішкентайынан жасық етіп, өзіне сенімсіз етіп өсірсеңіз, ол ертең өз дегеніне жете алмайды. Біреуге-біреу бағыт беруі мүмкін емес. Адам өз бағытын өзі таңдайды. Тек оған қолдау, демеу қажет.
- Өзіңіз де ерке өскен қыздардың бірісіз ғой...
- Атам марқұм 8 айлығымда бағып ал­ды. Ата мен әженің балалары жалғыз­дық­ты ерте сезінеді. Әке-шешем бар бола тұра, атам қайтқан соң жетімнің күйін
ке­ш­тім. Ол кісінің маған деген қам­­қорлығы шексіз-тін. Тәрбиесі әлі күнге жа­ныма азық. Қазір маған сондай аталар аз сияқты көрінеді. Атаның баласы болу - баланы кішкентайынан елдің баласы болуға тәрбиелеу деп түсінемін.
- Жаны нәзік адамдар көрінген нәрсеге жы­лауға дайын тұрады...
- Мені кейде өсектейтіндер бар. Бі­реуді өсектеу - біреудің күнәсін арқалау. Сондай сөздер көңіліме тисе, жылап қа­ла­мын. Қарадай отырып көз жасымды тө­гетін кездерім болады. Күйзеліске жақынмын. Бірақ күйзеліске қаншалықты ұшы­расам, соншалықты белсендімін. Ме­ні ашындырса, тау қопарып жіберетін мі­незім бар. Еркелетсе, менен нәзік адам жоқ. Қитығыма тисе, ешкімді де аямай­мын. Өзімді де.
- Күйзелісті қалай жеңесіз?
- Көп жағдайда балаларым сеп бо­ла­ды. Балапандарым көбейген сайын, күй­зелісім азайып келе жатыр. Оларға тамақ, киім, жылу, жақсы тәрбие керек. Егер мен өз басыммен қайғы болып жүрсем, оларға кім қарайды?! Бала мейіріммен өседі. Әр қадамын кішкентай кезінен бақылап отыру керек. Сондықтан балаларымды, ар­мандарымды ойлап, қайтадан үміттеніп шыға келемін.
- Тағы бір-екі бала тауып, күйзелістен мүл­де құтылғыңыз келмей ме?
- Жоқ, енді бір-екі бала тапсам, қай­та­дан күйзеліске түсіп кетуім мүмкін. Өйт­кені «қалада төрт бала дегеніңіз - се­гіз бала. Ауылда сегіз балаңыз - төрт бала сияқты» дегенді естіген едім. Рас, ауыл­дағыдай емес, қалада бала тәрбиелеу қиын. Оның үстіне, біздің үш бөлмелі қуықтай жер үйіміз төрт балаға тарлық етіп отыр. Қолымда сіңлім, бала күтушім бар. Жеті адамның қас-қабағына қарау да оңай емес. Көшеге шықсаң, ағылып жат­қан көлік. Мектеп алыс. Қаланың бір ше­ті­нен, бір шетіне тасимыз. Біреуі түске дейін, біреуі түстен кейін оқиды. Екеуін апа­рып-әкелгенше бір күн аяқталады. Ете­гіңе оралап, мамалап жүгіретін үйде екі кішкентай тағы бар. Қазірдің өзінде көп балалы ана деген атағым бар. Құдай көп көрмесін.
- Алматыны басқа қалаға айырбастар ма едіңіз...
- Бұл талай ақындар өлеңін, талай ком­­позиторлар әнін арнаған шаһар ғой. Кішкентай күнімде мен де «Асықтырған, аң­­сатқан, арманым сен - Алматы» деп өлең жазғанмын. Тіпті күнделіктерімде «Ал­матыға бір жетсем, сол қалада өлемін» дей­тінмін.
- «Ақындар ауылда туып, Алматыда өле­ді» дегендей ме?
- «Тек мен ғана түсінем, бұл қаланы» дей­ді ғой, Есенқұл. Бұрын Астана болған­нан кейін бе, асқақ армандарға жетелейтін. Бірақ қазір ойым басқа. Егер мен ер-азамат болғанымда, ауылыма кетер едім.
- Неге?
- Өйткені әрбір қазақ өзінің туған же­ріне қайтса, ауыл көркейер еді. Мұнда көптің қарасын көбейтіп, бос жүргендер көп сияқты. Ата-бабасының бейі­тін тастамаған қазақтың баласы жай­лы жер іздеп ауылынан безіп жүр. Одан да әрбір белсенді азамат, туған жерін да­мытуға үлес қоссын. Шалғайда жүріп-ақ аты алты алашқа танылып, тұлғасы таудай болып көрінетін азаматтарға сүйсінемін. Осында бала-шағасын асырай алмай, күйі болмай, не жаза алмай жүргеннен, ел шін­де халықтың сөзін сөйлеп жүрген әл­де­қайда дұрыс сияқты. Ал Алматы - өлісің бе, тірісің бе, ешкім хабар алмайтын, қал сұра­майтын, өзімшілдердің қаласы. Еш­кімнің ешкіммен шаруасы жоқ. Артық-ауыс сөзден ада. Өзіңмен-өзің оқшау тір­шілік кешесің. Соған қарамастан, Алатауға бай­ланып қалған сияқтымын. «Алланың ше­берлігін көргің келсе, тауға бар» дейді. Бар­саң ауасы ғажап, демаласың. Кейде өре­сі аласа адамдардың етегіңе жармас­қанынан құтылу үшін, өзім Алатаудың етегіне жармасқанды дұрыс деп білемін. Тауға көп шығамын. Мүмкін, жанымды құтқарып жүрген Алатау шығар...
- Бір сөзбен айтқанда Алматыны сүйе­сіз...
- Алматыны жақсы көрем де, жек кө­рем де. Астана да ұнайды. Бірақ онда күтіп тұрған ешкім жоқ.
- Қай уақытта жек көресіз?
- Кейде тек қана күнкөрістің қаласы сияқ­ты көрінеді. Бар тапқаныңды жұтып қоя­ды. Бір кісінің «Алматы деген айдаһар қа­ла. Жұтылып кетпей жүрудің өзі ерлік» деп айтқаны бар еді. Сұрқай тартып кет­кенде көңіліме жақпай қалады. Дегенмен шығармашылық адамдары үшін Алматы қолайлырақ. Бауыр басып қалғанбыз. Ара­ласатын достарымыз, әдеби орта - осын­да. Балаларым Алматыда дүниеге кел­ген. Сол жағынан қымбат.
- Ел ішінде сізді қалай қабылдайды?
- Шығармашылық ізденіске енді то­лық­қанды кірісетін шығармын. Кіш­кентайым өсіп қалды. Гастрольге барғанда «Теледидарға көп шықпайсыз. Әніңіз, атыңыз белгілі болғанымен, түріңізді танымайды екенбіз» деп жататындар бар. Сондықтан елмен кө­бірек қауышуға күш саламын. Былтыр алғашқы концертім Жазушылар одағында өткен. Одан да үлкен залда концерт жасағым келеді. Бейнеклип түсірсек деген арман бар. Үшінші альбомыма кірісіп жа­тырмын. Ақмарал Ілеубаеваның «Сыңарым», Ғалым Жайлыбайдың өлеңі­не жазылған Серік Жанболаттың «Гүл тол­қын» әнін жаздырдым. Серік ағаның ен­ді Табылды Досымовтың өлеңіне жазған «Қо­штасу» әнін жарыққа шығарсам дей­мін.

Әңгімелескен
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405