Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2382 0 пікір 4 Ақпан, 2011 сағат 01:01

Бұрқасынға байланысты еліміздің шығысындағы авто жолдар жабылды

Еліміздің шығысындағы автожолдар бұрқасынға байланысты толығымен жабылды, деп ҚР ККМ хабарлады.

«3-ші ақпанның 18 сағатынан бастап ауа райының қолайсыздығы (бұрқасын) және көріну қашықтығының нашарлығы себепті Өскемен-Семей автожолының 0-198-ші шақырым аралығында және Өскемен - Шемонайха-РФ шекарасы автожолының 105-123 км аралығындағы  Шемонайха - РФ шекарасы учаскесі көліктің барлық түріне жабылды.

Сәл бұрын хабарланғандай,  3-ші ақпанның 17 сағатынан бастап ауа райының нашарлауы (қар суырып, көктайғақтануы) және көріну қашықтығының шектелуі себепті «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» автожолының Қарағанды мен Балқаш арасындағы учаскесі (1492-1854 км) жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктерге жабылған болатын.

0 пікір