Қазақстан командасы Азиада-2011-дің төртінші күні де медаль жағынан 18 алтынмен көш басында келеді
Азия ойындарының төртінші күнінен соң Қазақстан 18 алтын медаль алып, көш басында келеді.
Қазақстан құрамасы өзінің үзеңгілес қарсыласы - Оңтүстік Корея командасынан 8 алтын медальды артығымен алып отыр.
Жарыстың төртінші күнінде могулдан қазақстандықтар - Дмитрий Бармашов пен Юлия Галышевалар «алтын» алды.
Шаңғымен жол бағдарлай жарыста «алтын» ерлер арасында - Михаил Сорокинге, әйелдер арасында - Ольга Новиковаға бұйырды.
Хоккейден қыздар командасы шешуші матчта қытайлықтарды 4:1 есебімен ұтып, алтын медаль жеңіп алды.
Жарыстың төртінші күніндегі жалпыкомандалық кесте келесідей: