Павлодар мұнай өңдеу зауыты Еуро-2 стандартындағы мұнай өнімдерінің өндірісіне толық ауысты
ПАВЛОДАР. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» акционерлік қоғамы былтыр 4,8 миллион тонна шикізат өңдеді,
бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 16,4 пайызға көп, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.
Жоғары октанды бензиннің өндірісі 12 пайызға артып, зауыттағы жалпы отын өндірісіндегі оның үлесі 77 пайызға дейін жетті. Зауыт сондай-ақ Еуро-2 стандартына сай келетін мұнай өнімдерінің өндірісіне толық ауысты.
Авиаотын өндірісі де екі есеге, 184 мың тоннаға дейін артты. Павлодар зауыты Қазақстан әуежайларын авиакеросинмен қамтамасыз ету бағдарламасын толық орындады және еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық резерві үшін оның жеткізілімін қамтамасыз етті.
Битум өндірісі де 71 пайызға өсіп отыр, жол құрылысшылары оның сапасына жоғары баға беруде. «ҚазЖолҒЗИ» мен итальяндық Todini Costruzioni» фирмасының Қарағанды филиалының сараптамалары осыны қуаттап отыр. Кәсіпорында битум өндірісін арттыру жөніндегі ұзақмерзімдік бағдарлама қабылданды.