Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2494 0 пікір 5 Ақпан, 2011 сағат 06:04

Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер қатары жыл санап артып келеді

ОРАЛ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі қажеттігін атап көрсетті.

Батыс Қазақстан облысында қазақ тілін оқып-үйренушілер қатары жыл санап артып келеді. Бұл туралы «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы Гүлнұр Әренова мәлім етті.

Гүлнұрдың айтуынша, олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, студенттер, жеке адамдар, зейнеткерлер де бар. «Елбасы тапсырмасы мемлекеттік тілді оқып-үйренуге тың серпін берері анық. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру да біраз жүкті жеңілдететіні хақ. Негізі әркім өзінен бастағаны дұрыс. Бұл ретте мекеме, кәсіпорын басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер олар өздері үлгі көрсетсе, қызметкерлері де мемлекеттік тілді тез меңгерер еді. Мәселен, кейбір басшылар тіл білетіндерді ынталандырудың түрліше шараларын қолданып жүр. Қайткенде де бұл - көптің қолдау-көмегімен жүзеге асатын шаруа», дейді Г.Әренова.

0 пікір