Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 5 Ақпан, 2011 сағат 10:15

Дәурен Сейітжанұлы. «Ауылда жұмыс, қалада баспана жоқ» немесе еліміздегі көші-қон саясаты қашан реттеледі?

Қаңтардың 17-сі күні ҚР Президенті Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында: «Қазақстанға заңсыз келген шетел азаматтарын шығару мен оларға қатысты қатаң шара қолданудың тетігі жасалуы тиіс. Біздің азаматтарымыздың мүдделері алғашқы орында тұрады. Әлемнің көптеген елдері заңсыз көші-қонға қатысты қатаң шараларды қолға алуда, солардан үйрену керек», - деген болатын. Сонымен қатар Елбасы көші-қон полициясының алдында үлкен міндеттер тұрғанын, әсіресе ішкі көші-қон мәселесін естен шығармауды еске салды. Бұл мәселе бекерден-бекер туындап отырған жоқ. Бүгінде Қазақстанға сырттан жұмыс істеуге келетін көрші елдердің азаматтары көбейіп кеткені байқалады. Оның үстіне, ауылдан қалаға ағылатын ағайынның саны артты. Олардың жұмыс табу, баспаналы болуы өз алдына күрделі мәселе. Сондықтан сырттан келетін көшті де, ішкісін де реттеу бүгінде депутаттар, мамандар талқылап жатыр. Осыған орай, «Үш қиян» газеті еліміздегі көші-қон саясаты қалай реттеліп жатыр, миграциялық ауытқулар бар ма деген сұрақтар төңірегінде мамандардың пікірін алған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қаңтардың 17-сі күні ҚР Президенті Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында: «Қазақстанға заңсыз келген шетел азаматтарын шығару мен оларға қатысты қатаң шара қолданудың тетігі жасалуы тиіс. Біздің азаматтарымыздың мүдделері алғашқы орында тұрады. Әлемнің көптеген елдері заңсыз көші-қонға қатысты қатаң шараларды қолға алуда, солардан үйрену керек», - деген болатын. Сонымен қатар Елбасы көші-қон полициясының алдында үлкен міндеттер тұрғанын, әсіресе ішкі көші-қон мәселесін естен шығармауды еске салды. Бұл мәселе бекерден-бекер туындап отырған жоқ. Бүгінде Қазақстанға сырттан жұмыс істеуге келетін көрші елдердің азаматтары көбейіп кеткені байқалады. Оның үстіне, ауылдан қалаға ағылатын ағайынның саны артты. Олардың жұмыс табу, баспаналы болуы өз алдына күрделі мәселе. Сондықтан сырттан келетін көшті де, ішкісін де реттеу бүгінде депутаттар, мамандар талқылап жатыр. Осыған орай, «Үш қиян» газеті еліміздегі көші-қон саясаты қалай реттеліп жатыр, миграциялық ауытқулар бар ма деген сұрақтар төңірегінде мамандардың пікірін алған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір Мәжілісте Қазақстан Республикасының "Көші-қон туралы" Заңының жобасы тал-қыланып жатыр. Депутаттардың талқысына түскеніне біраз уақыт болды. Көші-қон мәселесін қарайтын құзырлы орган Ішкі істер министрлігі құрамына берілді. Бұрын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында болатын.
Қарастырып жатқан заң жобасының басты ерекшелігі, айырмашылығы - бұрын бізде оралмандар туралы заң болса, қазіргісінде ішкі көші-қонға назар аударылып отыр. Соңғы уақытта елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты ішкі көші-қонды реттеудің маңызы артты. Республика тұрғындарының ел ішінде қоныстануы, көшіп-қонуы заң тұрғысында қарастырылып жатыр. Депутаттар тарапынан түсіп жатқан ұсыныстар өте көп. Ұсыныстар қаралып, нақты шешімдер қабылданды, алдағы бір ай ішінде осы заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысының қарауына ұсынамыз.
Жалпы еліміздегі көші-қон мәселесі аса күрделеніп, игере алмай отырғанымыз жоқ. Әрине ішкі көші-қонды реттеу керек. Өйткені, бүгінде халық та бір жерде жұмыс жасап, екінші жерге ауысып жүретін жағдай көп. Тіркеу мәселесіне келгенде депутаттар арасында түрлі пікір болды. Кейбіреулер тіркеу жағын қатайтудың керегі жоқ десе, кейбірі қолдамайды. Өйткені, тәртіп болуы керек, халықтың қайда, немен айналысып жүргенін білу керек дейді. Сосын сырттан келген адамдарды шекарадан өткізгеннен кейін қалай, не істеп жүргенін бақылап отыруды қалайтындар бар. Бұл мәселе турасында нақты шешім айту қиын, бірақ депутаттар мұқият талқылап, нақты шешім қабылдайды деп ойлаймын.
Еңбек миграциясы да жіті назарымызда. Шетелден елімізде жетіспей жатқан мамандар келсе, онда оларға жағдай жасап, жол ашу керек. Ал екі қолға бір күрек деп келетіндерді шектеген дұрыс сияқты. Өз елімізде де жұмыссыз жүрген азаматтар жетерлік. Ең алдымен соларды жұмыспен қамтамасыз етіп, жағдайын жақсартуымыз керек. Есепсіз, тоқтаусыз келіп жатқандар еңбек рыногымызға әсер етіп жатыр. Осындай да нормалар аталған заңда қарастырылады. Бірақ нақты ештеңе айта алмаймын, себебі, әлі Мәжіліс талқылай-ды, одан соң Сенатқа барады, сол сияқты процедуралар болады.
Көші-қон туралы заң жобасында дін, туристік жолмен келетіндердің де жүріс-тұрысын реттеу жөнінде нормалар бар.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы-драматург:

- Қазір Қазақстандағы ең қиын мәселе - ішкі көші-қон. Өйткені, ел ауылдан қалаға қаптап көшіп жатыр. Ауылда жұмыс жоқ, қалада баспана жоқ. Өкінішке қарай, ішкі миграциямен елімізде ешкім айналысып, реттеп жатқан жоқ. Сырттан келетін көші-қон бар, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді. Біріншісі, этникалық көші-қон, ол шетелдегі қазақ диаспорасының көшіп келуі. Жұрт қит етсе, көші-қонды оралмандарға қатысты деп түсінеді. Одан кейін еңбек көші-қоны. Елімізге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан бір млн-ға жуық адам жұмыс істеуге келеді. Және де діни миссиямен келіп жатқан көші-қон деген шықты. Бұл - қауіпті көші-қон. Сондай-ақ, бизнеспен, іскерлікпен келетін көші-қон бар. Қазір Қазақстанда миграция жөнінде жаңа заң жобасы дайындалуда. Мен сонда жұмыс тобының мүшесімін. Осы заңнан көп үміт күтеміз.
Таңғалатыным, Қазақстанның өзінде жұмысы жоқ, қаңғып жүрген адам көп, сөйте тұра неге сырттан келетін бір млн. адамға жұмыс тауып береді? Өзбек не қырғыз істеп жүрген жұмысты неге біздің қазақ істемейді? Мұның себебі қазақтың менталитетінде жатыр. Қазақтың жұмысқа бейімі жоқ. Оны ашып айтуымыз керек. «Жұмыс істей алмайды» деп ауылдан келген қазақты жұмысқа алмайды. Бір жағынан орынды, жұмыс істей алмаса не үшін алады? Әуелі қазақ жастары түрлі кәсіпті меңгеру керек. Алматыда сантехник пен газосварщиктің жұмысы көп, бірақ оны қазақ істемейді немесе істей алмайды. Сондықтан жастарды жаппай кәсіптік оқуға үйретуіміз керек. Осы оқуға жастарды оқытсақ, бос жүретіндер азаяды. Содан ішкі көші-қон реттелер еді. «Қазақ - ұлы халық» деп бос айта бергеннен ештеңе шықпайды, күнін көре алмаса, жұмыс істей алмаса, лепірме сөз не керек?
Ауылдан қалаға келетін болса, не жұмыс істейді? Соны реттеп, механизмін жасау керек. Осыны мамандар зерттемеген, журналистер де ештеңе зерттемей, байыбына бармай жаза береді. Бәрінің айта беретіні оралман мәселесі. Ол көштің бір түрі ғана.
Айта кетейін, Алматыда тіркеуде, үй кезегінде жоқ адам жүз мыңдап саналады. Есепте жоқ, олардың тағдырын ешкім білмейді. Алматыға келеді, бірақ өмірі үй ала алмайды. «Ақыран» болып, тәшкі тасып өмірі өткенін білмей қалады.

Лаура ИСОВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Миграция - қазіргі жаһандану үдерісі мен әлемдік саясаттың өзекті мәселелерінің бірі. Миграциялық үрдіс кеңестік кеңістіктен кейінгі кезеңде бұрың-ғы социалистік жүйедегі елдерде аса қарқын алғаны белгілі. Сонау тарихи кезеңдердегі Жібек жолы салған сара жолмен тараптанған қазақ жерінің геосаяси орналасуы да, жалпы миграциялық үрдістен бұл аумақтың ешқашан тыс қалмайтынына тағы бір дәлел. Үкімет жанынан жұмыс істейтін көші-қон комитеті және миграциялық полиция қызметі де бүгінгі ішкі және сыртқы миграция үрдісін реттеуге міндеттелген, соған сәйкес олардың жұмыстары да солай үйлестірілуге тиісті. Алайда, соңғы уақыттардағы миграциялық ауытқулар көрініс алуда. Әсіресе, оралмандардың тарихи отанға келгеннен кейінгі елді мекендерге орналасуына, Орталық Азия елдерінен келетін заңсыз еңбек мигранттарының елде жүріп-тұруына қатысты келеңсіздіктер олардың тікелей міндеттеріне айтылар сын болып табылады. Оралмандардың елге орналасуы мен олардың жақындық-жершілдік мүддесіне сай тұрақтануы және мамандығына сай жұмысқа орналасуына қатысты кедергілер ішкі миграцияның кейбір мәселелерін тудыруда.
Гастарбайтерлер деп аталатын (немісшеден аударғанда Gastarbeiter-қонақтаушы жұмысшы), Орталық Азия елдерінен жұмысшыларсыз біздің қазақстандық экономиканы да, қоғамды да елестету қиын болып бара жатыр. Еңбек мигранттары сапындағы гастарбайтерлер елдегі ірі құрылыстармен қатар, тұрғын үйлерді жөндеу және базарларда сауда жасау секілді салаларда еңбек етіп жатыр. Қазақстандағы еңбек миграциясы аса күрделі. Мұндай еңбек мигранттары елдегі заңды және заңсыз миграцияның түзілуіне де жол ашты. Заңсыз миграцияның салдары өте көп. Олардың еңбегінің белгілі елдегі салық заңдарымен реттеуге бейімсіздігі де, ел бюджетіне түсуі тиісті қаржының сыртқа кетуіне жол ашады. Орталық Азия елдеріндегі саяси-экономикалық даму үрдісі демографиялық, экологиялық, әлеуметтік дағдарыстар жағда-йына мәжбүрлеуде. Батыс сарапшыларының пікірінше, оның ішінде канадалық Хоумер-Диксон, болашақтағы соғыстар мен азаматтық қақтығыстар судың жетіспеушілігінен, егіндік жерлердің тозуынан, орман, балық қорларының азаюынан болатынын айтады. Өкінішке қарай, бұл шынайы қауіп бүгінгі уақытта көлемді резонанс ала алмай отыр. Бұл жағдайда Орталық Азия аймағы да бөлініп қалмайды. Қазіргі уақытта орын алып отырған этно-территориялық дау-дамайы бар, тұрғындардың өте тығыз орналасуы мен туу жоғары болашақта салмақты мәселелер тудыруы мүмкін Ферғана жазығы жағдайын айтқанның өзі жеткілікті. Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанды қамтитын Ферғана жазығының тұрғындары үшін, қоршаған орта жағдайы бүгіндері бос сөз емес. Осы жоспарда Орталықазиаттық аймақтың бұл бөлігінде мүмкін болуы ғажайып емес қақтығыстардың алдын алу амалдарын күшейтіп, нақты шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр. Осы тұрғыда қазақстандықтар үшін де аса мазасыздық тудыратын сырттан келетіндер еңбегі мен олардың қоғамда жүріп-тұруының өзі үлкен мәселе. Ол мәселе, ұлтшылдық отын тұтандыруы да мүмкін. Жалпы, Қазақстандағы миграциялық үрдістің кезек күттірмейтін мәселе екендігі, оның үкімет саясатын үйлестіруде үнемі назарда болуын ескеру қажет.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, азаматтардың ішкі республикалық көші-қон үрдісі жылдан-жылға артып келеді. Егер, оның саны 1999 жылы 232,4 мың адам болса, 2006 жылы ол - 295,1 мың, ал 2007 жылы - 311,7 мың адамға жеткен. Олардың ішінде қазақтардың үлесі: 1999 жылы 69,4%, 2006 жылы 79,1 %, 2007 жылы 81,3%, 2008 жылы 94% болған.
Астана қаласының халқының саны 2008 жылдың маусым айына 606 мың 280 адам болса, биыл осы мезгілде 660 мың 876 болып, ол 44 мың 596 адамға өскен екен. Қалаға 5 айда 23 355 адам келсе, 6 956 адам көшкен. Көші-қон айырмасы - 16399 адам. Яғни, көшіп келгендер былтырмен салыстырғанда 38,9 пайызға көбейіп, кеткендер 15 пайызға азайған.
Еліміз егемендік алғалы алыс-жуық шетелдердегі қандастарымыз өзінің тарихи отаны - Қазақстанға орала бастады. Қазірге дейін сырттан келген қандастарымыздың саны бір миллионға жетті.

Сұхбаттасқан:
Дәурен Сейітжанұлы

«Үшқиян» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443