Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық 5661 0 пікір 16 Мамыр, 2018 сағат 11:32

Досқалиев мәйіт донорлығына түсіністікпен қарауды сұрап, үндеу жасады

Трансплантация бойынша Республикалық координациялық орталықтың жетекшісі, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарға мәйіт донорлығына түсіністікпен қарауды сұрап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Оның сөзіне сенсек, о дүниелік болған кісі кемінде бес адамның өмірін жалғауға себепші бола алады екен.

"Қазақстандықтарға, отандастарыма айтқым келеді, адамның миы өлген сәтте немесе оның өліп бара жатқанында оған ішкі мүшелері о дүниеде керек емес, денесі осында қалып, көміледі. Бірақ марқұм кемінде бес адамның өмірін жалғай алады, бүйрек, бауыр, асқазан асты безі (ұйқы безі), өкпе, жүрек сияқты жұпты мүшелер арқылы. Қазақстандықтарға адам миы өлген сәтте дәрігерлер келіп, басқа адамдарға көмек қажет деген сәтте оған салмақты қарауын сұрағым келеді. Қазақстандықтар мені дұрыс түсінсе екен, мүше ауыстыруға мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысса", - дейді ол.

Қазіргі таңда Қазақстанда 2 523 адам донорлық бүйрекке зәру (олардың ішінде 51 бала), 532 адамға бауыр қажет (оның ішінде 9 бала), 130 адам донорлық жүрек күтіп отыр (оның ішінде 16 бала) және 11 адам донорлық өкпеге зәру.

"Мен ішкі мүшелерін алып өзге адамға салуға рұқсат бергендердің ата-ана, аға-бауыр мен әпке-қарындастарының алдында басымды иемін", - дейді Жақсылық Досқалиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357