Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2163 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 12:59

«Ақтөбеде талғамы жоғары көрерменмен табыстық»

Облыс орталығында он күн өнер көрсеткен Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры әртістері өткен жұмада ақтөбелік көрермендермен қоштасты.
Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаев:
- Театрымыздың бір топ әртісі Қазақстанның батысында гастрольда жүргенімен, Алматыда да қойылымдар тоқтатылған жоқ. Біз алдымен Оралда болып, содан кейін сіздерге келген едік. Батыс өңір бізді өте жылы қабылдады, - деді.
Әртістер де өздерінің ақтөбелік көрермендерге деген ризашылықтарын жеткізді.
- Жиырма күннен астам уақыт гастрольда жүрміз. Әрине, оңай емес. Алматыда үй қалды, бала қалды. Бірақ сіздердің ықыластарыңыз, сіздердің пейілдеріңіз барлық уайымды ұмыттырды. Уақыттың қалай өткенін білмей қалдық, - деді «Тарлан» сыйлығының иегері Назгүл Қарабалина.
80 жылдан астам тарихы бар, бастауында Қошке Кемеңгерұлы, Сәкен Сейфуллин сынды тұлғалар тұрған Әуезов театры Қазақстандағы барлық театрлардың «ағасы», соларға үлгі-өнеге көрсетуші, бағыт беруші ұжым болып есептеледі.
Есмұхан Обаев Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрын Алматыға шақырды:
- Сахнамызды бірнеше күнге босатып беруден қашпаймыз. Келіңіздер, алматылық көрермендерге көрініңіздер, - деді ол.
Әйткенмен Әуезов театры директорының айтуынша, гастроль ешқандай театрға ақшалай табыс әкелмейді.

- Бір күндік қонақ үй ақысының өзі - «ой-ой-ой» ақша. Гастроль дегеніміз - шығын. Алайда көрерменмен қауышудан қайткенде де бас тарта алмаймыз, - деді ол.
Әуезов театры алдағы жылы Атырау, Ақтау қалаларына, сондай-ақ Түркия қазақтарына барып қайтуды жоспарлап отыр.
Баспасөз өкілдерімен кездесу кезінде театр репертуары жөнінде әңгіме қозғалды. Бүгінгі күні Әуезов театры репертуарында 43 қойылым бар. Ал ақтөбелік көрерменге солардың бесеуі ұсынылды: «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы, «Сыған серенадасы» мюзиклы, «Ымырттағы махаббат», «Ескі үймен қоштасу» драмалары және «Махаббат дастаны» трагедиясы. Осы қойылымдар арасында, әсіресе, «Махабабт дастаны» трагедиясы төңірегінде көбірек әңгіме қозғалды. М. Әуезов атындағы академиялық драма театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежанова гастрольдық сапарға орай біздің газетімізге алдын-ала берілген мақаласында: «Махаббат дастаны» - театр ұжымы, жалпы, ұлттық театр режиссурасы үшін де жөні бөлек спектакль. Біріншіден, бұл - классигіміз Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясы бойынша қойылым. Екіншіден, бұл - дүниеден ертерек озған талантты режиссер Қайрат Сүгірбековтің қойылымы. Махаббат трагедиясының жаңаша интерпретациясы, яғни Қайраттың өзіндік көзқарасы. Алдын ала айтылуы тиіс жайт - көрермен бұл туындыға әдеттегі махаббатнамені көремін деп келіп, алданып қалғандай күй кешпеуі қажет; режиссер не айтқысы келді, актерлер неліктен әдеттегіден бөлектеу ойнайды… осыны зерделеп көрсе дейміз», - деген еді («Ақтөбе», 2009 жыл, №65-66, «Өнер қуанышы көрермен үшін»).
«Махаббат дастаны» туралы талай театр сыншылары жылы лебіз айтқанын, кезінде көрермендер оны үлкен жаңалық ретінде қабылдағанын білеміз. Расында да, көптеген көрерменге «біртүрлі» көрінетін осы қойылым, өкінішке орай, ортамыздан ерте кеткен дарынды режиссер Қайрат Сүгірбеков туралы енді оның көзін көрген әріптестерінен, «Махаббат дастанын» сахнаға алып шыққан әртістердің өз аузынан естудің сәті түсті.
Есмұхан Обаев:
- Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл - ірі спектакль, - деп атап көрсетті.
Ал актриса Шынар Асқарова осы қойылымды қолға алғанда Қайрат Сүгірбековтің көп ізденгенін айтты. Бұдан 1500 жыл бұрынғы оқиғаны баяндайтын «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанының 33 нұсқасы бар. Қайрат кітапхана, мұрағаттарды аралай жүріп, солардың барлығын да ақтарып шығыпты.
- Ол сол жырлардан ауытқымауға тырысып бақты, - дейді Шынар.
- Қайраттың бір ерекшелігі -  өзінің ізденісі арқылы әртістерді де ізденіске, ойға, жаңа шешімдерге жетелей білетін. Кейбір «диктатор» режиссерлер болады. Олар әртіс үшін бәрін де өзі шешеді. Ондайда әртіске ойланудың тіпті де қажеті жоқ, тек режиссердің талабын бұлжытпай орындасаң болғаны… Ал Қайрат әртіске еркіндік береді, ақырғы шешімді сенімен бірлесіп қабылдағанды жөн көреді. Сондықтан онымен жұмыс істегенде бір үлкен ізденіске қалай түсіп кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың, - дейді Азамат Сатыбалды.
Әңгіме соңында «әкемтеатр» әртістері:
- Талғамы жоғары, түсінігі терең ақтөбелік көрерменді қимай барамыз, - деп ақтөбеліктерге деген ризашылықтарын тағы да атап өтті.

И. ӨТЕМІС
«Ақтөбе» облыстық газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5595