Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5914 5 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 10:05

Министр: Форумға 111 мемлекет, 1000 БАҚ өкілі, 6120 қатысушы келді

Кешелі-бері Астанада Халықаралық экономикалық форум өтіп жатқаны белгілі. Оның ашылуына Президент Назарбаев қатысып, алғысөз сөйледі. Сөйтіп, форумға қаысушылар қызу жұмысқа кірісіп кеткен еді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мырза, АЭК-тің алғашқы күнін қорытындылап, баяндама жасады. Сонымен Сүлейменов не дейді? Көз жүгіртейік.

Тимур Сүлейменовтің баяндамасы:

Өте маңызды күн болды. Астана экономикалық форумы ресми түрде өз жұмысын бастады. Статистикадан бастайын. Бізде 6 120 қатысушы бар, оның 1 147-сі – шетелден. Олар 111 елден келіп отыр. 1000-ға жуық БАҚ  өкілдері бар, оның 120-сы шетелдік.

Жаһандық қатерлер саммитінің белгілік іс-шарасы – ҚР Президенті қатысқан пленарлық сессия зор табыспен өткізілді.  Мемлекет басшысы өз сөзінде 5 ірі қатерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Біріншіден, бұл цифрландыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ЖІӨ-ге 15% деңгейінде үлес қосады.

Екінші қатер – энергетикалық революция, әлемнің таза энергияға қарай қозғалысы. Соңғы 30 жылда ЖЭК пайдалану 13 есе ұлғайды. Күн панельдерінің құны соңғы 5 жылда 2 есе төмендеді.

Үшінші – ұзақ өмір сүру. Барлық әлемде соңғы 70 жылда қол жеткізілуі тиіс 48 жастан 71 жасқа дейінгі өмір сүру ұзақтығы ұлғаюда. 2050 жылға қарай, 10 млрд. халықты қамтамасыз ету үшін бізге азық-түлікті 60%-ға арттыру қажет.

Төртінші қатер – урбанизация қарқыны. БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай, қала халқының үлесі 70%-ды құрайды. Аталған мәселенің маңыздылығын ескере келіп, Астана қаласының 20 жылдығы аясында біз Жібек Жолы бағыты бойынша ірі қалалар форумын ұйымдастырудамыз.

Бесінші қатер – бұл әлемдік еңбек нарығының тенденциялары. Барлық жерде жүргізіліп жатқан автоматтандыру мен роботтандыру жұмыс орындарын босатуға алып келеді. Болашақта, жұмысшылардың 80%-ы роботтармен ауыстырылады.

Бұдан басқа, біз аса қызықты іскер адамдардың, саясаткерлердің, ғалымдардың пікірін естідік. Жасанды интеллекттің адаммен салыстырғандағы мүмкіндіктері туралы өмірден алынған мысалдар келтірілді.

Митио Какудың болашақтағы 100 және 30 жылға көзқарасы аса қызықты. Ол жанаспалы линзаның Интернетке қосылуға болатын чиптері, ақылды ойыншықтар, адам қанындағы вирусты табатын және оларды жоятын микроимпланттар тәрізді құралдар туралы айтты. Бұрын бұлардың бәрі қиял-ғажайып секілді көрінетін.

Стив Возняк компьютердің пайда болуы және оның адамның досына айналу тарихы туралы әңгімеледі.

Дзинь Лицюнь елдердің байланыстылығын, табиғи, экономикалық және әлеуметтік экожүйені жақсарту, Белдеу және Жол бастамасы туралы баяндады.

Джим О'Нил АҚШ-пен бірге әлемдік ЖІӨ-ге 84% үлес қосқан Қытай экономикасы туралы айтты. Оның айтуынша, Қытайда 260 млн. халық (Ұлыбританияға қарағанда, 4 есе көп) жылына 30 мың АҚШ долл. жалақы табады. Біздің Форумның алғашқы күнінің қорытындылары осындай.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339