Бейсенбі, 1 Қазан 2026
4360 0 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 08:56

"Ислам мемлекеті" тобы Грозныйдағы шабуылды жауапкершілігіне алды

"Ислам мемлекеті" террористік тобы Грозныйдағы Архангел Михаил православ шіркеуінде болған шабуылды жауапкершілігіне алған. Бұл жөнінде 20 мамырда SITE Intelligence Group тәуелсіз мониторинг тобы мәлімдеді.

Грозныйда православ шіркеуіне шабуылдаушылардың уәжі әлі анық емес. Ресейдің тергеу комитеті құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне қастандық жасалды деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров шабуылдаушылар жөнінде Telegram каналы арқылы төмендегідей ақпарат таратты: "Екеуі – Гелдаган, біреуі Аргун ауылының тұрғындары. Шешенстанның ІІМ мәліметі бойынша, топ жетекшісі көрші ауданның тұрғыны болған".

19 мамыр күні төрт адам шіркеудегі адамдарды кепіл ретінде ұстамақ болған. Екі полицей мен бір шіркеуге келуші қаза тапқан. Шабуылдаушылар полиция қызметкерлеріне оқ атқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 180
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 167
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 163