Сенбі, 23 Қараша 2024
3368 0 пікір 21 Мамыр, 2018 сағат 15:05

«Нұр Отан» кәсіпкерлерге арналған онлайн қызмет түрін жетілдіре түспек

«Нұр Отан» партиясы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлерге арналған Бірыңғай геоақпараттық онлайн қызмет ұсынатын портал құруды қолға алды. Бүгінде аталған жоба Қызылорда облысында қарқынды жүзеге асырылуда.

Бұл бастаманың басты мақсаты – бизнес саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, дамыған елдердің ең үздік үлгілерін енгізу және бизнестегі шығындарды азайту. Нәтижесінде кәсіпкерлердің еліміз бойынша коммерциялық мақсаттағы жер телімдері мен аукциондар туралы толық мәлімет алуына, бизнес жүргізудің бірыңғай стандартын енгізуге және электронды үкімет жұмысын жандандыруға мүмкіндік тумақ.

Аталған партиялық жобаның мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімділігін арттыруға үлкен үлес қосатынын айтқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким бұл бағытта Сыр өңірінде көңіл қуантарлық істер көп екеніне назар аударды.

– Мұндай бастама қазірдің өзінде Қызылорда облысында сәтті жүзеге асырылуда. Яғни, бүгінде біздің өңірдің кәсіпкерлері облыс бойынша геоақпараттық онлайн қызмет көрсететін жүйені пайдаланады. Жүйе іске қосылғалы бері кәсіпкерлердің құжат жинау жұмыстары айтарлықтай жеңілдеді. Ең бастысы, қажет құжаттарды электронды түрде алуға қол жеткізілді, – дейді Е.Ким.

Жалпы Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы партия қызметін жаңғырту аясында бірнеше стратегиялық жобаларды қолға алып отыр. Олардың қатарында шағын және орта бизнесті қолдаумен қатар цифрландыруды жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Бұдан басқа жалпыұлттық күн тәртібіне және стратегиялық бағдарламалық құжаттарды дайындауға белсене қатысу, партия кадрлық резервін жандандыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру сияқты бірқатар нақты бағыттар бойынша да арнайы жобалар жүзеге асырылатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5451