Жұма, 1 Қараша 2024
Жөн-ақ 5080 17 пікір 22 Мамыр, 2018 сағат 07:22

Қазақстандағы «казактардың әскери құрамаларының» қызметін тоқтатуды талап етеміз

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

ҚР Ішкі істер министрлігінің

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

ҚР Бас Прокуратураның

назарына

 

Сепаратистік пиғылдағы орыс - казактарының әскери құрамалары Қазақстанның әр түпкірінде қайта бас көтере бастады. Түрлі деңгейде жиындар ұйымдастырып, тіпті Ресей казактары одағының мүшелігіне де тіркеліп жатыр. Сепаратистік пиғылдағы күштердің бұл ісі – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ҚАРСЫ АРАНДАТУ ӘРЕКЕТ. Енді мына дәлелді дерек көздеріне назар аударайық:

2005 жылы Ресей Мемлекеттік Думасы «Ресей казачествосының мемлекеттік қызметі туралы» арнайы заң қабылдады. Заңдық күші бар бұл құжатта: «казачествоны  мемлекеттік қызметке тарту, әсіресе, әскери және құқық қорғау саласына енгізу» болып табылатыны жазылған. Сонымен қатар, 2008 жылы  3 шілдеде «Ресей Федерациясы мемлекеттік саясатының ресейлік казачествомен өз-ара іс-қимыл қатынасын үйлестіру туралы «КОНЦЕПЦИЯ» қабылданды. Сол концепцияның 5-бабында : «Шетелдегі казачествомен қатынас Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатының ішкі және сыртқы саясатының құрамды бір бөлігі болып табылатыны» анық көрсетілген.

Ал, Қазақстанның ішіндегі казактар ұйымдарының сыртқы ұйымдарға бағынышты құрылым екенді «Ресей және шетелдегі казак әскерлері Одағының» www.russiancossacks.ru cайтында жарияланған. Ондағы ақпаратта Қазақстанның оңтүстік шығысындағы және Жетісу казактары Ресейдегі және басқа да шетелдердегі казак әскерлері Одағының құрамына кіретіні туралы «тарихи» шешім» қабылданғаны туралы айтылған. Ендеше, Қазақстан азаматы бола жүріп жергілікті «казактар одағы» кімнің сойылын соғып жүр?

Бүгінде Қазақстанда 4 бірдей ірі казактар қауымдастығы бар. Олар: Орал, Павлодар, Өскемен және Жетісу казактары қауымдастығы. Бұл аз болғандай енді 5-ші болып «Қостанай казактардың әскер ұйымы» және пайда болды. Елбасымыз 2005 жылы казактар қауымдастығының «Құрметті атаманы» болып қабылданғаны белгілі. Демек, «Казактар Алқасы» («Үлкен Алқа», «Кіші Алқа» болып бөлінеді) қажет болса президентке де бұйрық бере алады деген сөз. Ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ұлт та, этнос та емес. Солай бола тұра, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» құрамында да бар. Сонда заңнан тыс «әскери сословиелік ұйым» ассамблеяға кім болып және қалай тіркелген деген заңды сұрақ туады. Желеп, жебеушісі кім?

Мен С.Н.Қошаманұлы, тәуелсіздік тұсында, 1991 жылы қыркүйекте Орал облысынан (бүгінгі БҚО) автономия жариялап, жеріміздің бір бөлігін Ресейге қоспақшы болған орыс - казактарының сепаратистік әрекеттеріне қарсы - 4 күнге созылған «БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ» акциясын ұйымдастырушылардың бірімін. Бұл қарсылықты қантөгізсіз алып шыққан да «АЗАТ» азаматтық қозғалысы еді. Сол кезде Қазақстанның 12 облысынан Оралға жиналған еріктілер, орыс - казактарының жер даулаған «саяси терроризмінің» бетін қайтарды. Казактардың не ойлап, не бүлдіргісі келіп жүргендерін бір кісідей жақсы білемін. Оладың көздегені - АРАНДАТУ.

Айтарым, қазақ сынды көн терілі халықтың да шыдамының шегі бар. «Үндемегеннен үйдей жұдырық күт» - тәуелсіздіктің тәтті дәмін енді тата бастаған, тек қана тыныштық тілеп отырған халық, ендігі жерде ешкімнің де басынуларына көнбейді. Қайта-қайта арандатып, ашындыра беруге болмайтынын есі бар адам болсақ ескерер уақыт жетті. ҚР «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңы бойынша да кез-келген әскери қоғамдық ұйымның қызметіне тиым салынған. Істі насырға шаптырмай оның алдын алу, арандатушылыққа қарсы заңды белсенді және бұлтақсыз іске қосатын кез келді. Ішкі тыныштықты, ел бірлігін шайқалтуды көздеген, сыртқы күштердің айтақтауымен жұмыс жасайтын «сепаратистік ұйым» ретінде бүгінгі Қазақстандағы «казактардың әскери құрамаларының» қызметін тоқтатуды, заңға келтіруді талап етеміз.

Нұрлыбай Қошаманұлы

Abai.kz

 

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 269
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 397
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 264