Сенбі, 23 Қараша 2024
2600 0 пікір 22 Мамыр, 2018 сағат 08:11

Ауғанстанда ТАПҮ бағытын минадан тазалайтын саперларды өлтіріп кетті

Дүйсенбі күні таңертең белгісіз қарулы адамдар Ауғанстанның Қандағар провинциясында кемінде бес саперды өлтіріп кеткен. Бұл жөнінде TOLO news басылымы жергілікті полиция генералы Абдул Разикқа сілтеме жасап хабарлады.

Полиция басшысының сөздерінше, бір саперды кепілдікке алған. Белгілі болғандай, саперларды "Aims De-mining" компаниясы Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПҮ) газ құбыры жобасы бағытындағы жолдарды минадан тазалау үшін, жұмысқа алған.

Бұл оқиға Майванд ауданында Маланг Кариз деген жердегі миналарды тазалап жатқан кезде болған. Генерал Разиктің айтуынша, оларға "Тәлибан" қозғалысының содырлары шабуылдаған. Бірақ тәлібтер әзірге қанды оқиғаны мойындарына алмады.

Осының алдында "Тәлибан" қозғалысы жобаны қолдайтындарын мәлімдеген.

Инвесторлар ТАПҮ жобасының Ауғанстан бөлігі үшін ақша салуға қорқып отыр. Бұл жоба жүзеге асу үшін, кемінде 10 млрд АҚШ доллары керек. Құрылыс шығынының 85 пайызын Түркіменстан өзіне алып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434