Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2054 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 09:40

Қазақстан МАГАТЕ ҚР территориясында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы шешімді қабылдайды деп үміттенеді - ИЖТМ

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан өз территориясында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы МАГАТЕ-ге өтініш берді, деп индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай тұрғанов мәлім етті.

Бұл ретте ол, ядролық отынның халықаралық банкі ядролық отынды емес, оны өндіретін алғашқы материалды сақтауды қарастырады, дейді.

«МАГАТЕ өткен айда біздің өкілімізді тыңдады: біз еліміз туралы мәліметтерді бердік. Сәуір айында МАГАТЕ ядролық отын банкі орналасатын елдердің критерилерін жариялаулары тиіс. Шілдеде қорытынды шығарып, жыл соңына қарай, күзде таңдап алынған елмен келісімге отыруы керек», - деді Д. Тұрғанов сәрсенбі күні мәжілістің алқа отырысында, депутат сауалдарына жауап беріп.

«Мүмкіндіктер туралы айту қиын. Себебі біздің мәліметтерімізше, оған өтінішті Ұлыбритания мен басқа да бірқатар мемлекеттер беріп отыр», - деп жалғастырды ол.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздің халықаралық сахнадағы беделінің жақсы екендігі, уран өндірісінен еліміздің әлемде бірінші орында екендігі, табиғи уран қорынан дүниежүзінде екінші орында екендігі, сондай-ақ ядролық материалдарды сақтайтын орындарының барлығы біздің пайдамызға қаралуы мүмкін.

«Мүмкіндігіміз жаман емес сияқты», - деп есептейді Д. Тұрғанов. Ол сондай-ақ аталған бастама қаржылық тұрғыдан «ешнәрсе бермейді», есесіне, саяси тұрғыдан «қандай да дивиденттер болады» дейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502