Мұхтар Шерім. Әйелімді тартып алды...
Құдай басыңызға, басыңыз түгілі, шашыңызға бермесін... Ойымда ештеңе жоқ, өзімнің кілтіммен үшінші қабаттағы пәтерімнің есігін ашып, ас бөлмесіне қарай өттім. Босаған шөлмектерді көріп, «әйелім подругаларымен ішкен екен ғой! Арақты алтыншы класта қойып кеткенін айтып еді...» - деген оймен тәпішкемді тырп-тырп басып, желкемді жеті рет қасып, орысша айтқанда «спальныйға» кірейін...
Есікті ашып қалсам, құдай басыңызға, басыңыз түгілі қою қара қасыңызға бермесін, бәрінен де тілерім, қара қытай үйіңізге келмесін, есікті ашып қалсам, төсекте әйелім мен бір қара қытай жатыр! Бұл қайдан кіріп кеткен «тарақан?» Мұнайымызды алып жатыр, жарайды дейік, қыздарымызға «оптом» үйленіп жатыр, қайтейік, енді қатынымыздың қойнына кіріп кеткені несі? Екеуіне қарасам, әбден ішкендері көрініп тұр. Құшақтасқан күйі әйелім пырылдап, қара қытай ит сияқты ырылдап ұйқыны періп жатыр екен! Төсектің бас жағына: «Қытай мен Қазақстан достығы жасасын!»-- деп плакат іліп қойыпты... Келесі қабырғаға қарасам, «Қытайдың улы ойыншықтары жасасын!»--деген ұранды көрдім. Төбеге қарап едім, «Қытай экспанциясы жасасын!»-- деген жазуды көріп, талып қалайын десем, қара қытай қашып кете ме деп, тістеніп тұрмын. Әйелімнің кеудесі ашылып қалыпты, жалаңаш денесін одеалмен жаптым. Қытайдың қасына келіп, «Иттің ғана баласы! Тұр орныңнан!»-- деп шыңғырдым.

Екеуі де төсектен атып тұрды. Әйелім болса, «ужас, есікті тоқылдатып кірмейсің бе? Ұят жоқ екен сенде?» -деп тұр.
- Әй, мынауың кім?-деп қалшылдадым мен.
- Кешіріңіз,- деді қара қытай жылы жымиып,- қонақ үйде орын болмаған соң...
Сіздердің салттарыңызда құдайы қонақ деген бар екен, соны біліп...
- Құдайы қонақ қой, айқайламасаңшы, ұят болады,--деп қояды менің Қатипашым. «Ой, әкеңнің!»-- деп тұмсығынан енді ұрайын дап жатқанымда, анау қашып берді. Қуалай жөнелдім. Қуалап бара жатып, оянып кеттім. Жаңағының бәрі түсім екен. Қара терге түсіппін. Әйелім:
- Не болды?-деп сұрады.
- Қойнымызға қытай кіріп кетті...-дедім міңгірлеп.
- Қойшы, түс түлкінің үлкен дәреті деген, жат, ұйықта!-деген әйелім иығымнан құшақтап, арқамнан қасыды. Арқамнан қасыса, ұйқым келеді. Ұйықтап кетіппін. Бір қарасам... қара қытай әйелімнің мойнына ырғып мініп алыпты.
- Әй, түс деймін! Еркек болсаң, жекпе -жекке шық!-дедім мен. Бойымның қара қытайдан да аласа болғаны мұндай жаман болар ма? Әйелім оның сирағынан сипап қояды.
- Қатипаш, сен менің көзіме силос, топырақ, алибастр салдың!-деддім мен.
- Үйімізге пропискаға тұрмақшы. Бес мың доллар бермекші. Сорлы-ау, бір байып қалмаймыз ба?-дейді әйелім.
- Біз сорлы емеспіз! Біз бай елміз! Бізде кедейлер жоқ! Бәрі аштан өліп қалған...
Қытай секіріп түсіп, әйелімнің қолынан ұстап, ары тартты. Мен де оң қолынан ұстап бері тарттым. Сол кезде Қатипашымның екі қолы да иық тұсынан жұлынды да кетті! Екі еркектің қолында екі қол... Салаң-салаң етеді...
-Нең бар еді маған сонша жабысып!-деп жылады әйелім,--қолдары жоқ әйелді қайтсін мына қытай! Әй, жарымаған бейшара! Қытайлар мені ғана көріп қалды деймісің? Сексендегі селкілдеген кемпірге де үйленіп жатыр емес пе? Қыздарымыз қытай асып кетіп жатыр, соны неге көрмейсің!
Жылағым келіп кетті. Жылап отырмын. Шошып оянсам, әйелім жұбатып әлек екен. Орындық үстіне шығып алып, ботадай боздап отыр екенмін...
- Тағы не болды?-деп сұрады әйелім.
- Түсімде сенің қолдарыңды жұлып алды...
- Түс түлкінің кіші дәреті... Сол түсі құрғырдың жалғасын көрмей-ақ қойшы.
- Білмеймін, түрік сериалы сияқты жалғаса кетеді...
- Одан да боевик пе, басқасын көрсей...-деп өтінді Қатипашым. Тап бір менің қолымда тұрғандай. Бәлкім, мен ауру шығармын? Әйелім арқамнан қасып, тағы да ұйықтап кетіппін... Бір қарасам, қара қытай астына бес-алты кірпіш қойып, ұзынтұра әйелімнің ерніне сүліктей жабысып алыпты! Әйелімнің қолдары жоқ болғандықтан, оның арқасын екі аяғымен сипалап қояды... Қызғаныштан күйіп кеттім. Ас бөлмеге келіп, тоңазытқышты аштым да, бір жартылықты «через горло» ұрдым. Күйіктен ішіп салдым. Қолыма әйелімнің жұлынған қолын шоқпардай етіп ұстап алдым да, оларға жақындадым:
- Әй, қытай!-дедім айқайлап,--аштан өлдің бе, әйелімді сүйем деп ерінін шайнап жатқаның қалай? Сендер Азия қыздарын ойыншық көресіңдер ме? Саясаттарың соғыссыз жаулап алу ғой? Тәжікстан қыздарын да қатындыққа алып жатырсыңдар!
- Кешіріңіз, мешайт етпеңіз!-деді ол басын жұлып алып. Әйеліме әлдебір укол айдап, басын айналдырған ғой! Әйтпесе менің Қатипашым мұндай намыссыз емес еді...Әйелімнің қолымен қара қытайдың басына қойып қалдым! Сол екен, жұлынған қолдың саусақтары жыбырлап, қытайдың тамағына жабысты. Қылғындырып өлтіріп барады! Масқара, өлтірсе, мені соттайды! Оң қолға жармасып едім, жұлынған сол қол мені қылғындыра бастады... Шыңғырып ояндым, Менің даусымнан әйелім де шыңғырып оянды. Келесі бөлмеде жатқан балаларымыз да шыңғырып оянды... «Атаңа нәлет қара қытай! Қатынымды тартып алды...» --деймін сандырақтап...
- Ұйықтамай-ақ қойшы, таң атып қалды,--деп қамықты Қатипашым, --түс түлкінің түшкірігі...
Еңірей келіп, Қатипашымды құшақтай алдым...
-Ұйықтамаймын! Өмір бойы ұйықтамаймын! Қырағы қазақ боламын! Отанымды шексіз сүйемін! -деп кіжіндім. Бірақ біраздан соң есіней бастадым... Кешіріңіздер мырзалар, саяси түс көргенім үшін сотталып кетіп жүрмеймін бе?
«Абай-ақпарат»