• Қазақ
  • قازاق
  • Qazaq
Жексенбі, 14 Қыркүйек 2025
Біз әлеуметтік желіде:
  • Іздеу
  • Кебеже
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
  • Әлеумет
  • ABAI .TV
  • Соқыр фемида
  • 46 сөз
  • Редакция таңдауы
  • Білгенге маржан
  • Мәңгілік ел
  • Құйылсын көшің
  • Күбіртке
  • Біздің шенеунік
  • Саяси портрет
  • Анық
  • Аласапыран
  • Бұ не мазақ?
  • Әдебиет
  • Ағаш ат
  • Алашорда
  • Қысқа-нұсқа
  • Фото мұрағат
Арандату 18321 42 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 07:36

Қытай азаматтары Қазақстанға визасыз режиммен 72 сағатқа кіре алады

Шәріпхан Қайсар

Кешелі бері Қытай мен Қазақстан арасында визасыз режим орнауы мүмкін екені жайлы әлеуметтік желілерде даулы ақпараттар тарап, қазақстандықтар өз қарсылығын білдіріп жатыр. Бұл шудың ұштығы қайдан шықты? Ел неге дүрлігіп жатыр? Тиісті органдардан дер кезінде ресми жауап болмағандықтан Abai.kz ақпараттық порталы өз болжамын ұсынуды жөн санады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысымен Қытай және Үндістан елдерінің азаматтары Қазақстанға 72 сағатқа визасыз кіруге құқық алды.  Бұл визасыз режимнің уақытысы 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

Үкімет жетекшісі Сағынтаев қол қойған қаулыда "жетпіс екі сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялармен Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына (оларда қазақстандық авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда ғана) қолданылатыны" анық жазылған.

ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда, кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдарды жеткізген қазақстандық авиакомпаниялар өз қаражат есебінен ұйымдастырады.

Қош. Еліміз арқылы транзитпен өтетін Қытай азаматтары жайлы ақпараттың тонын теріс айналдырып, елді үрейлендіріп отырған кімдер? Жоқ, әлде Үкіметтің №175 қаулысынан өзге тағы басқа мәселелер қарастырылып жатыр ма? А,айтпақшы, екі елдің дипломаттары кездескенде визасыз режим туралы сөз болған. Елдің мына қарсылығынан кейін билік әр қадамын аңдап басар деп ойлаймыз. Онсыз да Қытай мемлекетіне деген қарсылық үдеп тұрған кезде қарапайым халықты арандатып алмайық, ағайын!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 

 

Ең көп оқылған

  • 1

    Саратовтан Қырымға дейін: Ресейде бензин жоқ!

    3 күн бұрын

  • 2

    Жолын ашып арманымның жүрші үміт

    2 күн бұрын

  • 3

    Жолдау: Сусыз тіршіліктің мәні де болмайды!

    5 күн бұрын

  • 4

    Тәңіршілдікті дін ретінде қабылдауға бола ма?

    5 күн бұрын

  • 5

    Кімдер қандай қызметтерге тағайындалды?

    5 күн бұрын


42 пікір

Үздік материалдар

Саясат

ШЫҰ саммиті: Өңірлік қауіпсіздік һәм экономикалық мүдде…

Abai.kz 5324
Жаңалықтар

Қыркүйекте қазақстанда емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан басталады

Abai.kz 1910
Жаңалықтар

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

Abai.kz 4141
Ақмылтық

ШЫҰ-дан шошымайық десек...

Әміржан Қосан 3695

Мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз!

Электронды таратылымға жазылыңыз

  • Жоба туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Мұрағат
  • Қолданушы шарты
  • E-MAIL: abaikzportal@gmail.com

  • Басты бет
  • Абай-ақпарат
  • Бас тақырып
  • Әдебиет
  • Ағаш ат
  • Алашорда
  • Қысқа-нұсқа
  • Саяси портрет
  • Саңлақ
  • Білгенге маржан
  • Мәңгілік ел
  • ABAI TV

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Құрылтайшысы: «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» қоғамдық қоры
ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде тіркеліп, №12996-ИА кәулігі берілді

2009-2025 © Abai.kz тобы