Менингит
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті - ҚР азаматтарының жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету. "Ауруын жасырған өледі" деген атам қазақ. Жан-жақтан жеткен суыт хабар жиілеп кетті.
Менингиттен қайтқандар саны соңғы кездері артқанын министрлік мойындап отыр. Ендеше неге дабыл қағылмайды?! Карантин неге жарияланбайды?! Нақты ресми ақпараттың тапшылығынан, журналистер там-тұм хабарды көшіріп басудан арыға аса алмай жатыр.
Дəрігерлердің аузына құм құйылған. Жоғары жақтан нұсқау солай шығар. Учаскелік дәрігерлерге бірнеше рет хабарластық. Министрліктегілер арқа-басты кеңге салып отырғанда дерт күрт асқынып, бақылаудан мүлде шығып кетсе қайтеміз?!
Ана ретінде балаларымның тағдырына алаңдаймын. Денсаулық министрлігі, тез іске кірісу керек!
Нәзия Жоямергенқызының Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz