Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2243 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 05:01

Ерқазы Айтмұханбетұлы. Қытай үшін қазақ тілі - өлі тіл

Қазақтың бір азаматы ретінде, бабадан қалған байлықты бағаламай жүрген жетесіздігімізге арлана отырып, бодандыққа түскенде де мойымаған батыр тіліміздің, тәуелсіздікте жүріп бопсаға түсіп жатқан сортаң тағдыры жайлы аздап ой айтуды жөн көрдім. Мен Қытайда туып-өстім. Атажұртқа келгеніме биыл төртінші жыл. Сонда жүріп көргендерімді, сезіп-түйгендерімді ғана жеткізсем деймін. Әрине, ана тілім жайында. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Қытай елі қазақтың әрбір қимылын, тыныс-тіршілігін қалт жібермей қадағалап отыр десем, артық айтқандығым емес.

Қазақтың бір азаматы ретінде, бабадан қалған байлықты бағаламай жүрген жетесіздігімізге арлана отырып, бодандыққа түскенде де мойымаған батыр тіліміздің, тәуелсіздікте жүріп бопсаға түсіп жатқан сортаң тағдыры жайлы аздап ой айтуды жөн көрдім. Мен Қытайда туып-өстім. Атажұртқа келгеніме биыл төртінші жыл. Сонда жүріп көргендерімді, сезіп-түйгендерімді ғана жеткізсем деймін. Әрине, ана тілім жайында. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Қытай елі қазақтың әрбір қимылын, тыныс-тіршілігін қалт жібермей қадағалап отыр десем, артық айтқандығым емес.
Қазақтың бір азаматы ретінде, бабадан қалған байлықты бағаламай жүрген жетесіздігімізге арлана отырып, бодандыққа түскенде де мойымаған батыр тіліміздің, тәуелсіздікте жүріп бопсаға түсіп жатқан сортаң тағдыры жайлы аздап ой айтуды жөн көрдім. Мен Қытайда туып-өстім. Атажұртқа келгеніме биыл төртінші жыл. Сонда жүріп көргендерімді, сезіп-түйгендерімді ғана жеткізсем деймін. Әрине, ана тілім жайында. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері Қытай елі қазақтың әрбір қимылын, тыныс-тіршілігін қалт жібермей қадағалап отыр десем, артық айтқандығым емес.Қытай елі Қазақстанмен қарым-қатынас орната бастағанда, жұмыс, негізінен, қазақ-қытай тілдерінде жүреді деп межелеген болса керек. Мұның дәлелі екі ел арасындағы барыс-келіс, алыс-берістің басы-қасында ол жақтағы қазақ азаматтары бой көрсетіп жүрген-ді. Қытайлар оларды елшілікке емес, аудармашылыққа тартқан еді. Ал кейін екі елдің ынтымағы жарасып, аралас-құралас молайған кезде, ондай аудармашылардың соқыр тиынға татымайтынын қытайлар білді. Қазақтар өз тілін сыйламайтынын зерттеп, зерделеді. Сөйтіп, орысшаны жақсы үйреніп алды. Кешегі хан Абылайдың тұсында қытай мен қарым-қатынас қазақ тілінде жүргізілді, бүгінде ол жаққа қатынас қағазы қазақша бармайтынын несіне жасырамыз? Қытай елінде Кеңес Одағы ыдырағанға дейін орыс тілі негізгі шетел тілінде оқытылып келген. 1991 жылдан кейін онда ағылшын тілінің мерейі үстем орынға шықты. Сондықтан онда орыс тілін білетін аудармашылар жетерлік деуге болады. Ең жаныма бататыны - Қазақстандағы тіл жағдайынан хабардар жұртқа, Қытайдан өзгені көзге ілмейтін өркөкіректерге, қазақ тіл «өлі» тіл болып қалғандығы. Өйткені өз ана тілін білмейтін қытай болмайды. Мейлі, ол әлемнің қай түкпірінде жүрсе де. Былайша айтқанда, қазақтардың өз тілін «сары майдай сақтап қойып», орысшаны оңды-солды «ысыраптайтын мырза қылықтары» миллиардты таңдандырды десек, артық айтқандық емес.

Өткен ғасырдың соңына қарай Қазақстан экономикасының жақсара түсуіне байланысты қытай кәсіпкерлері мен саудагерлері үшін қазақ елі арманға айнала бастады. Қазақстаннан да Қытайға бармаған адамдар санаулы шығар. Қытайға «арман» қуып барғандар мемлекеттік тілге деген мешеуліктерін көп өтпей-ақ өздері дәлелдеп берді. Жоғарыда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа орыс тілі жүретінін айттық. Бұл Үкіметтің ісі болса, былайғы халық та соны көрсетті. Саудагерлер орысша сөйледі. Ол жаққа топ-тобымен барып жатқан студенттер де орысша көсілді. Сосын мұнда ағылып келіп жатқан қытайлардан қазақшаны қалай күтесің? Онсыз да мұнай бұрғылау, бизнес жүргізу секілді өзекті мәселелердің орыс тілінде жүретіні баршамызға белгілі жәйт. Соңғы кездері ол жақта әлдебіреу орысша үйренуге бет бұрса, оған міндетті түрде «сен Қазақстанға шыққалы жүрсің бе?» деп сұрау дағдыға айналды. Бұны қорлаудың қай түріне жатқызуға болады, ағайын? «Сырт көз - сыншы», қанша кесірлі сөз болсада астарында шындық барын ішіміз сезеді. Тіпті атажұртқа табан тіреуді мақсат еткен қазақ жастарының шамасы келіп жатса, бірер ай болса да орысша курстан сауат ашып жатқандарына не дей аласыз? Ресейге бара жатса құба-құп. Өзінің тарихи Отанына келе жатқандарға не жорық? Осыны көріп отырып жүрегің қалай қан жыламайды?!

2001 жылы Бейжің қаласындағы орталық ұлттар университетіне оқуға түстім. Осында арғы негізін Кеңес Одағының ғалымдары қалаған түркі тілдері факультеті бар. Қазір ол ұйғыр филология факультеті және қазақ филология факультеті болып бөлінді. Мұнда қазақ тілінен, фольклорынан, этнографиясынан, тарихынан диссертация қорғаған қаншама қытай ғалымдары жұмыс істейді.

2002 жылы аталмыш университеттің шетел тілдері институты «орысша, қа-зақша, қытайша аудармашылық» деген және мамандық ашып, 30 шақты студентті тәрбиелей бастады. Бұл бүкіл Қытайда алғаш рет ашылып отырған мамандық түрі еді. Кейін осы мамандық ары қарай дамытылмай баяулап қалды. Неге десеңіз, бұл жақтан оларға сұраныс, қолдау дегендер атымен болмапты. Елшіліктен бірер адам барып екі ауыз жылы сөзін айтып, «қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» секілді бірер материал сыйлап қойса, соның өзі қаншама нәтиже берер еді. Өзгелердің өз діні мен тілдерін Қытайларға жарнамалап, сол үшін қаншама қаражаттарын төгетінін көргенде, қарадай қынжыласың. Бұл жайдан-жай қолға алынған шаруа еместігі анық. Қытай гуманитарлық ғылымдар академиясына қарасты Орта Азияны зерттеу институтының жариялап жатқан материалдарымен «Орта Азия хабарлары» секілді БАҚ мәліметтерінің нәтижесі, 2020 болмаса да болашақта қазақ тілінің салтанат құратынына сенім білдіргендіктен, алдағы қажеттілікке дайындық деп түсінуіміз керек. Әрі кейінгі кездері мемлекеттік тілге деген құрметтің оң нәтижелерімен байланыстырып қарау үшін.

«Тілге құрмет - елге құрмет». Бұл еліміздің халықаралық абыройына тікелей қатысты мәселе. Екінші, төл теңгемізге тек қана қазақша жазып, базарды қазақшаға көшірсек, қазақ тілінің қадірі артатыны сөзсіз. Қысқасы, қаржы саласын қазақшалау керек. Үшінші, қазақшаға басшыларымыз баса назар аударса шіркін. Төртінші, қазақ тіліндегі өлшемге түсірілген ісқағаздары үлгісі көрсетілген кітаптар таралымы кеңейтіліп, бағасын арзандатып шығарса. Жақында ғана Алматыдағы бір дүкеннен осындай құралдық кітаптың бес мың теңгеден сатылатынын көрдім. Ал Астанадан жиырма бес мыңға да таба алмайсың.

Алдыңғы жылы бір газетте Ақтөбелік әлдебір заңгер жігіттің әдемі сұхбаты жарияланып еді.  Сонда әлгі жігіттің «Бүгінгі қолданыстағы заңмен де қазақ тілінің қолданылу аясын 85 пайызға дейін кеңейтуге болады» - деп айтқаны есімде қалыпты. Оның тәжірибиесіне сүйенсек, тіл туралы заңды белінен басқандарды лып еткізіп сотқа бере сал. Ар жағын сотпен өзі шешісіп жүрсін дейді. Осы ой менің көкейіме қатты қонады. Мүмкін, заң арқылы орынды уәжге жүгінуді әрбір тіл жанашыры дәл осылай дағдыға айналдырса, жаман нәтижесі бермесі анық.Өйткені тіл өзгеге емес, өзімізге керек.

www.masa.kz сайты

0 пікір