Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1989 0 пікір 14 Ақпан, 2011 сағат 05:10

Бірінші ханымның мерейтой кешінде Қазақстан президенті оның сүйікті әндерін орындап берді

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ - 12 ақпанда еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның мерейтой кешінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның сүйікті әндерін орындап берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, С. Назарбаеваның балалары мен немерелерінің қатысуымен мерекелік кешкі ас Алматыда «Royal Tulip» қонақ үйінде өтті, деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне ақпаратқа қанық дереккөз.

Бұл салтанатты кешті ресейлік әртістер Лариса Гузеева мен Владимир Винокур жүргізді.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, кеш қонақтарының алдында өзбекстандық «Ялла» тобы, Грузияның танымал әншісі Вахтанг Кикабидзе, Ресейден келген сығандар ансамблі және қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

«Бірақ Сара Алпысқызына Нұрсұлтан Назарбаев, қыздары Дариға, Динара, Әлия, немерелері орындаған қазақ және орыс әндері қатты ұнады. Бұл жоғары бастықтардың қатысуынсыз, жақын туған-туыстардың ортасында өткен отбасылық кеш болды», - деп хабарлайды дереккөз.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның бірінші ханымының мерейтойына арналған шаралар аясында Қазақстандағы митрополиттік округтың басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр С. Назарбаеваға Орыс православ шіркеуінің «Атақ және Құрмет» орденін табыс етті. Білім және ғылым министрлігі С. Назарбаеваның туған күні құрметіне ҚР бірінші ханымының қызметі туралы кітап көрмелерін, балалар суреттерінің, шығармаларының, құттықтау ашықхаттарының, қолөнер бұйымдарының конкурстарын, әндер фестивалін ұйымдастырып, мерекелік концерттер өткізді. Алматыдағы оқушылар сарайында қала мен республиканың белгілі әртістері мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Махаббатқа толы жүрек» шарасы өтті.

Еске сала кетейік, 2010 жылдың 1 қырқүйегінде С. Назарбаеваның бастамасымен ҚР білім ұйымдарында жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Өзіңді тану» рухани білім бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543