Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 7956 0 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:39

Менингитпен ауырмау үшін не істеу керек?

Менингит ауруы ерте кезде пайда болған екен.  Бұрынғы кездері бұл ауруға ем табу қиынға соғып, сол кездерде шалдыққан адамдардың көбі қайтыс болып кететін болған. Уақыт өте келе, медицина дамып, аурудың екпесі де ойлап табылды.  Ол екпені алғаш рет 1887 жылы А.Вейксельбаум ойлап тапқан екен.

Қазіргі уақытта көбінесе Африка, Сауд Арабиясы сияқты елдерде бұл ауруға көптеп шалдығып жатады. Бұған басты себептің тазалықтың сақталмауы, күнделікті тұтынатын судың да таза болмауы, жалпы бактерия мен вирус жұқтырудың түрлі жолдарымен келеді.

Негізінде бұл ауру вирус, тұмау, герпес, қызылша, қызба аурулары асқынса пайда болады. Сондай-ақ, бактериялар және Менингитті тудыратын менингококк бактериялары бар.  Менингит көп жағдайда ауа арқылы жұғады. Алайда, кейбір бактериялар сумен, тамақпен де жұғуы мүмкін екенін ескеріңіз. Тұмаудан толық жазылмаса, тіпті, денеге түскен кішкентай жарақаттардан да пайда болады.

Бүгінгі күні бұл ауру түрінің халық арасында үрей туғызып, белең алып келе жатқанына басты себепкер халықтың  аурудың алдын-алу шараларына немқұрайлы қарауынан.  Себебі, инфекцияның өзі жұртшылық көп жүретін ортада, кез-келген адамға жөтелу арқылы, түшкірген сәтте жұғып үлгереді. Әрине, күнделікті жұмыс орыныңызда отырған кезде, бөлмеге уақытылы ауа кіргізіп, желдетіп отыруды да ұмытпау керексіз.

Кейбір деректерге сүйенсек, әлемде бұл аурудан ауыратын әрбір оныншы адам қаза болады екен. Бактериалды менингит кезінде денеде теңбіл дақтар пайда болып, ауырған науқас бірнеше сағаттың ішінде қаза болып кетуі мүмкін.

Егер де дене қызуыңыз 40 градусқа көтеріліп, бас ауырып, жүрегіңіз айнып, әлсіздік пайда болса, тамаққа тәбетіңіз тартпай жатса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Менингит адам көп жерде тезірек таралатындықтан да алдын-ала сақтану шараларын жасау керек. Адамдар көп болатын жерлерде жүруден аулақ болыңыз. Әсіресе, түрлі мерекелік концерттер, кинотеатр, сауда орындары тағы да басқа халықтың жиі бас қосатын орталықтары.

Менингитпен ауырмау үшін не істеу керек?

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз;

Жеке бас гигиенасына басты назар аудару керек;

Бактериялар мен вирустарға қарсы екпе алу;

Ауру адамдармен кездеспеу керек;

Қолыңызды тамақтанудың алдында жуып, көкеністер жеуден бұрын да жуу керек;

Иммунитетті көтеріп, дәрумендер қабылдап,  таза ауда көбірек серуендеу керек;

Қазіргі интернеттің дамыған заманында, көзі ашық көкірегі ояу әрбір азамат осындау ауру түрлері туралы кеңінен ақпарат алып, дәрігерлердің кеңесіне жүгіне алады. Сондай-ақ кейбір қалаларда осы аурудың белең алуына байланысты арнайы сенім телефондары қызмет етуде.

Еліміздің БАҚ беттерінде осы ауруға байланысты арнайы  мамандардың пікірі алынып, дәрігерлер халықты дер кезінде емделуге шақыруда.

«С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің » Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, Тұрғындарды иммундау жөнінде Консультативтік комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Ералиева Менингит ауруы туралы ақпарат берген болатын: « Менингококк – ол бактерия. Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы (A, B, C, W135, Y, X) адам өміріне қауіпті. Бұл бактериялар мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады және бір адамнан екіншісіне жеке тығыз байланыс кезінде, бір мекемеде бірге ұзақ отыру кезінде жұғады. Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігінің жоғары болуымен қауіпті. Одан аман қалған әрбір бесінші адамды өмірінің соңына дейін сіңірдің тартылуы, аяқ-қолдың қозғалмауы, бүйрек аурулары, кереңдік және ақыл-естің кемістігі тәрізді шектеулер мазалайды деп есептелінеді. Менингит – ол өте қауіпті инфекциялық ауру, бас және жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы және түрлі бактериялар мен вирустардан туындауы мүмкін. Менингококк менингиттері (менингококк қоздырғышы тудырған)  аса қауіпті.  Менингитке апаруы мүмкін пневмококк және гемофильді инфекциялар Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кіреді.»

Ал, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге берген мәлімдемесінде: «Әзірге ешқай жерде (әскерилер, студенттер және басқалары) вакцинация басталған жоқ. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімді қолдамайды. Иммундау комитетібұл шешімді қабылдаған жоқ. Вакцина бөлшек желіде сатылып жатыр. Вакцинаның бағасы қымбат, басқа вакицналар секілді. Негізі бұл өте қымбат фармацевтикалық тауар. Бүгінде бағаның өсіп кетпесі үшін, алып сату болмасы үшін біз барлық жүйелерді қолданып жатырмыз. Бүгін-ертең осы мәселемен толыққанды жұмыс істейтін боламыз» деген болатын.

«Федералдық дәрігерлік-биологиялық агенттіктің балалар инфекциясы ҰҒИ» ФМБМ инфекциялық аурулардың алдын алу бөлімінің жетекшісі Сусанна Харит менингит ауруының алдын алу үшін қолданылатын вакцинаның ақша төлеу арқылы берілетінін түсіндіріп өтті: «Оның себептерінің бірі  – қаржыландыру. Ол – ең қымбат екпелердің бірі. Бірақ ауру салдары өте ауыр болуы мүмкін. Ағылшындар менингококктың иммундық профилактикасын тегін екпелер күнтізбесіне қалай енгізгенін білесіз бе? Менингококк инфекциясымен ауырып, оны жеңіп шығып, алайда мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы бұл мәселеге назар аударту үшін қоғамға осы оқиға туралы ашық айтты. Ауру салдарынан баланың аяқтары мен бір қолы ампутацияланып, бүлдіршін қыздың күнделікті өмірі түсірілген бейнеролик ғаламторға жарияланды. Ол Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі тегін иммундау туралы шешім қабылдауы үшін көп қол жинаған. Нәтижесінде Англия менингoкокк инфекциясы профилактикасын күнтізбеге алғаш болып енгізген ел атанды.  Ал басқа елдерге қарасақ, менингококк инфекциясына қарсы вакцина Еуропа елдерінің үштен екісінде егіледі, алайда менингококктың барлық түріне қарсы вакцина олардың бәрінде жасала бермейді. Англия, Австралия, жуырдан бастап АҚШ менингококктың 5 негізгі түріне қарсы екпе егеді. «Менингококк белдеуі» бар Африка елдерінде тұрғындарды егу деңгейі жоғары, бірақ вакцина барлық бактерияларды қамтымайды. Қазір Африка құрлығы елдерінде көпвалентті вакцина қолдану қажеттігі туралы мәселе көтеріліп жатыр.»

Көгершін Тілеген

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394