Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1917 0 пікір 15 Ақпан, 2011 сағат 22:45

Көкжалдың көз жасы

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті исі Алаш жұртының қабырғасын қайыстырар ауыр қайғыға душар болды. Бүгін Қытайдағы қазақ қаламгері, біртуар сөз зергері, дегдар жазушымыз Қажығұмар Шабданұлы таңғы сағат тоғыздар шамасында 86 жылдық азапты да өнегелі ғұмырын аяқтап, Шәуешектегі өз үйінде ұзаққа созылған ауыр науқастан дүние салды.

Шығыс Түркістанда тұрып, қазақ ұлтының намысын жыртып, ұлтымыздың ұлы кеудесін ұлықсыған мықтылардың біріне   бастырмау жолында аянбай күрескен ол Үрімжінің қандала мен бүргеге толы зынданы мен тарғыл құмы табаныңды күйдірер бетпақ өлке Тарымның небір сұрқай заңы мен зәкүнін көре жүріп, «құдіретті тергеушілерінің» алдында  мойымады. «Қылмыс» атты алты томдық көркем романы арқылы өз заманының зымиян қатпарын, сұрқия тігістерін ақтарып көрсетті.

Бар тілегі мен зар тілегі -  кіндік қаны тамған киелі өлкесіне, туған жеріне, қастерлі отанына оралу еді. Сол үшін де көкірегін қарс айырған қасіреті мен арманын ақтарып Қазақстан Президентіне екі ерт хат та жазған...

Жуырда жанын ауру қинағанда осы беттегі сүт кенжесі Жайнарды шақырып алып, Тәуелсіз Қазақ елі арыстығын жоймасын деп, ырымдап, өзі азан шақырып  атын қойған Еларыс жиенін құшақтап: «Мен жетпегенге сен жет! Ұрпағым ұлы топырақта туған менен бақытты ешкім жоқ! Еліміз арыс болсын» деп еңкілдеп, көзінен ыстық жас ағызған деседі... Көкжал-ғұмырдың көз жасы да тектен-тек ақпайды екен-ау.

Барша Алаш жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір