Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3305 0 пікір 15 Ақпан, 2011 сағат 09:53

Болыс боламын

Мен өзім... Б шаһарында сауда кәсібімен күнелткен бір адам едім. Кәсібім берекеленіп біразырақ сома жасадым; мырза, жақсы жігіт атандым. Бір уақытта елдің ақсақал, қарасақал, қажысы, молдасы келіп: «Мырза, бұрынғы болысымыз жаман. Ел бұзылып барады, сен өзің әділ жүретін адам едің, болыстыққа сайлансаң елге бір түзушілік болар ма екен. Шығын шығартпаймыз, расход қалдырмайсыз, шығын болса, ортадан өзіміз төлейміз», деп үйімнен шықпай жатып алысты. Мен бұрын тәжірбие көрмеген жас адам болған соң, іздесең табылмайтұғын бақты құдай айдап есігіме әкеп берді ғой деп елігіп, басқа ағайын-туған жақындарымды жинап кеңес қыла бастадым. Сол арада: «Бәленше болыс болмақ түгіл атының басын түзу алып жүрсе жарар», деп шақпа тілдер шыға бастады. Мұны естіп бұрынғыдан артық қызулыққа кірдім. Пәленше болыстыққа сайланады деген сөз да ел арасына жайылып кетті. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дегендей намыстанамын деп тәуір ғана шығынға да батып қалдым. Әбден шыға алмастай болған кезімде  баяғы үйімнен шықпай жатып алған қажылар, ақсақалдарымның түрі бұрынғыдай болмады. Бір күн біреу келіп: «Өзді-өзіміз бұрынғы болыс ағайынымызбен араз едік; араздықпен кісі не айтпайды, енді сөзінен шыға алмай тұрмыз, һәм бәленше сома ұсынып жатыр, сен қалай қыласың?» дейді.

Мен өзім... Б шаһарында сауда кәсібімен күнелткен бір адам едім. Кәсібім берекеленіп біразырақ сома жасадым; мырза, жақсы жігіт атандым. Бір уақытта елдің ақсақал, қарасақал, қажысы, молдасы келіп: «Мырза, бұрынғы болысымыз жаман. Ел бұзылып барады, сен өзің әділ жүретін адам едің, болыстыққа сайлансаң елге бір түзушілік болар ма екен. Шығын шығартпаймыз, расход қалдырмайсыз, шығын болса, ортадан өзіміз төлейміз», деп үйімнен шықпай жатып алысты. Мен бұрын тәжірбие көрмеген жас адам болған соң, іздесең табылмайтұғын бақты құдай айдап есігіме әкеп берді ғой деп елігіп, басқа ағайын-туған жақындарымды жинап кеңес қыла бастадым. Сол арада: «Бәленше болыс болмақ түгіл атының басын түзу алып жүрсе жарар», деп шақпа тілдер шыға бастады. Мұны естіп бұрынғыдан артық қызулыққа кірдім. Пәленше болыстыққа сайланады деген сөз да ел арасына жайылып кетті. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дегендей намыстанамын деп тәуір ғана шығынға да батып қалдым. Әбден шыға алмастай болған кезімде  баяғы үйімнен шықпай жатып алған қажылар, ақсақалдарымның түрі бұрынғыдай болмады. Бір күн біреу келіп: «Өзді-өзіміз бұрынғы болыс ағайынымызбен араз едік; араздықпен кісі не айтпайды, енді сөзінен шыға алмай тұрмыз, һәм бәленше сома ұсынып жатыр, сен қалай қыласың?» дейді. Жазған құлда шаршау бар ма, «Қой, қажеке, ол пәленшеге ол пәлендей ақша берсе, мен пәлендей артық берейін», деген соң нан деп, құран ұстап уәде қылды. Бір заманда баяғы қажылар, ақсақалдарымның біреуі тағы келіп: «Мынау жігіт менің інім еді, көптен өкпелесіп жүретұғын едік. Мұны бірдемемен риза қылмасаң жөні келетұғын емес», деді. Сөз жоқ, риза қылайын дедім, һәм риза қылдым.

Бір күні баяғы қажылар, ақсақалдарым тағы келіп: «Біздің ауылнайымыз екі партия еді, бір жағы бөлініп кетеміз деп жатыр, сен қалай да ұлықтарға таныссың ғой, соларды ұлыққа айтып бірдеңе қылшы», десті. Қайтейін, өйтіп, бүйтіп біраз расходпен оны да бітірдім. Осылай тәуір шығынмен тас жинап болыс болдым. Ішімнен: «Болыс болсам ақсақалдар,  қажылармен ақылдасып елге әділдікпен үкім қылып, арам орынға шашылған ақшаның күнәсін біраз жеңілдетермін», дедім. Іс олай болып шықпады, шықпағанның мәнісі: болыстығым қолыма тиген соң, халықтың жай-жапсары қалай екен білейін деп елге шықтым. Байқасам, баяғы жақсы болыс іздеп ел түзелсін деп жүрген қажылар, ақсақалдарымның ойы ондайдағыдай көрінбейді. Бәлки қара бұқараны бірін-бірі ұрыстырып, жанжалдастырып, пара жиып, пұл түсірмекте. Қайдағы қырық жылғы дауды даулап берекесіз жұмыс қылмақта. Аңшының итіндей болыстың соңынан еріп жүріп ет жеп, қымыз ішпек. Өздері қойған болысты жөнді-жөнсізге айбар қылып арам-халал демей аузына не түссе де жеп жұтып қоймақ талабында жүрген, дег жұрт бұзатұғын бұзушылар екен. Суреті болса да пиғылы не деп айтуға болар емес.

«Айқап» журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520