Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 1915 0 пікір 16 Ақпан, 2011 сағат 06:58

ҚР үкіметі 2011 жылға негізгі макроэкономикалық өлшемдерді түзетті (толықтыру)

Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) 2011 жылға еліміздің басты макроэкономикалық өлшемдерін түзетті.

«Нақтылауға 2011 жылдың қаңтарындағы салалық экономиканың даму нәтижелері негіз болды. Бұл нәтижелер нақты сектордың бірқатар салалары мен қызмет саласының қарқынды дамығанын көрсеткен», - деп мәлім етті экономикалық даму және сауда  министрі Жанар Айтжанова сәрсенбі күні үкімет отырысында.

Оның нақтылауынша, 2011 жылы мұнайдың әлем бойынша орташа бағасына қатысты болжам $65/барр деңгейінде қалады.

Министр 2011 жылы экономикалық өсім  5% деңгейінде болжанып отырғанын атап көрсетті, бұл бұған дейінгі болжамнан 1,9%-ға жоғары.

ЭДСМ бағалауынша, 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,8%-ға артады. Мұнай өндіру көлемі 81 млн тонна деңгейінде сақталады.

«Өнеркәсіп өндірісінің өсуіне тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі 3,5% және өңдеуші өнеркәсіптегі 7,3% деңгейіндегі өсім әсер етеді... Бұл сусындардың, химия өнеркәсібі өнімдерінің, мұнай өнімдерінің, басқа да металл емес минералдық өнімдердің, машина жасау өнімдерінің өндірісінің артуына байланысты», - делінген сәрсенбі күні таратылған министрдің баяндамасында.

2011 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 5% артады, бұл бұған дейін мақұлданған болжамнан 1,3%-ға көп.

Қызмет көрсету саласындағы өндіріс көлемі бойынша болжам да жылдық көрсеткіште 2,3%-дан 5,5%-ға дейін арттырылды.

«Нақты секторда болжанып отырған жоғары өсімге байланысты қызмет көрсету саласына қатысты болжам 2,3%-дан 5,5%-ға дейін өзгертіліп, нақтыланды. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, сауда көлемі 7%-ға артады, бұл осының алдындағы болжамнан 3%-ға көп, көлік қызметі 7%-ға артады ( бұрынғы болжамнан 4%-ға көп), ақпарат және байланыс қызметтері 8%-ға артады (1,8%)», - делінген баяндамада.

Үкіметтің болжамына сәйкес, сыртқы сауда айналымы $6 млрд-қа артады.

«Болжамға сәйкес, 2011 жылы экспорт $59,058 млрд құрайды, бұл бұған дейін мақұлданған болжамнан $5,515 млрд-қа көп. Экспорт бойынша жоғары көрсеткіштерге ауыл шаруашылық тауарлары мен негізгі тауарлардың әлемдік бағасының болжамдарының өскені әсер етті», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2011 жылы тауар импорты $33,768 млрд құрайды деп болжанып отыр, бұл бұған дейін мақұлданған болжамнан $464,1 млн-ға көп.

0 пікір