Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2161 0 пікір 16 Ақпан, 2011 сағат 06:59

Қазақстан елшісі ШриЛанка президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Астана. 16 ақпан.ҚазТАГ - Коломбода Қазақстанның Үндістандағы, Шри-Ланкадағы елшісі қызметін қатар атқаратын Дулат Қуанышев Шри-Ланка президенті Махинда Раджапаксаға сенім грамоталарын тапсырды,деп хабарлайды сәрсенбі күні СІМ-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 14 ақпанда өткен кездесу барысында тараптар «бейбітшіліктің, этносаралық және дінаралық келісімнің мәні мен маңызын атап көрсетті». «Д.Қуанышев толеранттылықты насихаттау Қазақстанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен табысты жүзеге асырылып отырған саясаттың басты құрамдастарының бірі болып табылатынын айтты», - делінген ақпаратта.

Осы күні Д.Қуанышев Шри-Ланканың экономикалық даму министрі Б.Раджапаксамен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері, екі елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылап, халықаралық және аймақтық саясаттың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан мен Шри-Ланка арасында тікелей әуе қатынасын ашу екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті», - делінген ақпаратта.

0 пікір