Жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін Бельгия ханзадасы жүргізушілік куәлігінен айырылды
БРЮССЕЛЬ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін Альберт ІІ Корольдің кіші ұлы, Лоран ханзада жүргізушілік куәлігінен айырылды,деп жазады жергілікті БАҚ.
Бельгиялық басылымдардың мәліметіне сүйенсек, Лоран ханзада Брюссельде сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүру керек жолда өзінің Fiat Punto Abarth автокөлігін сағатына 82 шақырым жылдамдықпен айдаған. Полиция хаттамасы рәсімделгеннен кейін, бельгиялық прокуратура Король отбасының мүшесінің жүргізушілік құжатын тәркіледі.