Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3619 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 04:13

Абайдың өлеңдері интерактивтік түрде шықты

Озық жаңа технологияға негізделіп жасалған оқу-әдістемелік құралдың арқасында хакім Абай өнегесімен интерактивті түрде танысудың, дала данышпанының ілімдерін электронды түрде меңгерудің мүмкіндігі туындады.

Бұл жобаны белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен "Interactive Kazakhstan" компаниясы қолданысқа енгізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ойшылдың "толық адам" тұжырымдамасына сәйкес "баланың жақсы болмағы - жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан" деген қағидасына негізделіп жасалған "Жақсы бала", "Жақсы ұстаз", "Жақсы ата-ана", "Жақсы құрбы-құрдас" атты жинақтардың "cөйлейтін" қаламсабы бар интерактивті нұсқасының және "Абайтану әліппесі" интеллектуалды оқу-әдістемелік кешенінің электронды нұсқасының тұсаукесері болды.

Аталмыш оқу құралдары 5-9 сынып оқушыларына арналған.

"Interactive Kazakhstan" компаниясының жоба менеджері Бижан Игенбаева:

- "Баламасы жоқ жаңа абайтану құралы жапондықтармен бірлесе отырып жасап шығарылды. Оқу-әдістемелік жинақтардың толық кешенінің бағасы шамамен 50 000 теңге көлемінде болады".

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489