Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2226 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 13:49

ҰРПАҒЫҢДЫ ЖАТҚА БЕРМЕШІ, ЖАРҚЫНЫМ!

Мен бірнеше ұл-қыз өсіріп, олардың бір-бір отау болып отырғанын көріп отырған бақытты аналардың бірімін. Оның үстіне ұзақ жыл мектепте ұстаздық еттім, көптің баласын оқытып, оларға да көрген-білгенімді үйреттім.
Осы жасымда ұққаным - біз қанша жерден жастарды жақсылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, адалдыққа үйретіп жатырмыз, бәрібір солардың қайсыбірі өз дегендерін жасап бағуда. Сонда олардың өз дегендері не? Ол - маскүнемдік, жалқаулық, көрсеқызарлық, жатыпішерлік, қаңғыбастық. Осындай жаман әдеттерге жастайынан бой алдырған адамды дұрыс жолға салу өте қиын. Бұзақылық, айуандық жолды таңдаған олар пенде біткен естіп-білмеген, көрмеген сорақылықтардың түрін шығаруда. Жасыратыны жоқ, қазір нашақор да, оң жақта отырып алып, дүниеге әкесіз бала әкелетін де - біздің қаракөздер. Содан келіп перзентханада да, сәбилер үйінде де, интернаттарда да тастанды балалар толып жүр. Әрі солардың 90-95 пайызының өзіміздің қазақтар екенін көргенде, қалайша жаның ауырмайды?!

Бірде республикалық теледидардан тастандылар туралы тым-тәуір хабар беріп жатыр екен. Хабардың соңына қарай көк күртеше киген үш-төрт жасар баланы ақ нәсілді шетелдік жігіт қолынан жетектеп, ұшаққа мінуге алып бара жатыр. Шіркін-ай, сондағы баланың жасаураған көзін көрсеңіз ғой, артына жалтақ-жалтақ қарайлап, елді, бізді қимай бара жатқандай… Мен осы тұста өзімнің қалай қобалжып, жылап қалғанымды байқамай да қалдым. Қайтсін, қолынан келер қайран жоқ, өзіне әлі ес кірмеген сәби үлкен кісінің жетегінде кетіп барады…
Дәл осы аянышты көрініс ана, әже болып отырған менің көз алдымнан, есімнен бір кетпей қойды. Ойлай берсем, жүрегім ауырады. Шіркін-ай, жәудіркөзімізді қалайша оп-оңай жатқа беріп жіберудеміз? Ол зат емес, киім емес, тағам емес - адам баласы ғой! Әрине, тастанды баланы біздей «тойдан қайтып келе жатқан» адамдарға бермейді, бірақ, жас отбасыларының, балаға зәру жұптардың оларды бірді-екіден асырап алуларына әбден болады емес пе? Сонда үкімет үйлеріндегі көздері жәудіреп, көрінгенді «анасы» мен «әкесіне» ұқсатқан балалар қатары сирер еді. Олардың өз отбасы, әке-шеше, бауырлары болар еді.
Сөзімнің соңында, өзімнен кейінгі жастарға аманат ретінде тастанды сәбилерді өзегінен теппей, әрқайсыңыз бір-бірден болса да бала етіңіздер, қамқорлаңыздар, олар бөтен емес, өз қанымыз дегім келеді.

Алма САЛЫҚОВА, білім беру саласының ардагері, Балықшы кенті.
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588