Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 17 Ақпан, 2011 сағат 23:31

Әлихан Бөкейхан .Қазақтың тарихы (жалғасы)

Күні бүгін дүниеде һеш нәрсенің асылы білінбей қалған жоқ. Һәр нәрсенің түбі тексерілді, асылы білінді. Білімі артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі адам баласының асылын, нәсілін тексеріп болып, барлығын кітапқа жазып шығарды. Бөтен жұрттар қатарында ала-бөтен - біздің қазақ халқының асылы тексеріліп, тарихы жазылған жоқ.

Бұ күн Азия картасының төрттен біріне ие болып тұрған қанша миллион қазақтың тарихы көмескі қалыпта тұрған жайы бар. Тарих ғылымында қанша тарих жазушылар шығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асылын анық қып айтатыны жоқ. Арабша, түрікше, орысшада біз көрген кітаптарда қазақ турасында жазылған сөздердің бәрі де хақиқатқа халаф - шіп-шикі өтірік, қанағат табарлық һеш бір сөз жазылған жоқ.

Тарих кітаптарындағы көп хатаның бірі - тарих жазушылардың һеш бірі қазақ пен қырғызды айырмайды. Қазақ - қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында асылар ілгі жоқ. Түркімен менен башқұрт қандай басқа-басқа ел болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа-басқа ел. Орыстардың, әсіресе үкіметтің, қазақты қазақ демей, қырғыз деп жүргені рас, бірақ олар өзінің атты «Казачий» әскерінен айыру үшін - жаңылыс болса-дағы - қазақты қырғыз атап жүр. Өзіміздің түрік қауымдарының, әсіресе басшыларының, қазақ пен қырғызды айырмағаны хата, кешпестік айып (!).

Қазақтың қырғыз атанбай қазақ атанғанын тәуір көруі орыстың қазаққа ұқсауы үшін деген ноғайларда бар. Мұнысы бет алдына ылаққан сөз. Тарихтың көрсетуі бұған ереуіл келеді. Орыста бұрын атқа міну әдеті болмаған. Осы күнгі хохолша сиыр жегіп, өгіз мініп күн көрген.

Бір сыпыры халқы, түріктерден көрмекші, салт-әдет айтып, біздің қазаққа ұқсағаннан соң «Казаший» («Казачье войско») атанып кеткен. Орыстың атты әскері қазақпын десе, біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші  емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы.

Орысша оқыған қазақ жастарының мойнына алатын бір жұмысы: мекемеден шеткері болған һәр бір істі орында, һәр бәр істе «киргиз» деген жаңылыс атты қойып «казак» деген атты қолдауы тиіс. Бұл болмайтын іс, ағынға қарсы (против течения) деген сөз - сөз емес, біз - суды теріс ағызған атаның баласымыз!

Қазақтың тарихы турасында және екінші хата: осы күнгі қазақты ұлық Шыңғыс ханнан бұрынғы замандарда болған қырғыз қауымының нәсілінен деп түсіну (!). Олай түсінудің хата екендігі аз ойлау менен білінетін нәрсе. Осы күнгі қазақ(тың) ол қырғыздың нәсілінен емес екендігіне дәлел толып жатыр.

Осы күнде қазақта қыпшақ, арғын, керейіт, найман, қоңырат деген рулар бар. Бұл рулар анау қырғыздардан басқа болып, олар менен қатар жүріп, қатар тұрған елдер еді. Енді қырғызбенен қатар жүрген найманды қалай бұрынғы қырғыздың нәсілінен деп айтуға болады?!

Қырғыз бен қазақ арасында қандай басқалық барлықты, сөздің реті келген сайын баяндап тұрмақпыз. Әзір ұғатынымыз мынау: қазақ бен қырғыз басқа қауым; бұл қазақ хазірет Ғайсаның (Иса) ар жақ, бер жағындағы қырғыздың нәсілінен емес, қазақ «киргиздікті» қойып, қазақты қуаттауы тиіс.

«Қазақ» газетасының екінші нөмірінен басталып «Қазақтың тарихы» жазылып тұрмақшы. Бұл жазатын тарихымыз онан-мұнан құралған тарихқа тиісті сөздер емес, нағыз шын, жете тарих дәрістері болады. «Қазақ» газетасын үзбестен оқып тұрған адам қазақтың тарихын жете білуге болады.

Қазақтың тарихына тиісті сөздер, материалдар жазып басқармаға жіберуші болса, «Қазақтың тарихын» жазғанда пайдаланып тұрмақпыз, һәр кімнің істеген-білгені болса, жазып тұруын өтінеміз.

«Ғалиа» шәкірттерден Құл Мұхаммед әпенді Оразаев және балалары Мәшһүр «Асан қайғы» турасында есітіп-білгендерін жазып басқармаға жіберіпті. Мұның ішінде біз пайдаланарлық сөздер көп.

Түрік баласы.

«Қазақ» газеті, № 3, 1913 жыл.

0 пікір