Жұма, 22 Қараша 2024
4088 0 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:06

Қазақстан: Қырғызстандағы күйдіргі қорқыныш туғызбайды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанда ірі қара малда кездескен күйдіргі індеті елге қауіп туғызбайды деп мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлы бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов қазіргі жағдай жіті тексеріліп жатыр дейді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда күйдіргі індетін жұқтырды деген күдікпен 11 адам ауруханаға жатқызылған.

"Қырғызстаннан тірі қара мал әкелінбейді. Ет өнімдерін нарыққа жеткізетін арнайы кәсіпорын бар. Біз 11 адамның ауырып, ауруханада жатқанын білеміз. Қырғыз әріптестермен бірлесіп жұмыс істеп, мәселені шешеміз", – деді Өтеғұлов.

"Аса қауіп жоқ. Ең алдымен аурудың көзін іздеу керек, қалай пайда болғанын анықтап, сосын барып нақты шешім қабылдауға болады", – деді комитет төрағасы.

25 маусымда Қырғызстанның Базар-Коргон ауданы, Жаны-Акман ауылының тұрғыны дәрігерлік көмекке жүгінген. Оны күйдіргі індетін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызған. Бүгінгі күні емханада малды сойып, бөлуге қатысқан 11 адам жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321