Нұра Матай. Поптардың пиығылы
Поптардың пиғылы жаман. Олардың бір саусақтары ішіне бүгулі болуына баяғыда бас сүйегі қурап қалған патшалық Ресей, елесі бүгінгі Крмельді кезіп жүрген совет өкіметі, қазіргі өзінен-өзі тәуелсіздік алған Ресей поптарды қашанда қолдап, қуаттап, қаржыға созған қолдарын қақпай мемлекеттік отарлау саясатының белсенді бөлігі ретінде пайдаланып келеді. Үш рет өңін өзгерткенмен, ниеті мен пиғылы сары майдай сақталып келе жатқан Ресей қазақты шоқындырып жіберу саясатын әлі де ұстанып келеді. Шоқынған жанды орыс деп есептей берсеңіз болады.
Қара орыстың қарасы қанша болды екен? Есеп жоқ. Елеп жатқан ел де оның билігі де жоқ.
Өткен жылы елдегі орыс поптары (http://old.abai.kz/node/6021) Қазақстандағы храмдарда қазақша мінәжат етуге жол ашып жатырмыз деп жар салған. Оны біздің мойынсыз мүфтиат «Бұл - қазақ тіліне деген жанашырлық» деп қабылдап, жүрегі жарыла жаздап қуанған. Содан шу ете қалдық. Сол баяғы қазақ баспасөзі. Сөйтіп едік, поптар қазақша мінәжаттың артын құмға сіңген судай қылып жіберді.
Соңғы жылдары Кремльдегі қабылдаударда бой көрсетіп, белсене қалған поптардың қазақты шоқындыру саясатының түбі тереңде екен.
Міне, қараңыз:

«Генерал-губернатор Колпаковский 1887-1888 жылдар бойынша есебінде: «Қырғыздардың арасына орыс шаруаларын село және қала етіп қоныстандыру мен үшін оңайға түскен жоқ. Орыстар қырғыз даласына өздерінің тілдерін, әдет-ғұрпын және православие дінін ала келді. Мен мұны қырғыздарға әсер етпейді деп айта алмаймын», жазып, бұдан былай енді бұл үдеріске мақсаттылық сипат бере түсу үшін: «Уақытша Ереже талаптарынан шықпай, христиан дінін қабылдаған қазақтарға жер, орман бөліктерін сыйға тарту, сонымен қатар жұмыс көлігін беру, жер өңдейтін құралдармен қамтамасыз етіп отыру керек. Жақында Семейге Алтайдан бір миссионер келіпті. Әрине, ол қазақ даласы үшін өте аз. Мен оған құзырымыздағы қазақтарды христиан дініне қабылдасақ, оларға ақшалай, заттай сыйлықтар және Букеньскийден 600 десятина жер бөлінетінін мәлімдедім. Омбы епископына жылына мемлекет тарапынан 19 мың сом ақша бөлініп тұрады. Сондықтан да Омбы епископы миссионерлік қызметті жандандырып, қазақтарды христиан дініне қабылдауға ерекше күш салуы керек», - деген нақты ұсыныстар мен шараларды белгіледі». (Мәмбет Қойгелдиев, «Алаш қозғалысы», бірінші том, 96-97-нші беттер)
Міне, 19 ғасырдан басталған шоқындыру арқылы қазақты біржолата жою, орыстандыру саясатының көрінісі. Бүгінгісі - қазақша мінәжат. Қазіргі шоқындыру саясаты - біздің өзіміздің жасап берген ұзын арқан, кең тұсауымызға арқа сүйеп, сүйеніш тауып отыр. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне балап, «алақанымызға салып аялап, көзіміздің қарашығындай қорғап» отырған ұлтаралық және дінаралық татулық поптардың баяғыдан келе жатқан ісін қайта жандандыруына жол ашып отыр. Бұған Қазақстанның Ресейге деген алабөтен махаббатын қоссаңыз, храмның бейнесі құлпырып шыға келеді.
Және бізде мемлекет құрушы ұлтты өзге діннің, діни ағымдардың, ұлтты бөлшектейтін кез келген сыртқы күштен сақтау жөнінде ешбір бағдарлама, ұсыныс, әрекет деген атымен жоқ. Керісінше, ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздырушы деп айыптап, мемлекеттің негізі болып табылатын ұлт өкілдерін түрмелеу, соттау бар. Сонда билік кімнің жағында? Оның алысты көздеген мақсат-мұраты қандай? Жоғарыда келтірілген тарихи деректен Ресейдің шоқындыру арқылы отарлау саясатының өңі өзгергенмен өңгесі бәз-баяғы қалпында екенін айқын көруге болады. Бәлки, бүгінде Ресейге Колпаковский жазғандай қызметтік хаттар құстай ұшып жатқан шығар.
Ал, мемлекеттік саясаттың өзі ыңғай беріп тұрғанда, дін істері комитеті бұған не істей алсын. Енді, Қазақстандағы орыстың шал-кемпірлерінің таратқан қағаздарынан аулақ болғаннан басқа амал жоқ. Әрине, ұлттық қорғаныштық қабілеті бар адамға ғана ат-тонын ала қашар. Онсызда қазақтығы солқылдап жүргендерге іздегенге - сұраған болар мүмкін.
Маған неғыл дейсіз енді?!
«Абай-ақпарат»