Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2198 0 пікір 21 Ақпан, 2011 сағат 05:21

30 градустық аязға байланысты Астана мен Павлодар мектептерінде сабақ болмайтын болды(толықтырумен)

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ - 30 градустық аязға байланысты дүйсенбіде Астана мен Павлодар мектептерінде сабақ болмайтын болды.

Елорданың анықтама қызметінен хабарлағандай, «29 градустық аязға байланысты 1-9-шы сынып оқушыларына сабақ болмайды».

Синоптиктердің болжамынша дүйсенбі күні Астанада ала бұлтты, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғып, ауа температурасы 19-21°С болды.

Павлодарда да 31 градустық аязға байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Ақмола облысының ТЖД хабарлауынша, дүйсенбі күні Көкшетау, Степногорск және барлық аудандық мектептерде қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды.

«Облыстың 7 ауданында 1-9 сынып оқушыларына, ал 10 ауданда және Көкшетау мен Степногроск  қаласында 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Облыстық ТЖД мәліметтерінше, ең төменгі температура дүйсенбі күні Сандықтау ауданында -39 градус, Көкшетауда таңертең -31 градус болыпты.

Еске салсақ, «Қазгидромет» РМК 17-ші ақпанда таратқан дауылдық ескертуінде, 21-22-ші ақпанда Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа температурасы 30-35 градус аяз болады деп айтылған.

0 пікір