Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2270 0 пікір 22 Ақпан, 2011 сағат 08:29

Премьер парламент бюджетке түзетулерді осы аптада қабылдайды деп үміттенеді

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов парламент бюджетке түзетулерді осы аптада қабылдайды деген үміт білдірді.

«Бәрі жақсы болса, біз осы аптада бюджетті өткізіп, мемлекет басшысына қол қоюға жолдаймыз. Келесі сейсенбіде қажет қаулылардың бәрін қабылдау керек», - деді К. Мәсімов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Сәрсенбі күні премьер парламентте 2010 жыл бойынша есеп беру кезінде депутаттарға «заңды тезірек қабылдау» (2011-2013 жылдарға республикалық бюджет туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар туралы) туралы өтініш жасамақ.

Бұрын хабарланғандай, 21 ақпанда ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары ҚР «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске қабылдады.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қазақстан үкіметі бюджетті 2011 жылы кірістерді арттыру арқылы өзгертті, сондай-ақ, мемлекет басшысының қаңтар айында жасаған жолдауын орындауға бағытталған шығыстарды арттырды.

ЖІӨ өсімі бұған дейін бекітілген 3,1% орнына 5%-ға дейін ұлғайтылды. Инфляция деңгейі - 6-8%. Үстіміздегі жылдың бюджеті (Brent қоспалы) мұнайдың бағасы баррелі үшін 65$ деп алынды. Бюджеттің дефициті ЖІӨ-ге қатысты 2,8% құрайды.

2011 жылға республикалық бюджеттің түсімдері Т4 249,3 млрд көлемінде немесе қазіргі бюджетпен салыстырғанда Т207,9 млрд-қа артық белгіленді.

Республикалық бюджеттің кірістері экономиканың даму қарқынының артуы есебінен Т74,7 млрд-қа,Кеден одағы шеңберінде импорттық кедендік баж салықтарын есептеу механизмінің оң әсерінен Т85,5 млрд-қа; әлемде минералды шикізат бағасының өсуі есебінен Т33,8 млрд-қа; ҚҚС қайтару сомаларын төмендету есебінен Т15,8 млрд-қа; орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттарды нақтылау есебінен Т0,6 млрд-қа арттырылды.

2011 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары Т4 945,1 млрд көлемінде қарастырылып отыр, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда Т301,3 млрд-қа көп.

Шығыстар келесі мақсаттарға бағытталады: білімге (соның ішінде мектеп, балабақша құрылысы) - Т20,5 млрд, денсаулық сақтау саласына (соның ішінде көліктік медицинаны дамытуға) - Т7,1 млрд, халықты жұмыспен қамту жөніндегі жаңа бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға Т40,2 млрд, ауыл шаруашылығын дамытуға Т15,2 млрд, сапалы ауыз сумен қамтуға - Т8,2 млрд, жылжымайтын мүлік нарығын қолдау мен ТКШ-ны модернизациялауға Т75 млрд, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі жаңа бағдарламаға - Т8,8 млрд, «Өнімділік - 2020» бағдарламасына - Т15 млрд, гидротехникалық құрылыстар мен жағалауды бекіту шараларына - Т9,9 млрд, индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасының шараларына Т56,9 млрд теңге.

Биылғы мемлекеттік бюджеттің қаржысы бірқатар аймақтық мәселелерді шешуге де бағытталады. Сондай-ақ, Алматыға Т12,1 млрдбөлінеді. Метрополитенннің 1-ші желісінің 2-ші кезегінің құрылысына Т2,1 млрд, «Әйгерім» ТК, үлестік құрылыс нысандарының магистральді инженерлік желілерін дамытуға Т2млрдбағытталады.

Астанаға Т19,6 млрд, Ақтөбеге - Т5 млрд, Атарыуоблысына - Т4 млрд, Батыс Қазақстан облысына - Т1,2 млрд, Қостанайоблысына - Т1,6 млрд теңгебөлінді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394