Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2713 0 пікір 22 Ақпан, 2011 сағат 08:29

Түркия мен БАӘ әскери компаниялары Қазақстанда БК құрмақшы

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ - Түркияның қорғаныс Aselsan мердігердік және  International Golden Group (БАӘ) компаниялары Қазақстанда бірлескен кәсіпорын (БК) құрмақшы, деп жазады таяушығыстық БАҚ-тар.

Бірлескен кәсіпорын биылғы жылдың бірінші жартысында іске қосылмақшы. Aselsan-да 49% және IGG - 51%.

Кәсіпорын БАӘ мен Парсы шығынағы елдерінің мұқтаждықтарына жұмыс істейтін болады. Кәсіпорынның жұмыс саласының егжей-тегжейі әзірге ашылмай отыр.

Aselsan сондай-ақ Қазақстан үкіметімен БК құру туралы жеке келісімшарт әзірлеп жатқанын мәлім етті. Жаңа БК-дегі Қазақстан үлесі - 50%, Aselsan - 49% және 1% Түркияның қорғаныс өнеркәсібі комитетіне тиесілі болады.

Бұрын хабарланғандай, 17-ші ақпанда «Қазақстан инжиниринг» АҚ басшылығы Aselsan компаниясының басшыларымен кездесу өткізді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Aselsan арасында 2010-шы жылы 27-ші мамырда жоғарғы технологиялар саласының заманауи жетістіктерін пайдаланатын жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті құру туралы меморандумға қол қойылған. Жобаның құны шамамен $40 млн. Жоба зауыт құрылысын салу, оған жоғарғы білікті 100-175 маман алуды қарастырады.

Aselsan 1975-ші жылы құрылған, радар, байланыс жүйесі, көздеу жүйелерін, жаппай хабарландыру құралдарын, авионика мен РЭБ жүйелерін, қос мақсаттағы оптикалық аспаптар, ақпараттық-басқару жүйелерін, қосарланған мақсаттағы зымыран қаруының микроэлектроникасын жасауға мамандандырылған.

IGG Біріккен Араб Әмірлігіндегі қорғаныс қаруын өндіруші болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394