Сенбі, 23 Қараша 2024
3576 1 пікір 9 Шілде, 2018 сағат 12:36

Неміс банктері есепшотында Түркіменстанға тиесілі 23 млрд доллар бар

The Economist журналында жарық көрген мақалада Германия банктерінің есепшотында Түркіменстанға тиесілі 23 миллиард АҚШ доллары бар екені айтылған.

Ұлыбританияның беделді The Economist басылымында "Turkmenezuela: Turkmenistan finds a novel solution to mass emigration" (Түркіменстан халықтың жаппай эмиграциясын тоқтату үшін соны тәсіл ойлап тапты) деген тақырыппен мақала жарық көрді. Онда Түркіменстандағы экономикалық дағдарыс жайында айтылған.

Мақала авторы Германия банктерінің есепшотында Түркіменстан билігіне тиесілі 23 млрд доллардың жатқаны айтылған. Бірақ Халықаралық есеп жөніндегі банктер мәліметінде бұл ақпараттың қайдан алынғаны, нақты қожайындары кімдер, қандай есепшотта сақталғаны жайында айтылмаған.

2016 жылы Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Германияға ресми делегациямен барған. Мұнан бөлек "Түркіменстан хроникасы" басылымы flightradar24.com сайтына сілтеме жасап, маусым айында түркімен президентінің ұшағы Германияға үш рет ұшқанын жазған.

The Economist Германия банктерінде Түркіменстанның миллиардтаған доллары жатқанымен елде экономикалық дағдарыс етек алып тұр деп жазады. Сонымен бірге мемлекеттің халықаралық ақша аударымына, ақша айырбасына шектеу қойғанын да атап өткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364