Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1992 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 11:42

Ермек Назым. Ұлттық сана өспей, мемлекет күшеймейді

Өткен аптада Алматыдағы Президент мұражайында «Аманат» клубының ұйымдастыруымен осы аттас баспасөз конференциясы болып өтті.
Конференция басталмас бұрын Берік Әбдіғалиев жаңадан жарық көрген «Қазақ альманағы» атты журналдың тұсаукесер рәсімін өткізіп, жиналғандарды аталған басылымның алдына қойған мақсат-мұратымен таныстырды.  Ол қазақтың қамын жеген авторларға жорналдан әрқашан да орын әзір екендігіне сендірді. Жаңа басылым екі айда бір рет жарық көреді.

Өткен аптада Алматыдағы Президент мұражайында «Аманат» клубының ұйымдастыруымен осы аттас баспасөз конференциясы болып өтті.
Конференция басталмас бұрын Берік Әбдіғалиев жаңадан жарық көрген «Қазақ альманағы» атты журналдың тұсаукесер рәсімін өткізіп, жиналғандарды аталған басылымның алдына қойған мақсат-мұратымен таныстырды.  Ол қазақтың қамын жеген авторларға жорналдан әрқашан да орын әзір екендігіне сендірді. Жаңа басылым екі айда бір рет жарық көреді.
Конференция осы тұсаукесер рәсімнен кейін басталды. Онда бас баяндаманы белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы, қосымша баяндаманы  саясаткер Айдос  Сарым жасады. Бас баяндамашы өз сөзінде: «Әлемдегі елдердің басым көпшілігі көпұлтты болғандықтан, әр түрлі этностардың басын қосу, мемлекеттің тұтастығын сақтау — оның мәдениеттілігінің басты белгісі. Әр түрлі этностар араласқан тұста олардың бір-бірімен шендесуі, бәсекелестігі, араздығы бірге жүреді. Олардың бір-біріне қарама-қарсы мүдделерін үйлестіру, ойларын бір жерден шығару үлкен саяси шеберлікті, ақыл-парасатты талап етеді. Ұлттың басқа ұлтты қабылдауының астарында психологиялық, мәдени, тарихи астарлар жатады. Ұлт саясаты — барша елдің есінде жүретін маңызды мәселе. Сонау 1991 жылы Одақ шекпенінен шыққан республикалар бірінен кейін бірі өздерінің тәуелсіздігін жариялап, жеке шаңырақ көтеріп шыққан кезде біздің еліміздегі біраз диаспора өкілдері өздерінің тарихи Отандарына оралып, кете алмағандары қазақ жерінде қалып қойды. Сол тұста біраз елдерде жергілікті титулдық ұлт пен орыс диаспорасы арасындағы қарым-қатынас бірінші орынға шықты. Соған орай, қазіргі күні де негізгі ұлт пен диаспора өкілдері арасындағы қарым-қатынас жөнінде қоғамда әр түрлі пікірлер қалыптасып отыр. Біреулер ұлттық саясатпен Қазақстан халықтары Ассамблеясы айналысуы керек десе, екінші біреулер тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық емес, елдік мәселеге көшу керектігін алған тартады. Үшінші пікірге ден қоюшылар қазақты отарланған ел деп танудан бас тартса, төртінші пікірге жүгінетіндер қазақ мәселесін шешудің жолы — ұлт мәселесін мүлде көтермеу дейді. Бір қызығы бізде ұлт мәселесін көтергендер ұлттар арасына жік салып, ұлтаралық араздықты тудырушылар, яки халық бірлігіне қарсылар ретінде қабылданады. Біз көп жылдар бойы диаспоралардың көңіл-күйіне көп мән бердік. БАҚ-тар Қазақстан мамыражай, ұлттар арасындағы достастықтың кілтін тапқан көпэтносты ел деп әбден жалықтырып болды. Қазақстанда ұлтаралық проблема жоқ деушілер қателеседі. Ұлт болған жерде күрделі проблемалар міндетті түрде туындайды. Орыс мәселесін жедел түрде шешіп тастау мүмкін емес,ол өте қиын мәселе. Біздің елдің ұстанған ұлттық саясаты — басқа диаспораларды Қазақстанға бейімдеу. Мен өз студенттеріме славянтілді жастардан сауалнама алуға тапсырма бердім. Сонда байқағаным, сауалға жауап бергендердің көпшілігі Қазақстанның Ресейге қосылуын қолдаса, пір тұтатын саяси тұлға ретінде В.Путинді атаған. Ал, қазақтар әлеуметтік жағынан аз қорғалып, шөлейт аймақтарда тұратындығына наразылық білдірсе, халықтың 63,8 пайызы табиғи байлықтарымыздың шет елдерге кетіп жатқанына иә солардың қолына берілгеніне нәумез. Бізде байырғы ұлт өкілдерінің 80 пайызы мемлекеттік органдарда жұмыс істейді, диаспоралар арасында бұған қарлысар бар. Сұралғандардың көпшілігі ресми  ісқағаздарды жүргізуде аударманың қолданылуына қарсы. Қазіргі уақытта мемлекеттің басты саясаты  қазақ ұлтының көңіл-күйіне бұрылуы тиіс. Өйткені, мемлекет құрушы ұлт әлсіз болса, мемлекет те әлсіз болады. Қазір соңғы санақ бойынша елдегі байырғы ұлт — қазақтың сандық үлесі 67 пайызды құрайды. Соған байланысты қоғамда қазақтың санының басым болуы оны басқаларға күш көрсетуге алып келеді; қазақтың саны өскенмен, санасы өскен жоқ; қазақтың санының өскеніне қуанбау керек, бұл рушылдық пен жүзшілдіктің, жемқорлықтың өсуіне алып келеді; қазақтың саны өссе, орыстар Ресейден көмек сұрауы мүмкін деген пікірлер пайда болды.  Бұған, сірә, РФ президенті Д.Медведевтің Ресей мүддесіне қарсы әрекет еткендерге, қай жерде болғандығына қарамастан, қатаң шара қолданылады деп, сол мәселеге орай арнайы мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойғандығы желеу болса керек. Бұл дегеніңіз — орысқа кім қабақ шытса, сол елге басып кірем деу емес пе? Біз 2030 жылға дейінгі сттратегиялық бағдарламаны мақтаймыз. Бірақ, соның ішінде сол уақытта қазіргі қазақтың келбеті қандай болады деген ой неге жоқ? Бізде басқалардың қабағына қарау, қазақ ұлтының жағдайының нашарлауына көңіл бөлмеу басым. Шындығына келсек, диаспора Назарбаев билігінен кейін не болады деп, Конституцияға сенімсіздікпен қарайды. Конституция ұлтаралық қарым-қатынастың негізі десек, оған сенбеу көп нәрседен хабар берсе керек. Біз бүгін сіздермен осы мәселе төңірегінде ой бөлісуді мақсат тұттық»,— деді. Одан кейін сөз алған А.Сарым қазіргі ұлт саясатының мақсаты мен басымдықтарының белгісіздігіне тоқталып, оның жарнамаға айналып кеткендігіне қынжылыс білдірді. Сондай-ақ, баяндамашы пікірінше, онда демографиялық мәселе, ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіншіліктері қандай, қазақ ұлтшылдығы мәселелері қарастырылмаған. Ал, шындығына келсек, мемлекеттік ұлтшылдық аса қажет. Бүгіндері мемлекет ұсынып отырған идеологиялық тезистер елдің наразылығын тудыруда. Қоғамда ескі және жаңа ұлтшылдар арасында қайшылық бар. Дін мәселесі де назардан тыс қалғандай. Қордаланған мұндай мәселелер аз емес. Сондықтан, оларды шешу үшін жаңа партия не қозғалыс құрылып, аталған мәселелер бойынша қарымды шаралар жүргізуі керек сияқты. Жалпы алғанда, ұлттық саясат тарих, ұлттық сана және ұлт тілі негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұдан кейін пікірталасқа қатысқандар ұлт саясатын кейбіреулердің ұлтаралық келісім мағынасында жаңсақ түсінетіндігін, оның көпкомпонентті ұғым екенін, оған тіл, демография, діл,т.б. жүйелі де кешенді мәселелердің кіретінін алға тартты. Асылбек Қожахметовтың тек Қазақстанда ғана мектептерге ұлттық атаулар берілгендігі туралы пікірі ойландырарлық мәселе. Осылайша атау арқылы мемлекеттің негізін құрап отырған байырғы ұлт — қазақ дипаспора ретінде түсініліп отыр. Қажет болса, ол қазақ ұлттық мектебі деп аталуы тиіс. Пікірсайыста балабақша мен тәрбие, білім, денсаулық сақтау саласы, ұлттық қаіпсіздік, жер мәселесі, демография, т.б. толып жатқан мәселелер де көтерілді. Конференция соңында оны ұйымдастырушылар осындай ұлт үшін аса маңызды мәселелер бойынша басқосуларды жиі-жиі өткізіп тұруға ұсыныс жасап, жиналғандар тарапынан бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.

 


Ермек Назым   
«Қазақстан Заман» газеті 5 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618