Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3185 0 пікір 23 Ақпан, 2011 сағат 08:12

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Павлодар мұнай-химия заводы» АҚ жабылуы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы кейбір ақпарат құралдарында жарияланған «Павлодар мұнай-химия заводы» АҚ (бұдан әрі - ПМХЗ) жабылуы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.

ПМХЗ- ны жабу туралы мәселе «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ешқашан қаралған да, талқыланған да жоқ. Демек, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі басқарушы директоры Д.Тиесовтың қатысуымен 2014 жылдан кейін ПМХЗ-ны жабу туралы кеңес өткізілген жоқ және осы мәселе жөнінде эксперттік комиссия  құрылған жоқ.

ҚР Үкіметінің  № 712 14.05.09. «Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу заводтарын Кешенді дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің   №1072 18.10.10.  «Қазақстан Республикасы 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ секторын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ   ПМХЗ-ны жаңарту  және қайта қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды одан әрі жалғастырылуда.

2011 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ   және Eni компаниясы арасында қол қойылған Келісім шеңберінде ПМХЗ-ны жаңарту жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін жасауды аяқтап, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға көшу жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364