Сенбі, 23 Қараша 2024
3244 3 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 10:03

Алматы көшелерінің біріне Батырхан Шүкеновтың есімін беруді ұсынды

Қазақстанның электронды үкімет порталы 13 шілдеде Алматы қаласының Алатау және Бостандық аудандарында бірқатар көше аттарын өзгерту туралы жобаны қоғам талқылауына шығарды.

Солардың арасында Алатау ықшам ауданындағы Наурыз көшесін әнші әрі сазгер Батырхан Шүкенов есіміне өзгерту ұсынылды.

Алатау шағын ауданы Қазақстанның алғашқы президенті атындағы саябақтың шығыс жағында орналасқан. Қалада 164 көше атын өзгерту туралы жобаны 27 шілдеге дейін талқылауға болады.

Заң жобаларын ашық талдау жөніндегі портал 2016 жылы ашылған. Электронды қолға ие азаматтар сонда жарияланған бастамаларға дауыс бере алады.

Батырхан Шүкенов 2015 жылы сәуірде Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды. Алматы қаласында әншіге көше атын беру туралы ұсыныс үш жылдан бері айтылып келеді.

Биыл мамыр айында музыканттың туған жері - Қызылорда қаласында әнші ескерткіші ашылды.

Наурыз көшесін Шүкенов деп өззерту туралы ұсыныс әкімдіктегі жиналыста биыл 28 сәуірде - әншінің қазасына үш жыл толған күні айтылды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446