Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 11:55

Сәкен Өзбекұлы. Жеті-жарғыға тіл тигізгенің қазақты қорлағаның, Зікірия мырза!

«Қазақстан-ZAMAN» газетіне 2009 жылы 26 ақпанғы санында т.ғ.к Зікірия Жандарбектің «Қазақ тарихының ашылмаған қырлары мен сырлары» атты сұхбаты жарияланды. Сұхбатты басынан аяғына дейін мұқият оқып шығып, автордың көшпелі қазақ өркениетінің құқықтық жүйесі мен құқықтық мәдениетінен хабары жоқ екендігін аңғардым.
Сұхбаттың мазмұнын түгел талдауға уақытым да, зауқым да жоқ. Бірақ, Ұлы даланың аса ірі мемлекет басшысы – ханы, заманының ірі реформаторы дарынды қолбасшы, қазақ елін бір орталықтан басқаратын мемлекет құрған, көзі тірісінде «Әз Тәуке» (діни ұғым бойынша Құдайдың нұры түскен - дана, данышпан адам) атанған, билігін қырғыздар мен қарақалпақтарға да жүргізген, қазақ мемлекетінің құқықтық парламенті – «Билер кеңесін» құрған Әз Тәуке ханға қарсы ешқандай тарихи ақиқатқа сай келмейтін пікірлер айтуын ғылыми тұрғыдан кешіруге болмайды. Тағы да тарихты бұрмалау, қисынсыз, ғылыми негізсіз тұжырым жасау, ақиқаттан алшақ кету Зікірия Жандарбек мырзаның абыройын арттырмайтыны сөзсіз.

«Қазақстан-ZAMAN» газетіне 2009 жылы 26 ақпанғы санында т.ғ.к Зікірия Жандарбектің «Қазақ тарихының ашылмаған қырлары мен сырлары» атты сұхбаты жарияланды. Сұхбатты басынан аяғына дейін мұқият оқып шығып, автордың көшпелі қазақ өркениетінің құқықтық жүйесі мен құқықтық мәдениетінен хабары жоқ екендігін аңғардым.
Сұхбаттың мазмұнын түгел талдауға уақытым да, зауқым да жоқ. Бірақ, Ұлы даланың аса ірі мемлекет басшысы – ханы, заманының ірі реформаторы дарынды қолбасшы, қазақ елін бір орталықтан басқаратын мемлекет құрған, көзі тірісінде «Әз Тәуке» (діни ұғым бойынша Құдайдың нұры түскен - дана, данышпан адам) атанған, билігін қырғыздар мен қарақалпақтарға да жүргізген, қазақ мемлекетінің құқықтық парламенті – «Билер кеңесін» құрған Әз Тәуке ханға қарсы ешқандай тарихи ақиқатқа сай келмейтін пікірлер айтуын ғылыми тұрғыдан кешіруге болмайды. Тағы да тарихты бұрмалау, қисынсыз, ғылыми негізсіз тұжырым жасау, ақиқаттан алшақ кету Зікірия Жандарбек мырзаның абыройын арттырмайтыны сөзсіз.
Автор Әз-Тәуке хан туралы мынандай ақылға симайтын, ғылыми негізсіз пікір білдіреді: «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сырттай қарағанда қазақ қоғамының қажетін өтеуге толық лайықталған заң болып көрінгенмен, Яссауи тариқаты өкілдерінің рухани билік жүйесін ысырған, сөйтіп, дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымдық жүйесін бұзған заң жобасы ретінде тарихта қалды...». «Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін рухани билік Нахшбанди тариқатының өкілдерінің қолына беріліп, қоғамдық қатынастарды реттеу құралы болған «әдеп заңы» әр ру, әр тайпа, жүзден шыққан билердің қолына берілді. Бұл қоғамдағы әділдік принциптерінің бұзылуына әкелді...». «Жеті жарғыда дәстүріл қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған саясаттың жемісі болған бұл жерде мемлекеттік мүдде емес, рулық, тайпалық мүдденің басым болғандығын көруге болады...». «Тәуке хан қабылдаған Жеті-жарғыда дәстүрлі қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған баптардың тікелей ықпалы болғанына тарих куә».
Мынандай тұжырымды оқыған соң Әз-Тәуке хан мен Жеті-жарғы туралы терең мазмұндағы мәлімет беріп, 30-ші жылдардағы Кеңес Үкіметі жүргізген либкезді қайта жандандыруды жөн көрдім.
Біріншіден, көшпелі қазақ қоғамында Нахшбандия тұрмақ, жалпы ислам дінінің таралуының өз ерекшеліктері және қиындықтары болды. Зікірия Жандарбек мырзаның сауатын ашу үшін елімізге танымал, бірнеше зертеушілеріміздің пікірлерін келтірейін:
Шоқан Уалиханов: «Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Біздің бақсыларымыз қырдың көп жерлерінде мәнін жоғалта қойған жоқ».
Менің ұлағатты ұстазым академик С.Зиманов: «Исламская религия имела весьма незначительное распространение в Казахстане горазда меньше чем в среднеазиатских ханствах. Это обьяснялось многими причинеоми. Отдаленность от центре ислама, кочевой образ жизни народа отсутствие... городов».
Көрнекті тарихы Е.Бекмаханов: «Слабое внедерение ислама в казахской степи обьясняется экстенсивно пастибищным кочевым хозейством. Три постоянных перекочевках не давало возможности стройт мечети и медресе».
А.Байтұрсынов: Қазақ шала мұсылман. Билік туралы жазылғанда қазақтың дін істерін. Басқа дүниеуи, яғни, тіршілік істері шариғатқа қарамай, билік қарауында болуы керек».
Орыс зерттеушісі И.Гейер: Сличком поверхностиое знакомство с арабским языком, на котором изложень магаометские молитвы и основание ислама – Коран обуславливаст самое туманное представление верующих в их религозных обязанностях».
Екіншіден, сұхбат авторының «Тәуке хан қабылдаған «Жеті жарғыда» дәстүрлі қазақ қоғамын ыдыратуға бағытталған баптардың тікелей ықпалы болғанына тарих куә» - деген пікіріне керісінше бүкіл қазақ фольклорында қалған деректер, жазба ескерткіштер айқын куә - Тәуке хан ұлы реформатор ретінде бүкіл қазақ даласының территориялық тұтастығы мен бірлігін сақтап, бір орталықтан басқарылатн көшпелі қазақ мемлекетінің классикалық үлгісін жасады. Ал оны құқықтық жағынан қорғау мен реттеумен тиімді қамтамасыз еткен бостандық пен еркіндіктің хартиясы «Жеті жарғы» - жорылған Конституциямыз. Айқап журналы 1913 жылы «Қазаққа алалалықтың алғаш кіруі үш жүзді билеп тұрған Тәуке хан опат болған күннен басталады... үш жүздің басын біріктіріп хан болып тұрған Тәукедей дана хандар өліп, жұрт пайдасын ескермей бір ғана қара басынының қамын ойлайтұғын хандарға жұрт тізгіні тиген соң кірген. Сол алалықтың салдары Әбілхайырды кіші жүздің балаларымен Россия қойнына ... тыққан», - деп нақтылы жазған.
Қазақ хандығы тарихына қалам тартқандардың негізгі дені «хандық» дәуірдің «алтын ғасыры» ретінде Тәуке хан билік құрған кезеңді атайды. Ендеше, Тәуке хан билік жүргізген дәуір несімен ерекшеленеді деген заңды сауалға сол дәуірдің алғышарттарымен жауап беріп көрсек.
XVII ғасырдың екінші жартысында «Қазақ хандығының» ішкі және сыртқы қал-ахуалы сын көтермейтін тым ауыр жағдайда болатын. Ішкі жағдайда ру-тайпалардың жайылымға таласып, бір-бірімен қырқысуы толастамай, билікке деген сұлтандар мен төрелердің сепаратистік іс-әрекеттері өршіп тұрды. Сыртқы жағдайға келер болсақ, хандықтың төрт құбыласы көкпарды бүріп әкетердей анталаған дұшпанға толы болатын. Осындай тығырыққа тірелген тұста Құдай қазаққа Тәукедей қыйыннан жол табатын көреген, қыран мінез, қайсар ұлды берді.  Тәуке хан өз кезегінде Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайында орын алып отырған солқылдақтықты еңсеру жолында қаранарға жүк болардай талай істің басын қайырды.
Тәуке хан Қазақ хандығымен 200 жылдай Сыр бойындағы қалалар үшін арпалысқан Бұқар хандығымен соғысты тоқтатып, олармен жоңғарларға қарсы одақтасуға күш салып бақты. Алатауды мекендеген қырғыздардың Тиес, Қоқым билерімен анда болып, жоңғарларға қарсы күресте қырғыз халқын протекторат жағдайында Қазақ хандығы құрамында ұстап отырды (Шоқан Уалиханоа. Таңдамалы, 1985, Алматы, 252-бет). Амудария мен Сырдарияның сағасын жайлаған Қарақалпақтардың Сасық биін бауырына тартып, қарақалпақ қандастарымызға пана бола білді. Есім хан тұсында (1598-1628) Тәшкентте уалаяатында Тұрсын хан қатаған-жайманы бұра тартып өз алдына хандық құрған  болатын (Я Н. Г. Аполлова. Присоединение Казахстана к Росии. Алматы, 1948, 116). Яғни, XVII-дың басында Орта Азияда қатаған-жайма өз алдына дербес мемлекет болып танылғанды. Тәуке хан шебер дипломатиялық қабілетінің арқасында қатаған-жайманы да Қазақ хандығы құрамына кіргізді.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Матвей Трошихин деген Ресей елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ қосынының айбарын көрсетеді. Келіссөз барысында Тәуке хан: «Түрік сұлтаны мен Қызылбас (Парсы) шахының менен қай жері артық. Олар да мен сияқты ғой» - деп Ресей елшілеріне сөз айтады (Қазақ ССР тарихы. 1 том, Алматы, 1957, 191-бет). Тәуке ханның Ресей империясының елшілеріне айтқан әлгіндей сөзінен Қазақ хандығын Ресей империясынан бір мысқал да кем көрмегені байқалады. 1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің патшаға қарсы жасаған көтерілісі жеңіліске ұшыраған соң, көтерілісшілер қазақ даласына бет бұрып, Еділ мен Жайық арасындағы елге қырғидай тиді. Тәуке хан шұғыл билер кеңесін өткізіп Әбілхайыр сұлтан мен Бөгенбай батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады. Қазақ қолы көтерілісшілерді аз уақыттың ішінде күл-талқан етіп жеңіп, Еділден асыра қуып тастады (Сәкен Өзбекұлы. Көшпенді Қазақ өркениетіндегі құқық. 27-28 бет). 
Тәуке хан заманында Қазақ хандығына  сырттан ең үлкен қауіп шығыстағы Жоңғар мемлекетінен төнген-ді. Тәуке хан Жоңғар мемлекетіне қарсы күресте Қазақ хандығының ішкі әкімшілік, соттық, әскери, құқық салаларына кешенді реформалар жүргізді. Тәуке хан реформасының үлкен жемісі билер кеңесі қабылдаған «Жеті-Жарғы» заңы еді. «Жеті-Жарғы» заңында сол кездегі Қазақ қоғамының барлық ерекшеліктері ескерілді. «Жеті-Жарғы» заңы Қазақ хандығының әкімшілік жүйесіндегі тайпа және ұлыстарға билік жүргізуші сұлтандар мен төрелердің билігін шектеп, қарапайым халықтан шыққан би-батырларды ел басқару ісіне араластырды. Әрбір ру-тайпаның көшіп-қонатын көктеу, жайлау, қыстау, күзеу жайылымдарын белгілеп, трайболистік қақтығыстардың алдын алды. Ұшса құстың қанаты талатын ұлан ғайыр аймақты бір орталықтан басқару үшін, қазақ сахарасын үш қанатқа бөліп, ұлыс бегі сұлтандарды тайдырып, ру-тайпа мен ұлыстар арасындағы дау-дамайды шешуге қара қылды қақ жарған әділ билерді тағайындады. Мемлекеттің ең жоғарғы  заң шығарушы құзіретті органы жыл сайын белгіленген уақытта өтетін құрылтайдағы билер кеңесі болып табылды. Мемлекеттің ішкі жағдайындағы әкімшілік мәселелермен бірге азаматтық, қылмыстық істерді реттеу негіздері және би-батыр, ақын-жыраулардың атқарар қызметіне қарай құқықтық статусы белгіленді. Билер кеңесі шығарған шешім бойынша қазақ әскері ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, түменге бөлініп, тиісті дәрежесіне қарай батырлар жүзбасы, мыңбасы, түменбасы болып тағайындалды. Сонымен қатар, тікелей Тәуке ханға бағынатын шекара аймақтарда күзететін және Хан ордасына мәлімет жеткізіп тұратын барлаушылар қосыны құрылды. Тосын жағдайдағы мәліметтің Хан ордасына шұғыл жетуі үшін әрбір 5-7 шақырым сайын биік төбелер үйіліп, от қойып белгі беру үрдісі қалыптасты. Сондай-ақ, Хан ордасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мың қаралы шамасында төлеңгіттерден арнайы жасақ құрылады.  Соғыс жағдайында Қазақ армиясының бас қолбасшысы міндетін Тәуке ханның  өзі атқарды. Ел қауіпсіздігі үшін өте күрделі жағдайда соғыс дабылы қағылып, ақын-жыраулар сауын айтып, төрт қаруы сай әрбір қазақ жауынгері белгіленген ту астына жиналуы тиіс болатын. Осындай жүйелі әскери тәртіптің негізінде Тәуке хан Жоңғармен болған соғыстарда 80 мың әскерді бір мезгілде жинап үлгеретін [Сәкен Өзбекұлы. Көшпенді Қазақ өркениетіндегі құқық. 22 бет]. 
Тәуке ханның өз дәуірінің алғы шарттарына сай жүргізген реформасы, елдің бірлігі мен тыныштығын ғана қамтамасыз етіп қойған жоқ, сол кездегі Қазақ хандығын бірнеше рет жұтып жіберуге шапшыған Жоңғар аждаһасының меселін қайтарды. Атап айтар болсақ, 1697-1704 жылдары Жоңғар шеріктерінің жасаған жойқын шабуылдарына тойтарыс беріп, Жоңғар тауынан асыра қуып тастады. Жоңғармен болған соғыстардың бәрінде Әз-Тәуке Қазақ қолының басы қасында жүрді.(Сәкен Өзбекұлы. Көшпенді Қазақ өркениетіндегі құқық. 24-25 бет]. Сондықтан да, халық Әз-Тәуке хан дәуірін:
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз – деп, жырлады.
Әз-Тәуке ханның Жеті-жарғы заңы қазаққа не берді? дегенді қысқаша түйіндейтін болсақ. Біріншіден, Әз-Тәукеның Жеті-жарғы реформасы киіз турылықты қазақ пен қырғыз және қарақалпақтың біртұтастығын қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, күнделікті тіршілікте ар-ұят ұғымы басты құндылық болып табылды. «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы», «Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы» деген ұғымдар халықтың қалыпты заңдылығына айналды. Екіншіден, жұртшылық, ағайыншылық, ат майы, қызыл көтеру, асар, қонақжайлық т.б. институттармен молшылықты, байлықты бөліп беруді бекітті. Үшіншіден, ру мүшесі жасаған қылмысқа бүкіл ру болып жауап беру қағидасы енгізілді. Ру – бір организм ретінде қабылданып, оның мүшелері тірі клеткалар болып табылды. Ру мүшесінің әнтек қылығы бүкіл рудың атына кір келтретін ұғым ретінде қарастырылды. Төртіншіден, көшпенділерде өртеп жіберу, денесін мидалап өлтіру, дене мүшелерін кесу, қазыққа отырғызу сияқты жазалардың қолдануына жол берілмеді. Оның орнына құн төлеу нормасы бекітілді. Егер құн төлеушінің шамасы келмесе, ру болып бодау төлейтін. Бесіншіден, экзогамия, яғни, этностың өзін-өзі қан араласуынан сақтап қана қоймай, сонымен қатар қазақ мемлекетінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтап, қамтамасыз еткен күшті және ақылды ұрпақты қалыптастырды.
Сөз соңында айтпағым, Жеті-жарғы заңында дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымдық жүйесін бұзатын, рухани билікті Нахшбанди тариқатының өкілдерінің қолына беріп қоятын, билердің әділетсіздік жасауына итермелейтін бірде-бір құқықтық норма жоқ. Осыған қарағанда, Зікірия мырза Жеті-жарғы заңын зерттеу былай тұрсын, жарғыны қолына алып оқып та көрмеген секілді. Әз-Тәукедей ұлы реформатор ханымыз бен Жеті-жарғыдай Ұлы даланың еркіндік хартиясына тіл тигізуді ғылым кешірмейді һәм бұл қазақты қорлағандық саналады. Сондықтан, Зікірия Жандарбектің Әз-Тәуке мен Жеті-жарғы заңы туралы айтқан пікірлерін мүлде жөнсіз деп білемін.

 

 

Сәкен Өзбекұлы   
«Қазақстан Заман» газеті 30 сәуір 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618