Павлодар облысында «Туберкулезді тоқтатайық!» айлығы басталды
ПАВЛОДАР. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында «Туберкулезді тоқтатайық!» республикалық шарасы аясында туберкулездің алдын алуға арналған айлық басталды,
деп хабарлады облыстық Саламатты өмір салтын ұстану орталығының баспасөз қызметі.
Туберкулездің профилактикасы - 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі.
Павлодар облыстық Туберкулезге қарсы диспансерінің мәліметі бойынша, бұл аурудың аймақта таралуы 2009 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 112,4-тен 98-ге дейін төмендеді. Облыстық көрсеткіштен туберкулезбен ауыру кең таралғаны - Екібастұздың, Павлодардың, Ақсудың ауылдық аймақтары мен Павлодар ауданында болып отыр.
Ауру бойынша көрсеткіштен облыс республика бойынша 9-орында тұр.