Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Жаңалықтар 3843 0 пікір 26 Ақпан, 2011 сағат 08:14

Студенттің тұңғыш кітабы жарық көрді

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Физика-техникалық факультетінің студенті Серікбол Шәймарданның «Өнертапқыш: амал мен әдіс» атты тұңғыш кітабы жарық көрді,деп хабарлады университетттің баспасөз қызметі.

Кітаптың шығуына Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы мен «Алаш» мәдениет және рухани даму институты қолдау көрсетті.

Серікбол Шәймардан - болашағынан көп үміт күттіретін, жаңа заманға сай жетілдірілген бесікті, универсал циркульді ойлап тапқан жас өнертапқыш. Мақалалары республикалық «Тұмар» журналында, «Нұр Астана», «Дала мен қала», «Дидар» газеттеріне жарияланған.

Жас өнертапқыштарға арналған әдістемелік құралда тапқырлық жасаудың амал-тәсілдері қарастырылған. Жаңалық ашудағы ғылыми теориялар топтамасында TRIZ, патент және тапқырлық туралы жан-жақты түсінік берілген.

0 пікір