Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 08:20

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары 5 наурызда жұмысқа кіріседі

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары 5 наурызда жұмысқа кіріседі, деп мәлім етті ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Даан Эвертс.

«Біздің бақылаушылар 5 наурыздан бастап жұмысқа кіріседі», - деді Д. Эвертс сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, оның нақтылауынша, миссиядан бұған дейін айтылғандай, 44 емес, 43 бақылаушы қатысады. Қазақстанда жүрген 15тұрақты бақылаушы және 28 бақылаушы «бірнеше күннен кейін келеді». «Жұма және сенбі күндері оларды топтарға бөлеміз. Құрамында 2 халықаралық ұзақ мерзімді бақылаушы бар 14 топ құрылады. Және сайлауға 5-6 күн қалғанда 400 қысқа мерзімді бақылаушы келеді», - деді миссия басшысы.

Д. Эвертстің айтуынша, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының сайлау бойынша түсініктеме мен ескертулері бар алдын ала есебі «сайлау бітісімен жарияланады». «Сондай-ақ, 2 айдан кейін нақты түсініктемелер, кеңестер мен ескертулері жазылған қорытынды есепті әзірлейміз», - деді Д. Эвертс.

Бұрын хабарланғандай, бүгін ОСК Қазақстандағы президент сайлауының барысын бақылау үшін ЕҚЫҰ ДИАҚ миссиясынан 44 ұзақ мерзімді бақылаушыны тіркеді.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ президенттік сайлауды бақылау жөніндегі басшысы елші Даан Эверт мәлім еткендей, Қазақстандағы президенттік сайлаудың барысын 44 ұзақ мерзімді және 400 қысқа мерзімді бақылаушы бақылайды.

«Астанада сайлау бойынша 14 тұрақты халықаралық маман жұмыс істейді. Олар сайлаудың барысын және БАҚ-тардың сайлау заңнамасын сақтауын бақылайтын болады. Бұдан басқа, 30 аймақтарға жіберіледі. Осылайша, елде ұзақ мерзімді 44 бақылаушы жұмыс істейді», - деді Д. Эверт дүйсенбі күні

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 3 сәуірде өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377